• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 29 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«Қазпошта» жаңару кезеңін бастады

23.01.2023
in Басты ақпарат
«Қазпошта» жаңару кезеңін бастады

« Қазпочта » АҚ — кеңестік кезеңнен кейінгі серпінді дамып келе жатқан компаниялардың бірі. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтитын, қалалар мен ауылды аймақтарда пошталық, қаржылық және логистикалық сапалы толық қызметтер көрсететін, Қазақстан Республикасының пошта байланысының ұлттық операторы.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шара өтті

Түркістанда Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шара өтті

27.04.2026
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ — ЖАУАПТЫ МІНДЕТ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ — ЖАУАПТЫ МІНДЕТ

27.04.2026
Шымкентте негізгі практикалық емтиханға дейін дайындықты тексеруге болады

Шымкентте негізгі практикалық емтиханға дейін дайындықты тексеруге болады

27.04.2026

Еліміздегі пошта қызметі саласындағы ең ірі компания – «Қазпошта» АҚ  өзгерістер мен жаңару кезеңін бастан өткеріп жатыр. Қалың қазақтың мол шоғырланған ортасы ауылда пошта және қаржылық қызмет көрсететін жалғыз компания да осы – «Қазпошта». Сондықтан, бұл компанияның әр басқан тұтынушылар назарында болатыны жасырын емес.

«Қазпошта» АҚ — Қазақстанның Ұлттық пошта операторы — ұлттық инфрақұрылымның негізгі элементтерінің бірі болып табылады.  «Қазпошта» АҚ почталық, қаржылық, брокерлік, агенттік, электрондық қызметтердің үлкен спектрін ұсынады. «Қазпошта» АҚ иелігінде Қазақстанның, әсіресе аудандық және ауылдық жер деңгейінде іс жүзінде бүкіл аумағын қамтитын, елдегі ең ауқымды филиалдық желі бар. Пошта желісі бизнес және халық үшін электрондық сауданы, көлік-логистикалық сервисті, қаржылық қызметтерді алға жылжыту үшін тиімді құрал болып табылады. «Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында баршаға қолжетімді қызметтерді көрсете отырып, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жауапкершілікте болады. Қоғамның тұрақты дамуына үлес қосуға деген өз жауапкершілігін түсіне отырып, «Қазпошта» АҚ барлық мүдделі тұлғамен әлеуметтік жағынан жауапты өзара іс-қимыл жасау бойынша міндеттемені қабылдайды. Компания елдің ең шалғайдағы елді мекендерінде қызмет көрсететіні және қалыптасқан жағдайларда почта байланысы бөлімшелері ауылдағы экономикалық белсенділік орталығы ретінде көріне алатыны «Қазпошта» АҚ артықшылығы болып табылады, ол үшін «Қазпошта» АҚ басшылығы бар күш-жігерін салады.

Компанияда жаңғырту және қызметтерді сапалы ұсынуға өту процесі белсенді жүріп жатыр, бұл қызмет көрсетудің жақсаруын ғана емес, пошта желісінің техникалық, операциялық, технологиялық, ақпараттық жаңаруын да білдіреді. «Қазпошта» АҚ үкіметтік бағдарламаларда және «Самұрық-Қазына» АҚ даму жобаларында өзінің қатысуын кеңейтуге бағытталған бастамаларды қолдайды. «Қазпошта» АҚ дамыту мүддесі алға қойылған міндеттерге айрықша жауапкершілікпен қарауды міндеттейтін, ең жоғары мемлекеттік деңгейде көрініс тауып отыр.

Өздеріңіз білетіндей, ауылдық жерлерде «Қазпоштадан» басқа пошталық, курьерлік компаниялар мен банктер қаржылық әрі пошталық қызмет көрсетпейді. Ауыл үшін зейнетақы мен жәрдемақы беретін орталық, газет-журнал жеткізуші, хат-хабар, сәлемдеме жіберу-алуда «Қазпошта» – қала мен ауылды жалғап тұрған көпір.

Пошташылар нарық талабы мен клиенттердің мұқтаждарына тез бейімделуге, ұсынылатын қызметі аясында кеңейтуге мүмкіндік беретін және жұмыс сапасын жақсартатын жаңа технологиялардың артықшылығын сезінді. Мәселен, электронды тасмал мен қағаз бетіне шығарылып тасымалданатын ақпаратты біріктеретін аралас пошта енгізілді. “EMS Kazpost» —  қолма-қол, үйге жедел  жеткізіп берумен айналысады.

Қазіргі таңда  пошта байланысы «Пошта туралы» Заңға сәйкес дамуға бағыт алған. Облыстардағы құрылымдық бөлімшелердің жұмыс тиімділігі өсу үстінде. Пошта бөлімшелерінде өзіңізге қажетті қызмет түрлерінің бәрін аласыз. Осылайша, пошта саласы дәстүрлі қызмет түрлерінен басқа қаржы-валюталық операцияларды жүзеге асырады. Депозит ашу, келісімшарттарды іске асыру, клиент тартуда агенттік қызметтерді ұсыну, жеке және мемлекеттік органдардан салыққа және де басқа төлемдер, жалақы, зейнетақы тәрізді қаржы операциялары осында жүзеге асырылады. Қазіргі таңда зейнеткерлермен қатар бджеттік мекемелер қызметкерлері өз жалақысын картамен алады. Мемлекеттік қолдау есебінен салық түрлерін комиссиясыз қабылдайды. Қазпоштаның кез келген бөлімшесінен 3 банктің кредиттік несиесін рәсімдей аласыз.

Компанияда пошта жіберілімдерін бақылау мүмкіндігіне ие «Post.kz»  сайты бар. Егер сіз онлайн –сауданы таңдасаңыз, онда виртуалдық картаны осы сайтта ресімдеуге мүмкіндік бар. Ол тегін ашылады. Оны интернет арқылы тауарларды қауіпсіз сатып алуға пайдалануға болады. Курьерлік жұмыс та жандана түскен.

Соңғы кездері  газет-журналға жазылу басқа да сәлемдеме жеткізу түрі артқан. Сондықтан да, курьерлік қызмет түрі жанданып отыр. Бұрынғыдай басылымдарды үйге жаздыртып оқитын оқырмандар жоққа тән. Бұған себеп әлеуметтік желілердің өзіндік ықпалы болар деп өзімізше топшыладық.

Қазпошта» АҚ өзінің өнім желісін кеңейтеді және сізге «Пошталық» депозитімен бірге өз жинақтауларыңызды сақтауды және көбейтуді ұсынады!

Шарттары:

Салым сомасы: 1000 теңгеден бастап

Салым мерзімі: 1, 3, 6, 12, 24, 36 ай

Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 14%-ға дейін.

Толықтыру және кемімейтін қалдық сомасына дейін бөлшектеп шешіп алу мүмкіндігі Қазпоштаның кез-келген бөлімшесінде ашуға қолжетімді!Қауіпсіз және тұрақты болашақ — өзініздің қолыңызда! «Пошталық» депозитін ашып, ертеңгі күнге деген сенімділікке ие болыңыз!

Ауыз толтырып айтарлықтай жобаларды  сәтті жүзеге асырып отырған Шымкент қаласының пошта байланысы қызметінің тұрақты клиенттері саны да өсіп келе жатыр. Бұл саладағы қол жеткізген жетістіктердің бәрі де осында қызмет ететін әрбір қызметкердің маңдай тері мен кәсіптік шеберлігінің арқасында  іске асып жатқандығында дау жоқ. Күндіз демей, түн демей, жауын-шашынға қарамай қажетті жерге , өз уақытында пошталық жөнелтімді жеткізіп, сапалы қызмет көрсетіп отырған пошта халыққа сапалы, мінсіз қызметтеріміз толағай табысты болсын!

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА САУДА САЛАСЫНДАҒЫ ТӘРТІП КҮШЕЙТІЛУДЕ

ТҮРКІСТАНДА САУДА САЛАСЫНДАҒЫ ТӘРТІП КҮШЕЙТІЛУДЕ

28.04.2026

28.04.2026
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты

28.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған