• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 12 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Сайлау-2022

Шетелдік дипломаттар Қазақстан Президентінің сайлауына дайындық барысымен танысты

16.11.2022
in Сайлау-2022
Шетелдік дипломаттар Қазақстан Президентінің сайлауына дайындық барысымен танысты

Сыртқы істер министрлігі мен Орталық сайлау комиссиясы елімізде аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы сайлауына арналған бірлескен брифинг өткізді. Жиында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жаһандық геосаяси сын-қатерлерді ескере отырып, алдағы кезектен тыс сайлау Қазақстан үшін ғана маңызды емес екенін атап өтті. Өйткені, қазір тұрақты және өркендеп келе жатқан Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың мүдделеріне айтарлықтай дәрежеде жауап береді.
«Еліміз кең ауқымды жаһандық ынтымақтастыққа, сауда мен дипломатияға жәрдемдесуге ұмтылады», — деп қосты сыртқы саяси ведомствоның басшысы.
«Бұл жол Қазақстан үшін тарихи болып табылады. Сондықтан біз президенттік және парламенттік сайлауда сайлаушылардың жоғары қатысуына үміттенеміз. Біздің азаматтар ұлтымыздың болашағын анықтауда шешуші рөл атқаруы керек», — деді М.Тілеуберді.
Оның пайымынша, тәуелсіздіктің барлық жылдары Қазақстан халқы тұрақты, гүлденген және инклюзивті қоғам құру үшін жұмыс істеді. Біздің демократиялық құқығымызды жалпыхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асыру осы уақытқа дейін қол жеткізген жетістіктерімізді нығайтуға көмектеседі және одан әрі ілгерілеуге негіз болады.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров президенттік сайлауды өткізуге дайындық барысы және оның негізгі рәсімдік аспектілері туралы айтып берді.
«Орталық сайлау комиссиясы өз жұмысын заңға қатаң сәйкес жүргізеді, ашықтық пен жария диалог қағидаттарында әрекет етеді. Ағымдағы сайлау науқаны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» қолданыстағы Конституциялық заңның негізінде өтіп жатқанын атап өту маңызды», — деді Н. Әбдіров.
Оның айтуынша, ел бойынша сайлауда барлығы 10 101 учаске жұмыс істейді, ал сайлаушылар тізіміне 11 950 485 азамат кіреді. Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға қажетті жағдайлар жасауға ерекше назар аударады.
«Халықаралық байқаушыларды аккредиттеу кеше, 14 қарашада аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы жанынан барлығы 641 байқаушы аккредиттелген, оның ішінде ЕҚЫҰ ДИАҚБ, ТМД, ТМД ПАА, ҰҚШҰ ПА, Түркі мемлекеттері ұйымы, ТүркПА, ШЫҰ, ИЫҰ байқаушылар миссияларының өкілдері, сондай-ақ 35 шет мемлекеттің өкілдері бар», — деп атап өтті ОСК төрағасы.
Н.Әбдіров дипкорпусқа президенттік сайлауды байқауға қатысуға ниет білдіргені үшін алғысын білдіріп, ОСК дауыс беру рәсімдерінің барынша ашықтығын, айқындығын және демократиялығын қамтамасыз ететініне сендірді.
Шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшылары Орталық сайлау комиссиясы төрағасының алдағы дауыс беруді ұйымдастыруға және сайлауды байқау процесіне қатысты көптеген сұрақтарына толық жауап алды.
Брифингке Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық миссияларының әрі ЕҚЫҰ ДИАҚБ және ТМД-дан Қазақстандағы сайлауды байқау жөніндегі миссияларының басшылары да қатысты.

Оқи отырыңыз...

САЙЛАУ — ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН САЯСИ НАУҚАН

В ШЫМКЕНТЕ ГОЛОСУЮТ ОБЩЕСТВЕННЫЕ ДЕЯТЕЛИ

19.03.2023
САЙЛАУ — ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН САЯСИ НАУҚАН

САЙЛАУ — ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН САЯСИ НАУҚАН

19.03.2023
ШЫМКЕНТТЕ 100-ГЕ КЕЛГЕН КЕЙУАНА ДАУЫС БЕРДІ

100-ЛЕТНЯЯ ЖИТЕЛЬНИЦА ШЫМКЕНТА СДЕЛАЛА СВОЙ ВЫБОР

19.03.2023
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

12.05.2025
Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған