• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 18 июля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ОТАНҒА ОПАСЫЗДЫҚ ЕТКЕНІҢ, ӨЗ ТҮБІҢЕ ӨЗІҢ ЖЕТКЕНІҢ

05.01.2023
in Басты ақпарат
ОТАНҒА ОПАСЫЗДЫҚ ЕТКЕНІҢ, ӨЗ ТҮБІҢЕ ӨЗІҢ ЖЕТКЕНІҢ

Бүгін ҚР Парламентінің Мәжілісінде Қаңтар оқиғасы бойынша арнайы тыңдау тікелей эфирде өтті. Онда Бас прокурор мен құқық қорғау органдары басшылары есеп берді.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және мектепке дейінгі білім беру мәселелері талқыланды

Түркістанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және мектепке дейінгі білім беру мәселелері талқыланды

17.07.2026
ТҮРКІСТАНДАҒЫ WOOSONG UNIVERSITY УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДАҒЫ WOOSONG UNIVERSITY УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

17.07.2026
ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

16.07.2026

Өткен жыл еліміз үшін оңай басталмады. Елімізде орын алған «Қасіретті қаңтар» оқиғасы Тәуелсіздіктің 30 жылдық тарихында болған ең ауыр оқиға болды. Тек 5 қаңтарды алсақ, бір күн ішінде еліміздің 8 өңірінде облыс орталықтары мен ірі қалалардың әкімдіктеріне шабуыл жасалды. Бұл күні тәртіпсіздікке қатысушылар Алматы әкімдігінің ғимаратына кіріп, Президенттің Алматыдағы резиденциясына барды, Атырау және Қызылорда облыстарының әкімдіктеріне шабуыл жасады, Талдықорған, Ақтөбе, Тараз және Семей қалаларының әкімдіктері мен Алматы халықаралық әуежайын басып алды.

Сондай-ақ, Алматыда 5 қаңтар күні түстен кейін орын алған тәртіпсіздіктер одан да өрши түсті, шабуылдардың ұйымдастырылған сипаты айқын көрінді. Қала бойынша 3 полиция басқармасына жасалған шабуылдардан басқа, қылмыскерлер қару-жарақ дүкендеріне шабуыл жасап, нәтижесінде 1 440 бірлік қару ұрланды (оның ішінде 539 бірлік – мылтық, 813 бірлік – тегіс ұңғылы, 88 бірлік – жарақаттаушы қару). Бұл қару бірден АББ және ПД жасалған жаңа шабуылдар барысында қолданылды.

«Қаңтар оқиғасы бүкіл елді дүр сілкіндіріп, бәрімізге үлкен сын болды. Бүгінде қолымызда толық мәліметтер бар. Тергеу органдары оқиға хронологиясын, негізгі ұйымдастырушыларды анықтады. Олардың ішінде жоғары лауазымды адамдар мен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері де болды. Барлық қаза болғандардың кім екенін, олардың қайтыс болу себептерін зерттедік. Қару-жарақты іздеу жалғасуда. Қылмыскерлерді жауапқа тартудамыз. Олардың ішінде қызмет мүддесінде опасыздық жасап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегендер де бар. Азаптау бойынша істерді аяқтап жатырмыз», — деді Берік Асылов Мәжілістің бүгінгі отырысында.

Қаңтар қасіреті қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Осы оқиғалардан соң Президент бастамасымен бірден елде іргелі реформалар жүргізу қолға алынды. Әйтпесе, мемлекетіміздің саяси жүйесінің тоқырауға ұшырауы әбден мүмкін еді. 30 жылға жуық уақыт бойы жемқорлық, монополия мен олигополия билеп-төстеген елде бірден әділдік, ашықтық пен демократиялық орнату мүмкін емес әрине. Қаңтар оқиғасы – еліміз үшін үлкен қасірет. Бұл күн – баршамыз үшін өте ауыр күн. Көк аспанда желбіреген көк туымыз бұдан кейін ешқашан төмен түсірілмесін, көк байрағымыз мәңгілік желбіреп тұрсын!

Мәлік ДӘУЛЕТОВ,
«Түркістан Медиа» ЖШС директоры

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПІКІРІНШЕ, ЖИ ЭКОНОМИКА, САУДА ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН, ТОЛЫҚҚАНДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАР САЛАҒА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ДАМЫТУДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫНА ТОҚТАЛДЫ

17.07.2026
ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПІКІРІНШЕ, ЖИ ЭКОНОМИКА, САУДА ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН, ТОЛЫҚҚАНДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАР САЛАҒА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПІКІРІНШЕ, ЖИ ЭКОНОМИКА, САУДА ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН, ТОЛЫҚҚАНДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАР САЛАҒА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

17.07.2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

17.07.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған