Ұстаздық ұлағаты қашанда жоғары бағаланады. Өйткені осы мамандық арқылы әлемге ізгілік нұры таралады. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ТС бойынша ПРЖ кафедрасының доценті, еңбек ардагері Лесбекова Ляззат Жаңбырбаевнаның өмір жолы осындай өнегесімен өрнекті.
Жауапкершілігі мол оқу-ағарту саласына 52 жыл өмірін арнаған Лесбекова Ляззат Жаңбырбаевна 1949 жылы 5 сәуірде Шымкент қаласында қызметкер отбасында дүниеге келді. Кез келген адамның қиялына қанат байлайтын, шарықтатып шырқау көкке самғататын қасиетті бір дүние бар, ол – өскен орта, асыл тек. Әкесі Лесбеков Жаңбырбай Лесбекұлы мен анасы Сәрсенбаева Күлдан Сәрсенбайқызы партия қызметкері болды, ұзақ жылдар басшылық қызметте жұмыс істеген жандар.
Ата-анасының берген тәрбиесінің арқасында ол жастайынан көпшіл, бауырмал, мейірімді, аңғарымпаз, қамқор, талапшыл, табанды әрі әділ болып өседі.
1956 жылы №8 В.И.Ленин атындағы орта мектебіне 1-сыныпқа қабылданып, 1966жылы осы мектептен онжылдықты тәмәмдаған болатын. Мектепте оқып жүрген кездерінде оқушы Ләззат ізденімпаздығымен, алғырлығымен, ұйымдастырушылық қабілетінің жоғарылығымен ерекшеленіп, көзге түсетін. Қоғамдық істерге белсене араласып, үнемі мектеп өмірінің қайнаған ортасында жүрді. Мектепті бітіргеннен кейін Н.Крупская атындағы Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетінің орыс бөліміне оқуға түсіп, орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алып шығады.
Еңбек жолын 1970 жылдан ҚазХТИ-де шетел тілдері кафедрасында оқытушы, 1979 жылдан орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында оқытушы, кейін сол кафедрада аға оқытушы болып бастады.
1999-2006 жылдар филология факультеті орыс тілі мен әдебиетін оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы.Кафедраның арнайы пәндері бойынша: «Мұхтартану», «Қазіргі орыс тілі», «Мәнерлеп оқу», «Орыс тілін оқыту әдістемесі», «Орыс тілін оқыту әдістемесі», «Орыс тілі» пәні бойынша арнайы пәндер бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар, орыс тілінен арнайы курстар, жазда ол облыс аймақтарындағы орыс фольклорлық практика бөлімшесінің филологтары – студенттермен бірге болды.
Филология факультетінің тексеру комиссиясының мүшесі болды.
2006 жылдан бастап қазіргі уақытта Техникалық мамандықтарға арналған практикалық орыс тілі кафедрасында жұмыс істейді.
Оқу-ағарту саласында 52 жыл тер төккен оқытушы Ляззат Жаңбырбаевна өз мамандығының шебері екенін елге таныта білген жан. Ардагер ұстаздың білім саласын дамытуға қосқан өлшеусіз еңбегі үшін алған мақтау, марапат, Алғыс ¬хаттары өз алдына бір төбе. Бірақ адамның адамшылығы марапат қағазымен ғана өлшенбек емес, адамды одан да биік етіп, қосымша көрік беріп тұратын – адами қасиеттері, игілікті істері.
Баланың сана-сезімін, адамгершілік мұраттарын қалыптастыратыны – тәрбиенің ең бірінші рухани міндеті. Рухани-адамгершілік тәрбие барысында әрдайым өз мұраттарын басты нысана етіп ұстау қажет. Себебі, баланың көз қарасы оның күнделікті іс-әрекетімен сәйкес келмесе, олар ойлауға шебер, бірақ іс-әрекетке, қарым-қатынасқа жоқ адамдар болып шығады.
Балалардың бойында жас кезінен бастап ең маңызды адамдық саналарды – адамгершілікті, сүюді, аяушылықты, төзімділікті, имандылықты, әдептілікті, мейірімділікті, адалдықты және басқа да асыл қасиеттерді дамытуымыз қажет. Ұстаздың ең негізгі міндетінің бірі баларға адамгершілік құндылықтардың маңыздылығына ден қоюға үйрету. Бұл мәселеде де Ляззат Жаңбырбаевнаның ұстанған ұстанымы мықты.
– Рухани-адамгершілік туралы айтқанда біз тәрбие салаларын толық қамтимыз. Себебі олар бір-бірімен тығыз байланысты. Тұлғаның өмірге, еңбекке көзқарасын, дүниетанымын қалыптастыруда оқытуды тәрбиелеуді өмірмен байланыстыруда рухани-адамгершілік, яғни, адалдық, кішіпейілдік, ниеттілік, жомарттылық, жауапкершілік т.б. қасиеттерді дамытуға көңіл бөлуіміз керек,- дейді ол.
– Өзімнің ғылыми-педагогикалық даму деңгейімді арттыру үшін үнемі жұмыс жасаймын. Алматыдағы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың 4 айлық біліктілігін арттыру курсына 5 рет бардым.1979 жылы Ташкент қаласындағы республикалық орыс тілі мен әдебиеті педагогикалық институтында біліктілігімді арттырдым. Бұл курстарды сәтті аяқтағаным туралы сертификаттарым бар. Соңғы рет 2008 жылы Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың біліктілігін арттыру курстарына бардым,- дейді бізбен әңгіме арасында.
Елу екі жыл ұрпақты білім нәрімен сусындатып келе жатқан ардақты Ляззат Жаңбырбаевна – педагогикалық қызметінде өз ісіне шын берілген, талап пен тиянақтылықты бірінші орынға қоятын маман.
Ұстаздық еткен барлық жылдары кафедра мен факультет өткізетін студенттердің тәрбиелік іс-шараларына белсене қатысты.1985-1989 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің орыс филологиясы кафедрасында нысаналы сырттай аспирантурасында оқыды. 2005 жылы «Орысша-қазақша сөздіктердегі префикс есімдердің лексикографиялық безендірілуі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
Ұзақ жылдар бойы қабылдау емтихандары кезінде ҚазХТИ-де орыс тілі мен әдебиеті бойынша пәндік комиссияның төрағасы болды.Ол емтихан тапсырды, әңгімелесу жүргізді, ҚазХТИ-ға түсетін талапкерлердің диктанттары мен эсселерін тексерді.
Ұстаздық еткен барлық жылдары ұйымдастыру жұмыстарымен айналысып, университеттің қоғамдық өміріне белсене араласты, академиялық топтардың тұрақты кураторы, аға куратор, кафедраның кәсіподақ ұйымдастырушысы болды.
Тәжірибесі мол, ғылыми білімі, ұйымдастырушылық қабілеті, адалдығы мен имандылығы, жауапкершілігі, әділдігі мен кәсібилігі жоғары Ляззат Жаңбырбаевна кафедраның жемісті жұмысының негізін қалады. Бұл ұлтаралық бірлік пен достықты, рухани келісім мен адамзаттың асыл мұраттарын нығайтуға қосылған үлкен үлес.
Ардагер ұстаздың білім саласын дамытуға қосқан өлшеусіз еңбегі үшін алған мақтау, марапат, Алғыс ¬хаттары өз алдына бір төбе. Бірақ адамның адамшылығы марапат қағазымен ғана өлшенбек емес, адамды одан да биік етіп, қосымша көрік беріп тұратын – адами қасиеттері, игілікті істері. 1990 жылы «Еңбек ардагері» медалімен (No244467, награда No96-VI-34), 2013 жылы — ОҚМУ мерейтойлық медалі, 2014 жылы – «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері», 2015 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалі, 2018 жылы 26 қазан «Еңбек ардагері» медалімен (No0000376), 2021 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған медальмен марапатталды.
Ляззат Жаңбырбаевна бір монография мен 120 ғылыми еңбектің авторы. Ғылыми жұмыстары Халықаралық конференциялар мен симпозиумдардың жинақтарында жарияланады, сонымен қатар жыл сайын авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алады.
Қатаңдық пен мейірім, сабырлылық пен ақкөңілділік, бекзаттық пен адамның қас-қабағына қарау, қызмет пен жеке кеңістік арасындағы қарым-қатынасты тепе-теңдікте ұстау –парасатты адамның қолынан келетін іс. Ұлағатты ұстазбен ұзақ жыл қызметтес болған әріптестері де бұл пікірді жоққа шығармайды.
– Ол кісі өте білімді, тиянақты, өз ісінің шебері, жауапкершілігі мол жан. Мінезі де ашық-жайсаң, көрген-білгенін, ойға түйгенін есіне сақтап, жан-жағындағыларға жеткізіп айта білген білікті маман. Ұжыммен, студенттерменмен бірлесе жұмыс жасай білген шебер ұстаз. Жұмыс бабымен ақыл сұрай барсаң, «шешілмейтін түйін жоқ» деп, байыппен түсіндіріп беруден жалыққан емес,-дейді әріптестері.
Рухани-адамгершілік тәрбие беру ісі ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, оқу-тәрбие үрдісінде жастардың рухани мәдениетін қалыптастыру мен рухани-адамгершілік құндылықтарға баулудың әдістемелік жолдарына негізделеді.
Мақсаты – өркениетті, азаматтық, адамгершілік қасиеті мол, ұлттық құндылықтарын жоғалтпаған, бәсекеге қабілетті, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Қазіргі жастардың білімділігі, еңбекке деген ынтасы, олардың отаншылдығы мен парасаттылығы, толеранттылық қасиеті болашақта ел тағдырын айқындайтыны белгілі. Көпұлттылық жағдайында Қазақстан жастары әртекті ортада жұмыс жасауға дайын, басқа мәдениеттің құндылықтарын құрметтеуге қабілетті болуға тиіс.
Осындай ертеңгі мемлекетіміздің тірегі болар жастарды тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып отырған Ляззат Жаңбырбаевна ұжымның ақылгөйі, қариясы, данагөйі десек қателеспейміз.
Бойындағы бар адамгершілік қабілеті мен білімін, біліктілігін өз мамандығы үшін сарқа жұмсап отырған ұстаздың еңбегін жоғары бағалап, артынан ерген әріптестері – жас буын мен орта буын ұстаздар өздерінің бағдаршамындай бағалап, жинақталған құнды тәжірибені одан әрі өрбіту жолында еңбек етіп жатса, құба құп!
Кейде қолда бар алтынның қадірін кеш түсініп жатамыз. Алдарыңызда осындай алтыннан да салмақты ойы, білімі мен біліктілігі бар жанның сіздердің орталарыңызда жүруінің өзі үлкен бақыт!
Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?!
Әйел адам үшін қызметтік мансаптан басқа, дүниеге ұрпақ әкелу, оны тәрбиелеп жеткізу міндеті және бар. Міне, осындай аса жауапты қызмет пен аналық парызын қатар өтей білген ұстаз-ана 3 қыз тәрбиелеп өсірді. Балаларының білімді, жақсы азамат болып қалыптасуына, тәрбиесіне жолдасы екеуі аса мән берген. Қазіргі таңда қыздары бой жетіп, жоғары білім алып, отбасын құрып, ұрпағын өсіріп, жан-жақта адал қызмет атқарып жүр. Үлкені Меруерт жеке кәсіпкер болса, Ботакөз бен Жәмила банк қызметкерлері.
Әрине, өмірде тындырған әр ісің нәтиже беріп жатса, бұл да өмірдің сыйы емес пе?! «Өз жақсыларымызды өзіміз ұлықтамасақ, өз жайсаңдарымызды өзіміз қызықтамасақ, онда ол өз ырысымызды өзіміз тепкендік, өз тілеуімізді өзіміз кескендік те болар еді» деп Әбіш Кекілбаев айтқандай, жарты ғасырдан аса, яғни 52 жыл бір ұжымда еңбек етіп, абыройға бөленіп отырған Ляззат Жаңбырбаевнаны біз жақсы білеміз, қастерлейміз, құрмет тұтамыз және мақтан етеміз! Ол кісі қандай құрметке де лайық.
Иә, рухани түлеуді өмірінің мағынасы етіп ұстанған, жан-жағына мейірімділік нәрін сеуіп келе жатқан ұлағаты мол ардагер ұстаз Ляззат Жаңбырбаевна сияқты жақсы жандар қай кезде де жүрегімізді жылытып, көңілімізді жайландыратыны сүйінішті.
Гүлжан АЛТЫНБЕКОВА,
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті,
филолоғия ғылымының кандидаты.
Ляззат Жанбирбаевна дәл осы мәтінде айтылғандай білікті,білімді ұстаз.Мен Ляззат Жанбирбаевна секілді ұстазтан білім алып жатқаныма,осындай кісімен таныс болғаныма өте қуаныштымын.5 айдың ішінде өзінің бауырмалдығымен,ашықтығымен,өз жұмысына деген сүйіспеншілігімен барлығымыздың оқуға деген қызығушылығымды арттырған жан.Ол кісі қандай құрметкеде лайық.
Өз ісінің маманы, ұлағатты ұстаз!👍🏻👍🏻
Ляззат Жанбирбаевна дәл осы мәтінде айтылғандай білікті,білімді ұстаз.Мен Ляззат Жанбирбаевна секілді ұстаздан білім алып жатқаныма,осындай кісімен таныс болғаныма өте қуаныштымын.5 айдың ішінде өзінің бауырмалдығымен,ашықтығымен,өз жұмысына деген сүйіспеншілігімен барлығымыздың оқуға деген қызығушылығымды арттырған жан.Ол кісі қандай құрметкеде лайық.
Қ
Өте жақсы, мейірімді, ұлағатты ұстаз!!!
Өз ісінің маманы, ұлағатты ұстаз!
Ляззат Жаңбырбаевна не только замечательный педагог, но и невероятно добрый, терпеливый и бесконечно интересный человек! Мы искренне восхищаемся Вами! Сколько знаний и добра вы нам дарите.Вы лучший педагог в нашем университете. Спасибо Вам от нас.
Ляззат Жаңбырбаевна өте білімді,әділ өте тамаша ұстаз өзі білгеннің барлығын үйретуге тырысады үлгі аларлықтай жан.
Ия, Ляззат апайды жақсы білемін, танимын. Өзім ҚазХТИ -ді бітірдім, студенті болдым. Ләззат апайым өте көп білімді, өз маманның шебері, өте ақылды азаматша. Аса құрмет ол апайға….
Ляззат Жаңбырбаевна бүгінде білімді де, білікті ұстаз, асыл жар, ардақты ана. Адами қабілетімен дараланған өнегілі ісі арқылы ел құрметіне бөлене білді. Қазір де бейнетінің зейнетін көріп, қаншама шәкіртке тәрбие мен білім берген үлкен жүрек иесінің қадір қасиетінің бағасы биік, алар орны төр. Әрқашанда жүзіңізден күлкі кетпей, тәрбиелеп шығарған балаларыңыздың құрметіне бөленіп жүре беріңіз. Ешқашан жаманшылық көрмей тек қуанышты күндеріңіз көп болсын. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін қызметіңіздің тек жемісін көруіңізге тілектеспін!
Осындай аналарымыз аман болсын, ел мақтанышы!
Әмин!
Өте адамгершілігі мол, ашық құрметті, сыйлы еңберқор адам, мықты маман, жүзі жылы, ардақты ана, әже, сізге зор денсаулық балдарыңыдын рахатын көріңіз.
Ләззат апай, ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек етіп келген Сіздің тұлғаңыз алдыңғы қатардан орын алады.
Сіз байыптылығыңыз бен іскерлігіңіз, кәсіби шеберлігіңіз бен жоғары біліктілігіңіз әлдеқашан танымал болған білгір де тәжірибелі мамансыз.
Сізге үлкен құрмет!
Устаз әкеңдей улық демекші Лаззат Жаңбырбаевна біз алғысымызды айтамыз осыншама уақыт бізге білім беріп барымызды асырып келе жатыр балаларының немерелерінің рахатын көріңіз аман болыңыз❤️🤍💜
Ляззат Жанбырбаевна Прекрасный педагог, заботливая мама и чудесная женщина. Она обучила не одно поколение студентов, которые сейчас работают во всех уголках нашей страны, выполняя свою работу достойно как учила их Ляззат Жанбырбаевна. Творческих успехов, терпения в вашем нелёгком труде и долгих счастливых дней!!!
Сүйікті ана, адамгершілігі мол жан Адам, кәсіби маман, Сізге ұзақ өмір, зор денсаулық, балдарыңыздын рахатын көріңіз,
Лесбекова Ляззат Жаңбырбаевна өте тамаша адам.52 жыл омірін оқұ саласына арнады.Өте адал, өте үлгілі мұғалім.Ляззат апайды қасиетті адам деп санаймын,ол әр бір оқұшысына көңіл боліп,өз баласындай қарайды.Өте кең,көңілі ашық адам.Бұндай адамдар өте сирек кездеседі.Ляззат Жаңбырбаевна ерекше адам,жүрегі кең, мейірімді,енбекқор мұғалім.
Өз мамандығын жақсы коріп,шын жүректен жұмыс істеп,балаларға тәрбие беріп,
адамкершілікке,кішіпейілдікке,жауапкершілікке,ұлкендерді сыйлауды үйретеді.
Ляззат Жаңбырбаевна ардагер,шебер ұстаз.Көптеген марапаттар алды.Апайға ұзақ өмір,қажымас қайрат,отбасына бақыт тілеймін.
Өте жақсы, дұрыс жазылған мақала. Ләззат әпкем туралы тағы да көп әдемі сөздер айтуға болады. Жұзі жарқын, таза, ешкім ге жаманшылық жасамайтын дұрыс адам! Өз жұмысын адал атқаратын жоғары білікті маман!!!
Какая замечательная статья о моей апашке Ляззат. Я могу сказать, что она очень ответственный, мудрый, добрый человек. Ее студентам очень повезло получать знания у такого профессионала!👏🏽👏🏽❤️
Моя мама — самый преданный делу преподаватель! Очень преданна своему университету и любит своих студентов! Я благодарна маме за всю доброту, заботу и любовь , которую она дарит нам и другим людям! Восхищаюсь маминым терпением и трудолюбием!
Сіз бақыттысыз, сондай керемет Анаңыз бар!
Побольше бы таких преподавателей, которые всю свою жизнь посвятили обучению молодёжи. Стаж впечатляет. На таких людях страна держится
Лесбекова Ляззат Жанбирбаевна — это лучший педагог ! Профессионал своего дела, чуткая, кладезь знаний♥️
Ее многолетний опыт, мудрость не могут не восхищать. Педагог от Бога, таких встретить большая редкость и удача.
Долгих лет, и благодарных последователей.
Спасибо за вклад в мое будущее, Ляззат Жанбирбаевна!
Отличная статья от Гульжан Алтынбековы, про Лесбекову Ляззат Жаңбырбаевну, преподавателя с большой буквы! Самый лучший преподаватель, грамотный, отзывчивый, добрый, великодушный! Дала столько знаний! Любим и уважаем!
Біздердің бүгінгі болмысымыз қолға қалам ұстатқан осындай ұстаздарымыздың еңбегі. Ұстаз — келер күннің ұстасы, ұрпағымыздың ертең қандай адам болып өсетіні — мұғалімдердің бүгінгі еңбегінің жемісі болмақ. «Ұлттың ұлағаты — мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты — оқу мен әдебиетте», — деген екен Ахмет Байтұрсынұлы.
Ғажайып адам туралы тамаша мақала, еңбек адамды көркейтеді, мұны менің жай ғана ұстазым емес, тәлімгерімнен көрінеді, Ләззат Жаңбырбайқызы 52 жылдық тәжірибесі бар тұлға, таңғажайып факт, тек іске ғана емес, университетке де берілгендік, принциптерді де ұстану таң қалдырады.Қамқорлығыңыз үшін, дана және пайдалы кеңестеріңіз үшін рахмет.
Прекрасная статья о прекрасном человеке, труд облагораживает человека, и это видно по моему не просто учителю, а наставнику, Ляззат Жаңбырбаевна проработала 52 года, удивительный факт, и преданность не только делу, но и университету, приверженность принципам поражает. Спасибо вам за заботу, за мудрые и дельные советы.
Так как Ляззат Жаңбырбаевна является специалистом и учителем русского языка, решил написать и по-русски. Двуязычие всегда в почете. Писал статью в университете на эту тему, под руководством Ляззат Жаңбырбаевны!
В ЮКГУ им М.Ауэзова очень сильный преподавательский состав, профессионалы своего дела, в то же время прекрасные люди. Так приятно читать о Ляззат Жанбырбаевне — маме моей подруги прекрасного человечка Меруерт. Как же Меруерт похожа на маму. Спасибо большое Вам за Вашу дочь, и огромная благодарность за Ваш нелёгкий труд. Горжусь нашими преподавателями, Вы лучшие.
Ляззат Жаңбырбаевна шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздық еткен тұлға. Сондықтан да Ляззат апаймыз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Ляззат Жаңбырбаевна өз ісіне адал,шәкірттеріне ұстаздықпен қоса аналық мейірімін төгіп жүрген жан деп айта аламын.Үнемі әрқайсысымызға жеке көңіл бөліп, тек жаксылыққа үйретті.
Ляззат Жанбирбаевна керемет ұстаз! Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, өнегесі асыл, жаны жомарт, еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаз! Ляззат Жанбирбаевнаға алғысым шексіз.
Замечательная статья о замечательном человеке, Педагоге с большой буквы, заботливой маме и бабушке с большим сердцем! Спасибо, что Вы есть!
Керемет, үлгі тұтарлық азаматша, өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын, мыңдаған білікті мамандар тәрбиелеп шығарған ұлағатты ұстаз!!! Бұл кісіге ұзақ өмір, зор денсаулық тілеймін!
Ляззат Жаңбырбайқызы тәжірибесі мол ұлағатты ұстаз болып табылады. Ляззат апай білім беру мен жастарды тәрбиелеуде, сондай-ақ студенттердің тіл білімін дамытуда үлкен үлес қосуда. Ляззат Жаңбырбайқызына білім беру мен жастарға тәрбие беруді мықты денсаулықпен жалғастыра беруін тілеймін.
Ляззат Жанбирбаевна керемет ұстаз, әрбір студенттің жан-дүниесін түсінетін өте мейірімді жан! Әрқашан өз білетінін үйретуден шаршамайтын, оқуға қызығушылығыңды арттыра білетін тұлға! Бұл кісіге құрметіміз, алғысымыз шексіз! Алла ғұмырын ұзақ етсін!
Ляззат Жанбирбаевна — это лучший педагог !
Мы искренне восхищаемся Вами!
Вы лучший педагог в нашем университете.
Ляззат Жаңбырбаевна қарапайым, ақылды, мейірімді мұғалім. Шәкірттерінің кемшіліктерін тек өздеріне айтып, сырттарынан мақтап жүретін мұғалім. Шәкірттеріне түсіністікпен қарайды.
Ляззат Жаңбырбаевна өте білімді,әділ өте тамаша ұстаз өзі білгеннің барлығын үйретуге тырысады үлгі аларлықтай жан.
Ляззат Жанбирбаевна керемет ұстаз, әрбір студенттің жан-дүниесін түсінетін өте мейірімді жан! Әрқашан өз білетінін үйретуден шаршамайтын, оқуға қызығушылығыңды арттыра білетін тұлға! Бұл кісіге құрметіміз, алғысымыз шексіз! Алла ғұмырын ұзақ етсін!🤍🤍🤍
Ляззат Жанбирбаевна өте білімді ұстаз.Мен Ляззат Жанбирбаевна секілді ұстазтан білім алып жатканыма қуаныштымын. Ол кісі өте жоғары құрметкеде лайық. Сабақты қызықты арі түсиникти қылып өтеді
Ляззат Жаңбырбаевна шәкірттерін білім нәрімен сусындатып тәлім-тәрбие беру жақсы қасиеттерді бойына дарытып, сана сезімін оятып келе жатыр быз Ляззат Жаңбырбаевнаға үлкен алғысымызды білдіреміз 🤍❤️
Ляззат Жанбирбаевна ардагер ұстаз, мықты маман, жылы жүзді, ашық құрметті, сыйлы еңберқор адам . Сізге жұмысыңызға сәттілік, зор денсаулық, отбасыңызға амандық, шығармашылық шабыт және қызметіңізге табыс тілейміз!
Ляззат Жанбырбаевна-өз ісінің маманы!
5 ай ішінде бізге тек сабақ беріп қана қоймай тәлім-тәрбиегеде уйреткен,ашық жарқын көзі ашық өте білімді,ұлағатты ұстаз!Осындай ұлағатты адамның бізге ұстаз болғаны бізге мақтаныш!!!
Әке баланы тәрбиелесе,Ана ұлтты тәрбиелейді.Еңбегіңіз жана берсін,қажымас қайрат пен денсаулық тілеймін❤️
Ляззат Жаңбырбаева білікті, ұлағатты тұлға. Адамгершілігі мол, шыншыл, қадірлі ұстаз. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан»,-деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттің әрбір жетістігінің артында ұлы ұстаздың бір тамшыдай болса да еңбегі бар. Сондықтан Ляззат Жаңбырбаеваның сіңірген еңбегі мол және біздің ол кісіден үйренеріміз көп деп білемін.
Мен ұстазым Ляззат Жамбирбаевнаны кез келген жерде мақтан тұтып айтып және алғыс айтқым келеді .Ляззат Жамбирбаевнаны алғаш көрген кезімде нұрлы жүзі маған жылу силады. Бұл кісі әрдайым бізді өз немересіндей көріп ақылын айтып жүреді.Мен Ляззат Жамбирбаевнаға ұзақ ғұмыр,таусылмас байлық және екі дүние бақытын тілеймін.Сіз ең керемет ұстазсыз ❤
Ляззат Жанбырбаевна-өз ісінің маманы!
Бізге тек сабақ беріп қана қоймай тәлім-тәрбиегеде уйреткен,ашық жарқын көзі ашық өте білімді,ұлағатты ұстаз!Осындай ұлағатты адамның бізге ұстаз болғаны бізге мақтаныш!!!
Әке баланы тәрбиелесе,Ана ұлтты тәрбиелейді.Еңбегіңіз жана берсін,қажымас қайрат пен денсаулық тілеймін❤️
Ляззат Жаңбырбаевна өте білімді, ұлағатты, мықты маман. Әр студентке өз бар білгенін, жақсы қасиеттерді бойымызға дарытып, білім бағдар беруде білікті маман. Осындай салада 52 жыл еңбек сіңірген тұлға,әрқашанда құрметке лайық және де құрметтейміз. Осындай керемет, білікті тұлғадан білім алатынына қуанамын.
Ұстаз – ұлағатты есім. Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. Сол сияқты Ляззат Жаңбырбаевна ұстаз деген атқа ие болып, ұрпақ тәрбиелеп отыр. Ең үздік, ақылды әрі мейірімді Ляззат Жаңбырбаевнаның шәкірті болғаныма қуаныштымын. Ұстазымның өмір жасы ұзық болсын!
Лазат Жанбырбаевна өте жаксы жаны жаидар адам