• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 21 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Аймақ

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАУДА

11.10.2022
in Аймақ, Денсаулық
ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАУДА

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов айтты.
Департамент басшысының айтуынша, қазанның 6-9 күндері аралығында Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде 168 адам зардап шеккен топтық тамақтан уланудың 1 жағдайы тіркелген. Аталған кезеңде осы нысанда фаст-фуд өнімдеріне (суши, пицца, фри, чикен) тапсырыс берілген.
Кентау қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қалалық полиция бөлімімен бірге қозғалған қылмыстық іс аясында нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізген. Тексеру барысында қызметке рұқсат беру құжаты мен шикізат өнімінің қауіпсіздігін куәландыратын құжаттардың, медициналық тексеруден өткені туралы деректердің болмауы анықталған. Нысанда тиісті санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізіледі.
«Бұған дейін, яғни биыл тамыз айында Кентау қаласындағы сол қоғамдық тамақтану орнында топтық тамақтан улану оқиғасы тіркеліп, 8 адам зардап шеккен болатын. Сол кезде нысан 352 мың 245 теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нысанның иесіне санитариялық талапты сақтап, жағдайды қалыпқа келтіру үшін уақыт берілген. Дегенмен көп уақыт өтпей мұнда екінші рет тамақтан улану фактісі тіркеліп отыр. Бұл жолы нысан жабылып, қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Жалпы бүгінде облыс бойынша департаменттің бақылауында 3328 нысан бар. Оның ішінде қоғамдық тамақтану бөлімі — 1027, эпидемиологиялық маңызы жоғарысы — 575 нысан. Қазіргі таңда эпидемиологиялық маңызы жоғары нысандар қатаң қадағалауда», — деді Нұрбек Нышанов.
Сондай-ақ брифингте Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Досанова тамақтан уланған азаматтардың қазіргі ахуалы туралы баяндады. Оның мәлімдеуінше, Кентаудағы Орталық қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 6 қазаннан бастап 145 науқас тіркелген. Оның 98-і ауруханаға жатқызылды. Ал 47 науқас амбулаторлы деңгейде емге жіберілді. Бұдан бөлек, Түркістан қаласына 31 науқас инфекциялық стационарға, Кентау қаласына 67 науқас жатқызылған. Оның ішінде 34 ересек, 5 жүкті әйел, 33 бала бар. Қазіргі уақытта барлық науқастың жағдайы қалыпты.
Түркістан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірдің қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын, бизнес нысандарын иелерін санитарлық талаптарды сақтауға және халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жағдайларға жол бермеуге шақырады.
Түркістан облысының Өңірілік коммуникациялар қызметі

Оқи отырыңыз...

2024 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА ӘРТҮРЛІ ЖАРАҚАТТАРМЕН 240 МЫҢ ПАЦИЕНТ ЕМДЕЛДІ

2024 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА ӘРТҮРЛІ ЖАРАҚАТТАРМЕН 240 МЫҢ ПАЦИЕНТ ЕМДЕЛДІ

20.05.2025
1 КГ САЛМАҚТАҒЫ СӘБИДІҢ ЖҮРЕГІНЕ КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

1 КГ САЛМАҚТАҒЫ СӘБИДІҢ ЖҮРЕГІНЕ КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

18.05.2025
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ АРТЕРИЯЛЫҚ ҚЫСЫМДЫ  БАҚЫЛАП,  СКРИНИНГТЕН ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ӨТУГЕ ШАҚЫРАДЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ АРТЕРИЯЛЫҚ ҚЫСЫМДЫ БАҚЫЛАП, СКРИНИНГТЕН ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ӨТУГЕ ШАҚЫРАДЫ

18.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан энергетикасының даму стратегиясы мен инвестиция тарту мәселелері – министр Ақкенженов пен ХВҚ миссиясының кездесуіндегі негізгі тақырыптар

21.05.2025
Жұмыс кездесуі өтті

Жұмыс кездесуі өтті

21.05.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады

Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады

21.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған