• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 21 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Аймақ

ТҮРКІСТАНДА «ҚОҚЫССЫЗ ТАЗА ТАБИҒАТ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

08.10.2022
in Аймақ, Денсаулық
ТҮРКІСТАНДА «ҚОҚЫССЫЗ ТАЗА ТАБИҒАТ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін Мемлекет басшысы жариялаған «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық акциясына орай Түркістан қаласында экологиялық сенбілік өтті.
Акцияға бірқатар мекеме ұжымдары, қоғамдық ұйымдар өкілдері, белсенді жастар және еріктілер қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты.
Сенбілікке қатысушылар “Жеңіс саябағы” мен шаһардың бірқатар көшелеріне тазалық жұмыстарын жүргізді.
Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығы КММ басшысының орынбасары Ернар Бектаев акцияның мақсаты қоршаған орта мен өз айналамызды таза ұстап, табиғаттың ластануына жол бермеу екенін айтады.
— Бүгінде Түркістан қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында игілікті істер жүзеге асуда. Қала аумағында саябақтар мен аллеялардың көлемі артып, 495 гектарға жетті, арық-атыздар қалпына келтіріліп, газондар көптеп егілуде. Оған қоса қала аумағында көгалдандырудың жаңа технологияларын қолдану нәтижесінде, көшеттердің өнімділігі артып, газондардың жақсы өніп дамуына қол жеткізілді. Қаладағы жеке сектордағы және көпқабатты тұрғын үйлердің 90%-дан астамы табиғи газға қосылған, — дейді ол.
Сондай-ақ акция шеңберінде Табиғи ресурстар және табиғат пайдалуды реттеу басқармасы және басқармаға қарасты Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі мемлекеттік мекемесінің ұжымы сенбілікке белсене атсалысты.
Жауапты мамандардың мәлімдеуінше, қазіргі таңда «Казгидромет»-тің мәліметіне сәйкес, Түркістан қаласында атмосфералық ауаның ластануы 65%-ға төмендеген.
Мемлекет басшысының 2 млрд. әр түрлі ағаш көшеттерін отырғызу тапсырмасын орындау барысында Түркістан облысы бойынша 5 жылда 132 мың гектар жерге 210 млн.-нан аса ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, облыс әкімдігінің бастамасымен Түркістанда 2019-2022 жылдары қала айналасынан 7700 га жерге «Жасыл белдеу» құру жоспарланып, бүгінгі таңда барлығы 13 629 га жерге көшеттер егіліп, күтіп-бапталуда. Алдағы уақытта «Жасыл белдеу» аумағын 30 мың гектарға жеткізу көзделуде.
Бұдан бөлек, облыстың орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбақтарында 30 млн данадан астам әр түрлі орман ағаштарының көшеттері өсіріліп жатыр. Алдағы уақытта ол көшеттердің санын 60 млн.-ға жеткізу жоспарлануда.
Айта кетсек, «Қоқыссыз таза табиғат» акциясы Түркістан облысына қарасты барлық аудандарда өтті. Тазалық шарасына өңір тұрғындары белсене қатысты.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқи отырыңыз...

2024 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА ӘРТҮРЛІ ЖАРАҚАТТАРМЕН 240 МЫҢ ПАЦИЕНТ ЕМДЕЛДІ

2024 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА ӘРТҮРЛІ ЖАРАҚАТТАРМЕН 240 МЫҢ ПАЦИЕНТ ЕМДЕЛДІ

20.05.2025
1 КГ САЛМАҚТАҒЫ СӘБИДІҢ ЖҮРЕГІНЕ КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

1 КГ САЛМАҚТАҒЫ СӘБИДІҢ ЖҮРЕГІНЕ КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

18.05.2025
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ АРТЕРИЯЛЫҚ ҚЫСЫМДЫ  БАҚЫЛАП,  СКРИНИНГТЕН ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ӨТУГЕ ШАҚЫРАДЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ АРТЕРИЯЛЫҚ ҚЫСЫМДЫ БАҚЫЛАП, СКРИНИНГТЕН ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ӨТУГЕ ШАҚЫРАДЫ

18.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан энергетикасының даму стратегиясы мен инвестиция тарту мәселелері – министр Ақкенженов пен ХВҚ миссиясының кездесуіндегі негізгі тақырыптар

21.05.2025
Жұмыс кездесуі өтті

Жұмыс кездесуі өтті

21.05.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады

Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады

21.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған