• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 8 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТАЗАРТУ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ҚОСЫМША ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

06.01.2023
in Басты ақпарат
ТАЗАРТУ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ҚОСЫМША ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласында кәріз жүйесінің су тазалау қондырғысының қуатталығын арттыру бойынша қосымша жаңа нысанның құрылысы басталды. Қаланың солтүстік-батыс аумағында салынатын нысанның жалпы ауданы – 4,2 га. Бас мердігер – «Сарыағаш-Аман» ЖШС. Жаңа қондырғы қосымша тәулігіне 50 мың текше метр су тазартып, жалпы шаһарда су тазарту жағдайы 200 мың текше метрге жетеді.

Оқи отырыңыз...

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025
Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

02.07.2025

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жаңа құрылысты бастап беріп, маңызды жобаның мүмкіндігімен танысты. Қазіргі таңда шаһарда ӘІО, «Шымкент сити» шағынауданында, қаланың солтүстік бөлігінде көпқабатты үйлер құрылысы қарқын алған. Жаңа елдімекендер қосылып, жеке секторлар құрылып жатыр. Осыған орай халықты кәріз жүйесімен қамтып, халыққа қолайлы жағдай жасау басты назарда тұр.
Қала әкімі кәріз жүйесімен қамту, су тазарту құрылғыларының әлеуетін арттыру мәселесі кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.
– Шаһарда кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 60 пайызға жетті. Қаланың алдағы дамуын ескеріп, «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-мен бірлесе алдын ала жаңа тазарту құрылғысын бастап отырмыз. Жаңа жоба мемлекеттік бағдарламаға енгізілді. Қаржының 50 пайызы мемлекет тарапынан бөлінсе, жартысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің несие қаржысы есебінен тартылды. Құрылысты 2024 жылы аяқтап, нысанды іске қосу жоспарланып отыр. Жалпы елдімекендер мен шағынаудандарды кәрізбен қамтуды 2025 жылға дейін 75 пайызға жеткізу жоспарда, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Жаңа жобаға тапсырыс беруші «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-нің бас директоры Анарбек Орманның айтуынша, жобаның жалпы құны – 3,6 млрд теңге. Аталған мекеме көп жылдан бері Польша елімен әріптестік байланысын арттырып келеді. Осыдан он жыл алдын 100 мың текше метр суды тазарту жобасына қол жеткізді. Қаланың кеңеюіне байланысты үш жыл алдын бұл көрсеткіш 50 мың текше метрге ұлғайды. Енді міне, тазалау үдерісінің қуаттылығын одан әрі арттыру міндеті тұр.
– Қазір тәулігіне 150 мың текше метр су тазартып отырмыз. Осы жоба арқылы бұл көрсеткішті 200 мың текше метрге жеткіземіз. Сонымен қатар, біз кәріз қалдықтарынан бигоаз алып, одан электр энергиясын өндіреміз. Осында пайдаланып жатқан электр энергиясының 95 пайызын өзімізде өндіру мүмкіндігі бар. Қосымша жаңа нысанның құрылысына қала әкімдігі қолдау көрсетті. Енді құрылысты 1,5 жылда аяқтаймыз деген жоспар бар, – дейді компанияның бас директоры.

Жалпы қалада кәріз мәселесі қаланың жаңа Бас жоспарына сәйкес толыққанды шешіледі. Алда 350 мың текше метр қуаттылығы бар тазалау қондырғысын салу да жоспарда бар. Ол жоба іске асса, халық 100 пайыз кәріз жүйесімен қамтылмақ.
Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында желілер мен қуаттардың тозуын кем дегенде 15 пайызға азайтуға тапсырма берген еді. Шаһарда бұл бағытта да тиісті жұмыстар жүргізілуде.

«Шымкент келбеті»

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

САУРАНДЫҚТАР ТҮРКИЯДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

САУРАНДЫҚТАР ТҮРКИЯДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

07.07.2025
ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

06.07.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

06.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған