• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 13 января, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТА ЖИЫН ӨТТІ

11.11.2022
in Басты ақпарат
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТА ЖИЫН ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі «Тассай» индустриалды аймағындағы кәсіпорындардың ұжымдарымен кездесті. Атап айтқанда, жиын «Казинжиринг» ЖШС, «Мега смарт» ЖШС және «Казтехниказ» ЖШС, «M Group KZ» ЖШС қызметкерлерімен өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты — өңірдегі бизнес-қоғамдастығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын түсіндіру, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
Департамент өкілі Жазира Әлжанова бизнесті қорғау жөніндегі шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына енгізілгенін түсіндірді.
Сонымен қатар, кездесулер барысында әрбір өңір үшін әзірленген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасынан хабардар етіп, онда қаладағы білім, денсаулық сақтау, жер қатынастары, әлеуметтік қамтамасыз ету, құрылыс, тұрғын үй және тағы да басқа салалар енгізілгендігін айтты. Басты критерий — нәтижелер өңірдің азаматтары мен кәсіпкерлері үшін маңызды және пайдалы болуы тиіс екендігін жеткізді.
Сондай-ақ, іс-шара барысында мемлекеттік сатып алудағы мәселелер талқыланды.
Жиындарда қатысушылар жемқорлықпен бірлесе күресуге шақырылып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу қағидалары таныстырылды.
Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда әрбір азаматтың белсенділігі қажеттігін айтты.

Оқи отырыңыз...

Кәсіпкер құқығы іс жүзінде қорғалды: 2025 жылы 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бизнеске қайтарылды

Кәсіпкер құқығы іс жүзінде қорғалды: 2025 жылы 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бизнеске қайтарылды

08.01.2026
Шымкентте жаңа туған сәбилерге қойылған ең ерекше есімдер аталып, демографиялық статистикамен бөлісті

Шымкентте жаңа туған сәбилерге қойылған ең ерекше есімдер аталып, демографиялық статистикамен бөлісті

05.01.2026
Жаңа жылдан бастап Шымкенттегі кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгереді

Жаңа жылдан бастап Шымкенттегі кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгереді

30.12.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР – ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР – ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

13.01.2026
Алқабиге кандидаттарға қойылатын талаптар, олардың құқықтары мен міндеттері

Алқабиге кандидаттарға қойылатын талаптар, олардың құқықтары мен міндеттері

12.01.2026
ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

09.01.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған