• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Сәрсенбі, 22 Наурыз, 2023
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Сайлау-2022

ПАРТИЯЛЫҚ ЕМЕС БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 22 МЫҢНАН АСТАМ БАЙҚАУШЫСЫ САЙЛАУҒА ҚАТЫСАДЫ

18.11.2022
in Сайлау-2022
ПАРТИЯЛЫҚ ЕМЕС БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 22 МЫҢНАН АСТАМ БАЙҚАУШЫСЫ САЙЛАУҒА ҚАТЫСАДЫ

20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына Партиялық емес байқау орталығының 22 мыңнан астам байқаушысы қатысады.Байқаушылардың басты міндеті – сайлау кезінде азаматтардың өз еркін білдіру бостандығының бұзылуына жол бермеу.

Оқи отырыңыз...

САЙЛАУ — ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН САЯСИ НАУҚАН

В ШЫМКЕНТЕ ГОЛОСУЮТ ОБЩЕСТВЕННЫЕ ДЕЯТЕЛИ

19.03.2023
САЙЛАУ — ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН САЯСИ НАУҚАН

САЙЛАУ — ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН САЯСИ НАУҚАН

19.03.2023
ШЫМКЕНТТЕ 100-ГЕ КЕЛГЕН КЕЙУАНА ДАУЫС БЕРДІ

100-ЛЕТНЯЯ ЖИТЕЛЬНИЦА ШЫМКЕНТА СДЕЛАЛА СВОЙ ВЫБОР

19.03.2023

«Еліміздің барлық өңірінде 22 мыңнан астам адамды қамтитын байқаушылар пулын құрдық. Орталық пен аймақтық филиалдар байқаушыларды толық қамтыған 300-ге жуық оқу іс-шараларын өткізді. Оқу процесінде сайлау заңнамасының негіздеріне ерекше көңіл бөлінеді. Байқаушылардың құқықтары мен міндеттері қарастырылып, сайлау учаскелерінде болған заң бұзушылықтарды жою және даулы мәселелерді шешу шаралары түсіндірілді», — деді Партиялық емес бақылау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол орталықтың байқаушылары заңнаманың барлық талаптарының сақталуын және 19 қарашада тыныштық күнін қадағалайтынын атап өтті. Бұл күні кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынады.

«Бүгін сағат 00.00-де кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары аяқталады. Ол өзінің жоғары тиімділігімен ерекшеленді. Сайлау штабтары қысқа мерзімде ауқымды ақпараттық жұмысты қолға алды. Өз кезегінде БАҚ барлық кандидаттарға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етті. Сарапшылардың айтуынша, тұрғындармен кездесулер жоғары деңгейде ұйымдастырылды, ел азаматтары сайлауға қатысуға дайындалған. Барлық үдеріс заңнаманы бұзбай, нақты, үйлесімді өтті», — деді Т. Күнәділов.

Айтуынша, орталықпен серіктестікте 141 ҮЕҰ жұмыс істейді, олар байқаушыларды даярлау мен оқытуға жәрдемдесіп отыр.

«Барлық байқаушылар әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілген, атап айтқанда, байқаушының жұмыс блокноты әзірленді, онда сайлау процесінің барлық ерекшеліктері ескеріліп, бұзушылықтар туындаған жағдайда байқау және тіркеу үшін қажетті ақпаратпен қамтылды. Сонымен қатар, байқаушылар үшін жаднамалар, сайлау туралы заңнамадан үзінділер, сайлау барысын бақылау ережелері, байқаушылардың міндеттері мен жауапкершілігі және басқа да материалдар дайындалды», — деді Т. Күнәділов.

Сонымен қатар, ол президенттікке кандидаттардың штаб басшыларымен және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) Қазақстандағы сайлауды бақылау жөніндегі миссиясының халықаралық бақылаушыларымен кездесулер туралы хабарлады.

«Кездесулерде біз орталықтың сайлауды қоғамдық бақылауға қатысуының мақсаттары мен міндеттерін айттық, сондай-ақ азаматтардың ерік бостандығын бұзуға жол бермеу туралы өз ұстанымымызды білдірдік», — деп нақтылады спикер.

Сонымен қатар, Партиялық емес байқау орталығының өкілдері бірқатар сайлау учаскелеріне барып, олардың дауыс беруге дайындығымен танысты.Орталық басшысы хабарлағандай, 20 қарашада сайлау күні байқаушылар әр учаскеде оның ашылуынан бастап, дауыстарды санау аяқталғанға дейін болады.Әрбір байқаушыға барлық алынған мәліметтер мен анықталған бұзушылықтарды тіркейтін арнайы жұмыс блокноты берілді.

Байқау қорытындысы бойынша блокноттар талдау жүргізу және байқау барысы туралы анық қорытынды ақпаратты дайындау үшін Орталықтың штабтарына беріледі.Дауыс беру күні бойы байқау процесі мен байқаушылардың қызметін үйлестіру үшін жедел республикалық және өңірлік штабтар жұмыс істейді.Байқаушылар берген деректер бойынша учаскелердегі жағдайды Партиялық емес байқау орталығы әлеуметтік желілерде жариялайды.Бақылау нәтижелерін Орталық 21 қарашада жариялауды жоспарлап отыр.

«Байқаушы болу – елеулі жүктеме және үлкен жауапкершілік. Еліміз үшін осы жауапты сәтте біздің басты мақсатымыз – сайлау барысында заңдылықтың сақталуына және дауыстарды санауға қоғамдық бақылау жүргізуге атсалысу екенін еске салғым келеді», — деп толықтырды Төлеген Күнәділов.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРОФОРУМДА 257 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРОФОРУМДА 257 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

20.03.2023
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУ КҮНІ 86 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУ КҮНІ 86 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

19.03.2023
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС

19.03.2023
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

Are you sure want to unlock this post?
Unlock left : 0
Are you sure want to cancel subscription?