• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Сәрсенбі, 22 Наурыз, 2023
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

«AMANAT» партиясы екібастұздық мыңнан астам балаға шипажайларда демалыс ұйымдастырды

09.01.2023
in Без рубрики
«AMANAT» партиясы екібастұздық мыңнан астам балаға шипажайларда демалыс ұйымдастырды

«AMANAT» партиясының мүшелері екібастұздық 1 мыңнан астам балаға демалыс ұйымдастырды. Оқушылар қысқы демалысты Семей және Алматы қалаларының және Алматы, Түркістан, Павлодар және Ақмола облыстарының шипажайларында өткізеді.
⠀
Екібастұздағы төтенше жағдай кезінде «AMANAT» партиясының волонтерлері мен белсенділері алғашқы күннен бастап қала тұрғындарына гуманитарлық көмек таратуға атсалысқаны белгілі. Тұрғындарға жылытқыштар, жылы көрпелер, қажетті заттар таратылды. Екібастұздықтарға көрсетілетін көмек мұнымен шектелген жоқ. Мәселен, партиялық уәделерді орындау мақсатында аманаттықтар балаларға қысқы каникул кезінде демалыс ұйымдастырды. Ал осы кезде Екібастұздағы зардап шеккен пәтерлерде жөндеу жұмысы жүргізілуде.
⠀
Екібастұздық балаларды шипажайларға жіберу жұмысымен тікелей «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалы айналысады. Филиал төрағасы Илья Теренченко ауқымды дайындық жұмысы жүргізілгенін атап өтті. Яғни, ата-аналардың рұқсаты жиналып, партия аппараты қызметкерлерінің, мектеп мұғалімдері мен медицина саласы мамандарының қатарынан балалармен бірге еріп жүретін азаматтар дайындалды.
⠀
«Екібастұздық 1 мыңға жуық бала ел аумағындағы шипажайларға демалуға аттанды. Ең бастысы – балаларға жақсы көңіл-күй сыйлап, олардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жаңа жыл жағымды оқиғалардан басталып жатқаны қуантады. Балалар Қазақстанның жаңа қалаларын аралап, құрбы-құрдастарымен танысып, денсаулығын нығайта алады», – деді ол.
⠀
Ата-аналардың пікірінше, балалар ең бастысы – қысқы демалысты тиімді өткізіп, жаңа оқу тоқсанына күш-қуат жинап қайтады.
⠀
«Екі қызым Ақмола облысындағы «Парус» лагеріне барады. Осындай тамаша іс-шараға демеушілік жасап, жолдама ұсынған, демалыстың қызықты да тартымды бағдарламасын қарастырған «AMANAT» партиясына ерекше алғысымды білдіремін. Волонтерлермен бірге мен де көрпелер, жылытқыштар таратқан болатынмын. Екібастұздықтарға көмек көрсету жұмысы жалғасып жатқанына қуаныштымын», – деді Екібастұз қаласының тұрғыны Ирина Шабалдина.
⠀
Осылайша, Түркістан облысындағы Төлеби ауданында орналасқан «Бәйшешек» демалыс орнына бүгінде 50 бала келіп үлгерді. Соның бірі, Әмина Керімқұлова есімді 8 сынып оқушысы Түркістандағы тарихи орындарды аралауға асығып отыр.
⠀
«Пойызда бір-бірімізбен танысып, түрлі ойын ойнадық. Бұған дейін Түркістанға ата-әжеммен бірге келген едім. Түркістан өзінің кесенелерімен, түрлі мұражайларымен танымал екенін жақсы білемін. Бірақ ол кезде өте кішкентай болдым. Көп дүние есімде қалмады. Сондықтан бұл жолы танымдық әрі белсенді демалысты біріктіре алатыныма ризамын», – деді ол.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 18 БАЛАНЫ ҚАМҚОРЛЫҒЫНА АЛҒАН АНА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 18 БАЛАНЫ ҚАМҚОРЛЫҒЫНА АЛҒАН АНА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

19.03.2023
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

27.01.2023
ШЫМКЕНТТЕГІ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТІКЕЛЕЙ ҚАДАҒАЛАУЫНДА

ШЫМКЕНТТЕГІ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТІКЕЛЕЙ ҚАДАҒАЛАУЫНДА

10.01.2023
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРОФОРУМДА 257 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРОФОРУМДА 257 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

20.03.2023
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУ КҮНІ 86 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУ КҮНІ 86 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

19.03.2023
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС

19.03.2023
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

Are you sure want to unlock this post?
Unlock left : 0
Are you sure want to cancel subscription?