• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 4 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҮЗДІК ЖАСТАР ПРЕМИЯСЫ» ТАБЫС ЕТІЛДІ

14.12.2022
in Без рубрики
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҮЗДІК ЖАСТАР ПРЕМИЯСЫ» ТАБЫС ЕТІЛДІ

Бүгін Түркістан қаласында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпағы – Жыл көшбасшылары» атты іс-шара өтті. Шара аясында облыстағы әр саланың жыл үздіктері анықталып, «Түркістан жастар премиясы» байқауының марапаттау кеші өтті.

Оқи отырыңыз...

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ПРОАКТИВТІ ТҮРДЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ПРОАКТИВТІ ТҮРДЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

03.07.2025
ТҮРКІСТАНДА АЭРАЦИЯ ӘДІСІМЕН КҮНІНЕ 2 РЕТ ЖОЛДАРДЫ СУАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАНДА АЭРАЦИЯ ӘДІСІМЕН КҮНІНЕ 2 РЕТ ЖОЛДАРДЫ СУАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

27.06.2025
КЛУБ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

КЛУБ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

26.06.2025

Аталған байқау облыстағы жастар саясатын жүзеге асыру және мемлекеттік жастар саясатының дамуына, елдің саяси және қоғамдық өміріне белсене араласып, белсенділігімен топ жарған жастарды анықтау және марапаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Салтанатты шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев «Түркістан жастар премиясы» иегерлерін құттықтап, марапаттады.

«Тәуелсіздік алған жылдан бастап мемлекет тарапынан жастарға үнемі қолдау көрсетіліп келе жатқанын білесіздер. Өңірімізде мәдениет, әдебиет, спорт, өнер сынды түрлі салада талмай еңбектеніп, елдің ықыласына бөленіп жүрген жастар көп. Талантымен танылған шын шеберлер үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Алда санаулы күндерден кейін облыстың алғашқы бес жылдығы өтеді. Түркістан облысы басқа өңірлерге қарағанда адам ресурстарының капиталы бойынша көш басында тұр. Соның ішінде, әсіресе, жастар аз емес. Президентіміздің бастамасына орай қазір жастардың жас ерекшілігі 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Оның игілігін жастардың барлығы көреді деп ойлаймын. Біздің облысымыздағы жастар саны 700 мыңға артып отыр. Бұл дегеніміз орасан зор күш, қазірде біздің жастарымыз көптеген салаларда көшбасшы болып келеді», — деді Бейсенбай Дәулетұлы.

Сонымен, «Үздік Жастар ресурстық орталығы КММ-і» аталымы бойынша Сарыағаш ауданы және Төлеби аудандық Жастар ресурстық орталығы марапатталды. Ал, «Үздік Жастар ресурстық орталығы КММ-нің маманы» номинациясын қазығұрттық Ақтөре Қайрат иеленді. «Үздік жас мұғалім» номинациясына шардаралық Мақсат Пірімбет, «Үздік жас дәрігер» номинациясына қазығұрттық Айсара Рахманберді лайық деп танылды.

Сондай-ақ, «Үздік жас волонтер» аталымы бойынша түркістандық Гүлім Қалдаяқ, «Үздік жас спортшы» аталымы бойынша шардаралық Қыдырғали Оңғарбаев, «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» аталымы бойынша түркістандық Гүлзия Қарсыбай марапатталса, «Үздік жас кәсіпкер» номинациясын арыстық Үсен Арыстан иемденді. Сол секілді «Үздік жас актер» номинациясы кентаулық Ақ-Сұлтан Әнуарбекке, «Үздік жас көшбасшы» номинациясы арыстық Аружан Шекербекке, «Үздік жас гид» номинациясы отырарлық Жанболат Әбжаппарға бұйырды. «Үздік жайдарманшы» болып төлебилік Береке Набиханұлы танылса, «Үздік шығармашылық ұжым» номинациясын Түркістан музыкалық-драма театрының балет әртістері және «Бейбіт өмір батыры» номинациясын қазығұрттық Мейрамбек Рысбек иеленді.

Бұдан бөлек, облыстық бұқаралық ақпарат өкілдері арасындағы аталымдар бойынша бәйдібектік Ұлан Абзалұлы «Үздік жас фототілші» марапатын алса, «Үздік жас тілші» болып сарыағаштық Халима Тәжиева танылды. Ал, жоғары оқу орнының «Үздік студенті» номинациясына сайрамдық Атабек Әлібекұлы, орта арнаулы оқу орнының «Үздік студенті» номинациясына ордабасылық Саят Ерлан, «Үздік оқушы» номинациясына түлкібастық Александра Демус, Үздік «Өзін-өзі басқару ұйымы» номинациясына Түлкібастағы А.Асқаров атындағы жалпы орта мектебі ие болды. Осы тұста жастар сыйлығына әр аталым бойынша 100 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық тағайындалғанын айта кеткен жөн.

Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

03.07.2025
Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған