• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 21 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

БИЫЛ КЕПТЕЛІСТІ АЗАЙТАТЫН ҮЛКЕН ЖОЛДАР АШЫЛАТЫН БОЛАДЫ

23.01.2023
in Басты ақпарат
БИЫЛ КЕПТЕЛІСТІ АЗАЙТАТЫН ҮЛКЕН ЖОЛДАР АШЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Шымкент қаласында биыл 9 нысанда жол құрылысы мен қайта құру жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Олардың көпшілігі қаладағы кептеліс мәселесін шешуге елеулі ықпал ететін ірі нысандар. Сонымен қатар жалпы ұзындығы 201.7 шақырымды құрайтын 253 көше орташа жөндеуден өтеді.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.
Жол құрылысы және қайта құру жұмыстары жүргізіліп, 2023 жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін нысандардың қатарында Д.Қонаев даңғылы жалғасының 3-ші кезеңі, А-2 айналма жолының 2-ші, 4-ші кезеңдері, Өтегенов көшесінің жалғасы және Ж.Адырбеков көшесін қайта құру жұмыстары бар. Мұнан бөлек биыл Бәйдібек би – Арғынбеков көшелерінің қиылысында салынып жатқан жолайрықтың 1-ші кезеңінің құрылысы аяқталады. Сонымен қатар шығыс айналма жолының бірінші кезеңі пайдалануға беріліп, Темірлан тас жолының бойында жаяу жүргіншілерге арналған өткел салынады.
Ал, орташа жөндеу жұмыстарына тоқталар болсақ, биыл магистралды және ішкі орамдық 253 көшенің асфальт жабыны жаңарады. Олардың жалпы ұзындығы 201.7 шақырымды құрайды.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының деректері бойынша, өткен 2022 жылы Шымкент қаласындағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 67.4 пайыз болған. Жоғарыда аталған ауқымды жұмыстың нәтижесінде биыл жыл соңында бұл көрсеткіш 71.2 пайызға дейін жақсарады деп жоспарланған.
Айта кетейік, өткен жылы Шымкентте автомобиль жолдары саласында 158 нысанда (287,8 шқ) жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Оның ішінде 3 нысанда құрылыс және қайта жаңарту, тағы 3 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Басқарманың мәлімет бойынша 2022 жылы жалпы ұзындығы 256.3 шақырымды құрайтын 152 нысан орташа жөндеуден өткен. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 122,7 шақырымдық топырақ көшелерге шағал тас төселген.
«Шымкент келбеті»

Оқи отырыңыз...

Қазақстан энергетикасының даму стратегиясы мен инвестиция тарту мәселелері – министр Ақкенженов пен ХВҚ миссиясының кездесуіндегі негізгі тақырыптар

21.05.2025
Жұмыс кездесуі өтті

Жұмыс кездесуі өтті

21.05.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады

Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады

21.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан энергетикасының даму стратегиясы мен инвестиция тарту мәселелері – министр Ақкенженов пен ХВҚ миссиясының кездесуіндегі негізгі тақырыптар

21.05.2025
Жұмыс кездесуі өтті

Жұмыс кездесуі өтті

21.05.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады

Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады

21.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған