Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ ғимаратында жас білімгерлермен еркін форматта кездесу өткіздік. Басқосу сұрақ-жауап форматында өтті. Жиында ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жұлдыз Сүлейменова студенттердің толғандырған сауалдарына жауап беріп, ұсыныстарын да тыңдады. Білім ордасының ректоры Дария Пернешқызы университеттің тыныс-тіршілігі жайлы мағлұмат берді.
📌Өз кезегімде ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасына тоқталдым. Дәлірегі, мемлекет басшысы жоғары білім мен тартымдылығын арттыру мақсатында ең алдымен студенттердің шәкіртақы мөлшерін ұлғайту қажеттігіне баса назар аударып отыр. Сонымен қатар, студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін қолдау және ынталандыру мақсатында әлемдік цифрлық кітапханаларға тегін қол жеткізу мүмкіндігі қарастырылатын болмақ. Бұл дегеніміз, ғылыми ізденістегі кез келген білімгер үшін әлемдік оқулықтар мен зерттеу жұмыстарына еш қиындықсыз қол жеткізе алады деген сөз. Бүгінгі таңда ең өзекті сұрақтардың бірі студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы оң шешімін табады. Студенттік жатақханаларда орын тапшылығы проблемасын жою мақсатында мемлекет пен бизнестің ынтымақтастығы қарастырылады.
✅Мұнан кейін мәжіліс депутаты Жұлдыз Досбергенқызы «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында болып, штаб жұмысымен танысты. Шымкент қаласы бойынша сайлаушылардың саны 637 401 азаматты құрайды.
🖊️Қазіргі таңда 96 азаматтан тұратын қоғамдық штаб құрылды. Шымкент қаласындағы 312 сайлау учаскесіне 929 «AMANAT» партиясының мүшелері сенімді өкілдері және байқаушылары болып белгіленіп, арнайы тексерістен өтіп, тізімі жасақталды.
#Toqaev2022