• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Сәрсенбі, 22 Наурыз, 2023
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ ҮШІН АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР ЖАСАЛЫНАДЫ

30.12.2022
in Басты ақпарат
ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ ҮШІН АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР ЖАСАЛЫНАДЫ

Халықтың табысын арттырып, тұрмысын жақсарту үшін Түркістан облысында жүйелі жұмыстар жалғасатын болады. Осы мақсатта халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыруға, оларға жеңілдетілген несиелер мен субсидиялар беру қарастырылуда. Ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық беріледі. Еңбек ресурстарын жетілдіру, өңдеуші кәсіпорындардың өнімділігін арттыру және кәсіпкерлікті дамыту арқылы табыстың өсу мүмкіндіктерін кеңейту жұмыстарын қамтиды. Жаңа жұмыс орындарын — өндірістік кластер құру, шағын және орта бизнес саласын қаржылай қолдау жоспарланып отыр. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиналыста талқыланды.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРОФОРУМДА 257 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРОФОРУМДА 257 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

20.03.2023
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУ КҮНІ 86 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУ КҮНІ 86 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

19.03.2023
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС

19.03.2023

«Turkistan» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Ф.Байдуллаев пен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар басқармасының басшысы Ә.Темірбаева халықтың табысын арттыру мақсатында көзделген негізгі бағыттарға тоқталды. 2019 жылдан бері жұмыссыздық деңгейі республикамен салыстырғанда 0,3% артқан. Кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтар саны 2017 жылмен салыстырғанда 3,2% артқан. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар басқармасының мәліметінше, халықтың осал тобына жататын азаматтар саны облыстың оңтүстік аудандарында басым болуда. 2023 жылы «Кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жобаның» еңбек бағыты бойынша 35,6 млрд.теңге қаржы қаралып, 35,2 мың азаматты жұмыспен қамту шараларына жолдау жоспарлануда.
— Бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі халықтың табысын көтеріп, тұрмысын жақсарту болып отыр. Бұл мәселе Мемлекет басшысының ұдайы бақылауында. Біз облысымызда осы мақсатқа қол жеткізудің жолдарын, тетігін анықтадық. Өңірде 2 миллионнан 200 мыңнан астам адам тұрады, оның 80 пайыздан астамы, яғни басым бөлігі ауылда шоғырланған. Ол біздің үлкен мүмкіншілігіміз. Себебі, әрбір ауылдық аула шын мәнінде – табыс көзі. Егістік жерлерді арттырып, халыққа мүмкіндік беру керек. Қосалқы шаруашылықтарға бағытталған мемлекеттік саясатты қалыптастыра отырып, саланы дамытуға бет бұлған жөн. Осылайша ауыл шаруашылығы өнімін еселеп көтеру, қайта өңдеуді дамыту, импортты алмастыру, азық-түлік бағасын төмендету, жұмыссыздықпен тиімді күресу, әлеуметтік көмекке жүгінушілердің санын азайту, жалпы ауылдың әл-ауқатын көтеруге жол ашылған болар еді, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Ауыл халқын қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырып, халықты жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін пилоттық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының м.а Н.Мырзахметовтің баяндауынша, республикалық бюджеттен 11 млрд. теңге қаржы бөлініп, жылдық пайыздық мөлшері 2,5 %, несие берілмек.

Бұл бағытта 6 негізгі саланы дамыту көзделген. Атап айтқанда, отбасылық сүт фермалары құру, мал бордақылау алаңдарын құру, отбасылық жұмыртқа, құс еті бағытындағы фермаларды құру, балық шаруашылығын дамыту, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіру, егін шаруашылығын (ауыл шаруашылығы техникасы, жылыжай, құлпынай, таңқурай, гүл, лимон, жүзім) дамыту. Бұл өз кезегінде, жеке қосалқы шаруашылықтарға көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігін артырып (жем-шөппен қамтамасыз ету, ветеринариялық іс-шаралар, техника қызметтері, өнім өткізу, ұлғайтылған субсидия алу т.б.), алынатын өнім көлемі мен табысты артыруға мүмкіндік береді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРОФОРУМДА 257 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРОФОРУМДА 257 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

20.03.2023
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУ КҮНІ 86 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУ КҮНІ 86 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

19.03.2023
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС

19.03.2023
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

Are you sure want to unlock this post?
Unlock left : 0
Are you sure want to cancel subscription?