• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 16 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

11.01.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әкім аппаратының басшылық құрамы мен басқарма басшыларына жаңа тағайындалған аппарат басшысын таныстырды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша және Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімі аппаратының басшысы лауазымына Еркеғали Амантайұлы Әлімқұлов тағайындалды. Бұл қызметті осыған дейін атқарған Әуелхан Елтайұлы Тұрғынбеков зейнетке шығуына байланысты және басқа жұмысына ауысуына орай өз еркімен қызметінен босатылды. Облыс әкімі аппаратының алдында тұрған шешілуі тиіс мәселелерге тоқталған өңір басшысы тағайындалған аппарат басшысына жаңа міндеттер жүктеді.
– Ұзақ жылдар мемлекеттік салада абыройлы қызмет етіп келген Әуелхан Елтайұлына алғысымызды айтып, алдағы істеріне сәттілік тілейміз. Жаңа басшы осыған дейін де облыс әкімі аппараты басшысы болғанын білесіздер, сондықтан оның жинақтаған мол тәжірибесі алдағы жұмысына үлкен көмегі тиетін болады. Осыны ескере отырып, аппараттағы жұмыстарға терең талдау жасап, жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етуді тапсырамын. Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр кеңсесі және өзге де жоғары органдардан келіп түсетін тапсырмалардың, облыс әкімі тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, аудан әкімдері мен облыстық басқармалардың арасында өзара іс-әрекеттестік деңгейін арттыруды тапсырамын, – деді әкім.
Еркеғали Әлімқұлов 1981 жылы 6 маусымда Төлеби ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандықтары: кеден ісі, құқықтану, экономика. Еңбек жолын 2003 жылы жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі аймақтық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру басқармасында жетекші маман ретінде бастаған. ҚР Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінде, Бәсекелестікті қорғау агенттігінде жұмыс істеген. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры, «AMANAT» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары болды. 2022 жылдың мамыр айынан бастап осы күнге дейін Астана қаласы әкімдігінің «Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болып қызметін атқарып келді.

Оқи отырыңыз...

Көлік-логистика саласын цифрландыру бойынша ведомствоаралық жобалық топ құрылды

15.05.2025
Жабдықтар шығындарын өтеу: кәсіпорындар жаңа ынталандыру шарасының артықшылығын пайдаланады

Жабдықтар шығындарын өтеу: кәсіпорындар жаңа ынталандыру шарасының артықшылығын пайдаланады

15.05.2025
ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Көлік-логистика саласын цифрландыру бойынша ведомствоаралық жобалық топ құрылды

15.05.2025
Жабдықтар шығындарын өтеу: кәсіпорындар жаңа ынталандыру шарасының артықшылығын пайдаланады

Жабдықтар шығындарын өтеу: кәсіпорындар жаңа ынталандыру шарасының артықшылығын пайдаланады

15.05.2025
ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған