• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 6 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ҚАРАЛЫ ҚАҢТАР ҚҰРБАНДАРЫНА МЫҢ ТАҒЗЫМ

25.12.2022
in Басты ақпарат
ҚАРАЛЫ ҚАҢТАР ҚҰРБАНДАРЫНА МЫҢ ТАҒЗЫМ

Күні кеше Алматыда қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалы ашылды. Салтанатты рәсімге президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сол қаралы күндері қаза тапқан марқұмдарды еске алды.

Оқи отырыңыз...

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025
Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

02.07.2025

Қаңтар қасіреті мен сол кезде өмірі қиылған азаматтар жадымызда мәңгі сақталады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда «Тағзым» мемориалының ашылуында осылай деді. Ескерткіш қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған. Президент қасіретті күндер бәріміз үшін үлкен сабақ болғанын айтты. Елдің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау перзенттік парызымыз екенін еске салды.
Рас, қаралы қаңтардан бері бір жылға жуық уақыт өтті. Сол елең-алаң шақта Алматыдағы дәл осы орталық алаң жұртты дүр сілкіндірген дүрбелеңнің ошағына айналған еді. Ресми дерек бойынша, бұл оқиға кезінде 200-ден астам адам көз жұмды. Біреу арқа сүйер азаматынан, біреу бауыр еті баласынан айырылып, көптеген отбасы қара жамылды. Ел тарихындағы сын сәті — халық жадында. Енді сол оқиғаға байланысты қаланың дәл ортасынан «Тағзым» мемориалы бой көтерді.
— Қираған дүниені қалпына келтіруге болады. Бірақ, үзілген өмір қайта жалғанбайды.Мұндай оқиға ешқашан қайталанбауы үшін біз қолдан келгеннің бәрін жаап отырмыз. Еліміздің амандығын, жеріміздің бүтіндігін қорғау – бәріміздің перзенттік парызымыз. Тұрақтылық пен татулық болса ғана, осы міндетті ойдағыдай орындай аламыз, — деді Президент.
Аталған кешеннің мағынасы терең, мән-маңызы зор. Үш бөліктен тұрады. Сұр тұғырлар қазақ елінің сан ғасырлық қилы кезеңін бейнелейді. Қара тастар қаңтар қайғысының көрінісі. Ал ақ дегеніміз халқымыздың жарқын болашаққа деген үкілі үміті. Ақын-жазушылар мен ғұламалардың елдік пен ерлік жайлы сөздері қашалып жазылған.
– Сөз жоқ, қаңтар қасіреті халқымыздың жүрегіне өшпес жара салды. Бұл күндер ел тарихындағы үлкен сынақ ретінде халқымыздың жадында сақталады. Мен сол үшін арнайы ескерткіш орнатуды тапсырдым.Біз бұл кешенді қаңтарда қаза болған отандастарымыздың рухына тағзым ретінде тұрғыздық. Сондай-ақ, оны кейінгі ұрпаққа тағылым болсын деп орнаттық. Мен осы мемориалдың бой көтеруіне атсалысқан сәулетшілерге ризашылық білдіремін, — деді Қазақстан Республикасының Президенті.
Ынтымақ пен бірлік болмаса, басқа жетістіктің бәрі бекер. «Жау жоқ деме, жар астында» деген сөздің мәнін де жете түсіндік деді мемлекет басшысы. Сұрлы әрі қара кезең артта. Алдымыз ақ жол деген үміт басым. Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ, бірлік қана екенін ұмытпайық.

Айдар Сейдәзім,
ақын, журналист, ҚР Жазушылар Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

05.07.2025
Түркістан қаласының коммуналдық қызметтері жаңа арнайы техникалармен толықты

Түркістан қаласының коммуналдық қызметтері жаңа арнайы техникалармен толықты

04.07.2025
ТҮРКІСТАНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ  ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ МЕН ДОМБЫРА ТАРТУ ЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ МЕН ДОМБЫРА ТАРТУ ЕТІЛДІ

04.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған