• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 12 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Балағат сөздерді қолданғаны үшін жаза нормасы туралы

14.01.2023
in Басты ақпарат
Балағат сөздерді қолданғаны үшін жаза нормасы туралы

ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығының міндетін атқарушы Азамат Құрымбаев балағат сөздерді қолданғандарға қарастырылатын жаза түрлері жайында сұрақтарға жауап берді.

Оқи отырыңыз...

Отырардағы жиын: Арыс пен Отырар кәсіпкерлерінің сабыры сарқылды

11.07.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

11.07.2025
Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025

Соңғы күндері әлеуметтік желіде балағат сөздер үшін жауапкершілік күшейді деген сұрақтар көбейді. Қандай жағдайда балағат сөздер үшін айыппұл салынады?

– Қазақстан заңнамасында балағат сөздер үшін жауапкершілік бұрыннан көзделген.

Мысалы, қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде қорлау – бұл қылмыстық теріс қылық. Оны жасағаны үшін жауапкершілік 100 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде немесе 120 сағатқа дейін түзеу, я болмаса қоғамдық жұмыстар түрінде көзделген.

Бұдан әрі құқық бұзушымен отбасылық-тұрмыстық қатынастарда тұрған адамдарға айқын құрметсіздік білдіретін және қылмыс құрамын қамтымайтын балағат сөздер мен басқа да әрекеттер әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 73-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Жаза сот арқылы ескерту немесе 5 тәулікке дейін қамаққа алу түрінде болуы мүмкін.

Ұсақ бұзақылыққа келетін болсақ, бұл қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиісу, ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды бұзу, ортақ пайдаланылатын орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті бүлдіру және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер түрінде көрінеді. Басқаша айтқанда, ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілік қоғамдық орындарда, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіру, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзып, балағат сөздер айтылған жағдайда ғана туындайды.

Балағат сөздер үшін жауапкершілік қаншалықты күшейді?

– Иә, осы жылдан бастап ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жаза күшейтіледі. Бұл, ең алдымен, қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу мақсатында жасалды. Қазір автобуста біреу балалардың немесе аға буын адамдардың көзінше, яғни қоғамдық орында, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөздер айтқан жағдайда, бұл үшін айыппұл 17 250 теңгені құрайды немесе 10 тәулікке дейін қамауға алынады.

6 наурыздан бастап мұндай әрекеттер үшін 20 АЕК (69 мың тенге түріндегі жаза) айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейін қамауға алу көзделген.

Егер біреу мені жай ғана балағаттады деп айтса, айыппұл салына ма?

– Әрбір өтініш бойынша полиция қызметкерлері дәлелдемелер жинайды. Бұл азаматтардың өтініші, куәгерлердің айғақтары, сондай-ақ құқық бұзушылықтың аудио-, бейнетүсірілімі, қажет болған жағдайда сарапшының қорытындысы болып табылады. Құқықтық бағаны сот береді.

Жеке меншікте орын алған балағаттаулар (үй, көлік) үшін жазалайдыма?

– Атап өткенімдей, бәрі мән-жайларға байланысты. Ұсақ бұзақылық бойынша жауапкершілікке тарту үшін қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіру, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзу міндетті шарт болып табылады.

Әлеуметтік желідегі балағат сөздер үшін қалай айыппұл салады?

Әлеуметтік желілерде балағат сөздер айтқаны үшін, егер бұндай әрекеттер қоғамдық орындарда немесе айналасындағыларға сыйламаушылық танытып, азаматтардың тыныштығын бұзса, бұл ұсақ бұзақылық бабымен қарастырылады.

Қай тілдегі балағат сөздерге айыппұл салынады?

– Жалпы, жоғарыда аталған жағдайлар болған кезде қай тілде болмаса да балағат сөздер айтқаны үшін жауапкершілік туындайды.

ҚР ІІМ баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Отырардағы жиын: Арыс пен Отырар кәсіпкерлерінің сабыры сарқылды

11.07.2025
ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ — ШЫМКЕНТ: ОТ УМНОГО ГОРОДА К ПЕРЕДОВЫМ ТЕХНОЛОГИЯМ БУДУЩЕГО

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ — ШЫМКЕНТ: ОТ УМНОГО ГОРОДА К ПЕРЕДОВЫМ ТЕХНОЛОГИЯМ БУДУЩЕГО

11.07.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

11.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған