• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 17 июля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 600 БАЛАҒА ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТЫ МЕН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ СЫЙЛЫҚТАРЫ ТАПСЫРЫЛДЫ

30.12.2022
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 600 БАЛАҒА ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТЫ МЕН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ СЫЙЛЫҚТАРЫ ТАПСЫРЫЛДЫ

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Түркістан облысындағы 600-ге жуық балаға ҚР Президентінің құттықтау хаты мен мерекелік сыйлықтары тапсырылды. Төлеби ауданындағы балалар үйі мен оңалту орталығына және аудандық ауруханаға барған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев тәрбиеленушілер мен емделуші балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Олармен жүздесіп, мерекелік лебізін білдіріп, Президенттің құттықтау хаты мен сыйлықтарын ұсынды.
– Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Армандарыңыз орындала берсін. Денсаулық, амандық, отбасыларыңа береке тілеймін, – деген Бейсен Дәулетұлы балалармен пікір алмасып, сыйлықтарын тапсырды.
Облыс әкімінің орынбасары алдымен Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілерімен кездесті. Одан кейін Төлеби аудандық ауруханасындағы 40-тан астам балаға сыйлық тапсырды. Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «№4 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сінде де болды. Бүгінгі таңда 55 қызмет алушы тіркелген орталықта Жаңа жылдық шырша мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Мұнда да Қазақстан Республикасы Президенті атынан балаларға планшеттер табыстады. Балалар өз кезегінде ән шырқап, би билеп, өнерлерін көрсетті.
Жалпы, Жаңа жыл мерекесіне орай облыстағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 3 білім беру ұйымдарындағы 140 балаға, әлеуметтік мекемедегі 55 балаға және облыстағы 25 аудандық, қалалық балалар ауруханаларында ем қабылдаушы 400 балаға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Жаңа жылдық мерекелік сыйлықтар берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және мектепке дейінгі білім беру мәселелері талқыланды

Түркістанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және мектепке дейінгі білім беру мәселелері талқыланды

17.07.2026
ТҮРКІСТАНДАҒЫ WOOSONG UNIVERSITY УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДАҒЫ WOOSONG UNIVERSITY УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

17.07.2026
ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

16.07.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПІКІРІНШЕ, ЖИ ЭКОНОМИКА, САУДА ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН, ТОЛЫҚҚАНДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАР САЛАҒА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ДАМЫТУДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫНА ТОҚТАЛДЫ

17.07.2026
ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПІКІРІНШЕ, ЖИ ЭКОНОМИКА, САУДА ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН, ТОЛЫҚҚАНДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАР САЛАҒА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПІКІРІНШЕ, ЖИ ЭКОНОМИКА, САУДА ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН, ТОЛЫҚҚАНДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАР САЛАҒА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

17.07.2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

17.07.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған