• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Жексенбі, 2 Сәуір, 2023
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

08.12.2022
in Басты ақпарат
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздары анықталды.Байқау жыл сайын «өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар, халыққа арналған үздік тауарлар, үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша өтеді. Әр номинацияда үш жеңімпаз анықталады.
Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен сапа саласында жетістіктерге жеткен кәсіпкерлер қатысты. Түркістан облысынан бес кәсіпорын жүлделі болды. Лауреаттарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марапаттады.

Оқи отырыңыз...

600-ГЕ ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ СУБСИДИЯСЫН АЛҒАН

600-ГЕ ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ СУБСИДИЯСЫН АЛҒАН

31.03.2023
ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

31.03.2023
ШАРУАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ

ШАРУАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ

31.03.2023

ҚР Президенінің «Алтын сапа» сыйлығын «Бөрте Милка» ЖШС азық-түлік және ауылшаруашылық өнімдерін шығаратын ең үздік кәсіпорындар номинациясын жеңіп алды.

«Бізде сүт фермасы бар, сүт өнімдерін шығарумен айналысамыз. Өндірісті 2016 жылдан бері жүргізіп келеміз. Дайын өнімді Түркістан облысы және Шымкент қаласына таратамыз. Мұндай байқаулар ірі кәсіпорындар үшін стимул, бұдан да үлкен жетістіктерге жетуге, жұмыс істеуге талпыныс береді. Бұл республикалық деңгейдегі байқау болғандықтан марапатқа ие болу көптеген кәсіпорынға болашаққа жол деп айтуға болады. Байқауға биыл екінші рет қатысып жатырмыз. Былтыр «Бизнес Кемелділік» номинациясын алдық. Міне, «Алтын сапа» сыйлығын алдық. Өте қуаныштымыз», – деп бөлісті «Бөрте Милка» ЖШС бас директоры Бөкейхан Әбішев.

Қазақстан Президенінің «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауы және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының марапаттау рәсімі аясында «Iскер», «Бизнес кемелділік», «АруАна» бизнесте тану» сыйлықтарының жеңімпаздары, сонымен қатар Qazaqstan Project Management Awards – 2022 – сапа саласында ТМД сыйлығының номинанттары марапатталды.

«Іскер» сыйлығы» Мемлекет басшысының «Алтын сапа» сыйлығын алуға үміткер және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысқан әрі саласында жетістікке жеткен таңдаулы кәсіпорындарға тағайындалады.

2022 жылы «Іскер» арнайы сыйлығын 10 компания еншіледі, соның бірі Түркістан облысынан «Хамит» ӘКК (балық және балық өнімдерін өндіру);

«Хабибулла-ата» жеке кәсіпкерлігінің жиһаздары халыққа арналған ең үздік тауарлар болып танылды.

«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында сүт өңдеу және сүт өнімдерін шығарушы «AYKAN» ЖШС топ жарды.

«Парыз» сйылығының Алтын белгісімен ірі бизнес арасында «Үздік ұжымдық шарт» номинациясында «Кентау Трансформатор Зауыты» АҚ марапатталды.

«Қатысушыларды шын жүректен құттықтаймын, өңіріміздің дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан кәсіпкерлер  жүлделі болғаны қуантады, биылғы жылы бес жүлдені иемдендік, жылдан жылға түркістанадық кәсіпорындар республикалық конкурстардың жеңімпаздары және беделді марапаттардың иегерлері атанып келеді, біз осы жылы да брендтеріміздің ең жоғары деңгейге лайықты түрде ұсынылғанын мақтан тұтамыз»,- деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

600-ГЕ ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ СУБСИДИЯСЫН АЛҒАН

600-ГЕ ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ СУБСИДИЯСЫН АЛҒАН

31.03.2023
ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

31.03.2023
ШАРУАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ

ШАРУАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ

31.03.2023
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

Are you sure want to unlock this post?
Unlock left : 0
Are you sure want to cancel subscription?