• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Жұма, 24 Наурыз, 2023
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«MIRAS» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ БИЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫ ТҮРКІСТАНДА БАСТАУ АЛДЫ

09.01.2023
in Басты ақпарат
«MIRAS» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ БИЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫ ТҮРКІСТАНДА БАСТАУ АЛДЫ

«AMANAT» партиясы жанындағы
Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің биылғы алғашқы көшпелі отырысы рухани шаһар Түркістаннан бастау алды.

Оқи отырыңыз...

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

24.03.2023
I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

24.03.2023
🔹 ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА «GASTRO FEST TURKISTAN — 2023» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

🔹 ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА «GASTRO FEST TURKISTAN — 2023» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

23.03.2023

Кеңестің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай алдымен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет сарайындағы “Бабадан қалған мұралар” атты көрмені аралады. Мұнан соң сапардың негізгі бөлігі басталды.

Көшпелі отырысқа өңірлік кеңестің мүшелері, облыстың зиялы қауым және мәдениет өкілдері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, белгілі профессорлар, ҮЕҰ мүшелері қатысты. Сонымен қатар, көршілес Өзбекстан мемлекетінен келген арнайы қонақтар да болды.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Әуелгісі партияның сайлауалды бағдарламасындағы мәдени және зияткерлік қоғам, біртұтас, ұйымшыл ұлт және азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша тармақтардың Түркістан облысында жүзеге асырылуы болса, екіншісі Түркі халықтарының мәдени-рухани ықпалдастығы туралы ойлар ортаға салынды.

Алғашқы сөз саяси ұйымның аймақтық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиевке берілді. Ол өзекті тақырыптарды қозғайтын және ұлы бастамаларға ұйытқы болып отырған кеңес жұмысына сәттілік тіледі. Мұнан соң, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев Жол картасы тармақтарының 2022 жылы орындалуы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Айтуынша, бағдарлама аясында соңғы екі жылда 8 мәдени нысан салынып, пайдалануға берілген. Тозығы жеткен 14 мәдениет нысанға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда қолданыста. Бұл жұмыстар ауылды жерлерде жалғасын табады. Ал өңірлік қоғамдық кеңестің төрайымы Қалыйма Жантөреева былтырғы жылдың нәтижелерімен бөлісті.

— Жұмыс жоспарға сәйкес, облыстық кеңестің 4 отырысы өткізілді. Жалпы есепті мерзімде қоғамдық кеңес тарапынан мемлекеттік мекемелермен басқа да ұйымдарға 41 ұсыныс беріліп, оның 90%-ы орындалды. Депутаттық сауал жолдауымның нәтижесінде Шардара ауданында «Qazaq radiosy» мен «Шалқар» радиосының, Жетісай мен Мақтаарал аудандарында «Qazaq radiosy» жиілігін тарататын радиоқондырғы орнатылды, — деді Қ.Жантөреева.

Отырыс барысында кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Бекжігіт Сердәлі композиторлардың авторлық құқығы қорғалып, шығармашыл тұлғаларға мемлекеттік стипендия немесе грант қарастыру туралы ойын айтты. Ал, Тельман Бейсен өңірдегі тарихи-мәдени мұралар, жәдігерлер, ескерткіштер мен киелі орындарды мемлекеттік қорғау тізіміне алуға ықпал жасайтындай комиссия құрылса деген тілегін жеткізді. Абай Балажан кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, балалардың ынтасын ояту үшін шаралар қабылдану керектігін алға тартты.

Түркістан музыкалық драма театрының директоры Әлімхан Мырзахан да жарыссөзде ой алмасты. Қолдаулардың аясында 2022 жылы «Бөрте» қойылымы бойынша өнер саласындағы тұңғыш «UMAI» Ұлттық сыйлығының жеңімпазы атанғанын ерекше атап өтті. Дегенмен ол мемлекеттік сатылымның театрларға қойылым қоюға бір шама кедергі жасап жатқандығына назар салуды сұрады.

Аталмыш білім қабырғасының ректоры, кеңес мүшесі Жанар Темірбекова түркі халықтарының рухани-мәдени ықпалдастығын арттыруға байланысты жүзеге асқан істер мен жобалар туралы баяндап өтті. Университеттің Түркология-ғылыми зерттеу институтының директоры Булент Байрам жойылуы мүмкін түркі тілдері бойынша жүргізілген зерттеулерге тоқталды.

Өзбек елінің белгілі хореографы, ф.ғ.д Хулкар Хамраева: «Әділетті Қазақстан — 130 ұлт пен ұлысты бауырына басып, оның ішінде өзбек азаматтарына көрсетіліп жатқан қолдау деген ұғымға саяды» деді. Рухани-мәдени қарым-қатынасты нығайтуда «AMANAT» партиясына арқа сүйейтінін білдіріп, сый-сыяпатын тарту етті.

Аманжол Дүйсенбайұлы көшпелі отырыстың рухани шаһарда өткізілуінің маңыздылығын жіктей келе:

— Түркістан — дала данышпандарының ізі қалған, түркі жұртының құты қонған, ғылымымыз, біліміміз және мәдениетіміздің қастерлі қарашаңырағы әрі саяси орталығы. Бүгін зиялы қауым өкілдерінің айшықты ойларын тыңдадық. Проблемалар ашық айтылды. Біз жинақтап, Орталық деңгейде шешуге үлесімізді қосамыз. Кеңестің басты мақсаты да осында. Ұсыныстарыңызды алдағы уақытта көтеремін. Өңірді әрі қарай дамытуға күш салу бәріміздің ортақ міндетіміз, — деген А.Әлтай жиынды қорытындылады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

#AMANAT

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

24.03.2023
I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

24.03.2023
🔹 ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА «GASTRO FEST TURKISTAN — 2023» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

🔹 ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА «GASTRO FEST TURKISTAN — 2023» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

23.03.2023
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

Are you sure want to unlock this post?
Unlock left : 0
Are you sure want to cancel subscription?