Бүгін «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Қауіпсіз қала» акциясы өтті.
🔹Акцияның мақсаты – қауіптілік тудыратын ашық тұрған люктерді бақылау.
🔹Аталған акцияға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының «Білім беру және Денсаулық сақтау» мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы Серкебаев Есенбек Салдарбекұлы, Төтенше жағдай департаментінің маманы және жастар қатысты.
🔹Мониторинг барысында қаладағы Әл-Фараби және Абай аудандарындағы люктерді бақылауға алып, мониторинг жүргізді.
🔹Рейд нәтижесінде кездескен кемшіліктердің барлығы тиісті мекемелерге жіберілетін болады.