• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 21 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫНА 345 МИЛЛИОН ЖӨРГЕК ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛЫНБАҚ

27.10.2022
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫНА 345 МИЛЛИОН ЖӨРГЕК ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛЫНБАҚ

Шымкентте келесі жылдан бастап жылына 345 миллион жөргек өндіретін жаңа зауыттың құрылысы басталмақ. Жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда 145 азамат жұмыспен қамтылады. Бұдан бөлек, мал азығы өндірісі мен пластик шығаратын ірі кәсіпорын салынуы мүмкін. Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен инвестициялық штаб отырысында айтылды.

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда PEFA жүйесі бойынша бюджет ашықтығын бағалау аяқталды

21.05.2025
ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы құс етін экспорттауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар жөніндегі Хаттамаға қол қойды

ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы құс етін экспорттауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар жөніндегі Хаттамаға қол қойды

21.05.2025
«Жайлы мектеп» жобасы — орта білім деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама

«Жайлы мектеп» жобасы — орта білім деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама

21.05.2025

Шаһар басшысы үшінші мегаполистің импортқа тәуелділігін азайтып, экспортты көбейту бағытында инвестиция тартуды жалғастыра беретінін, сол арқылы жаңадан ашылған жұмыс орындарының қатары көптеп артатынын атап өтті.

Жауапты басқарма басшылары, аудан әкімдері мен инвесторлар басқосқан жиында жалпы 12 жаңа жобаның таныстырылымы өтті.

✔️«Амина Интекс» ЖШС басшысы Али Гохар «Бозарық» агро-индустриалды аймақтан мал азығы өндірісін ашуды көздейді. 1 млрд теңгені құрайтын инвест жобаның қуаттылығы жылына 1200 тонна өнім болмақ. 2023 жылы жүзеге асырылатын жоба нәтижесінде 200 адам жұмыспен қамтылады.

✔️«SAN GRAND» ЖШС басшысы Бағлан Таженов «Жұлдыз» индустриалды аймағынан 9 га жерге бірнеше жоба салуды ұсынды. Біріншісі — 13 млрд теңгені құрайтын отандық жөргектерді шығаратын ірі кәсіпорын, ал екіншісі — 9,3 млрд. тенгені құрайтын шыны талшықты терезе профильдерін шығаратын өндіріс ошағы. Аталған жобалар арқылы жұмыссыз жүрген 300-ге жуық азамат тұрақты жұмыс табатын болады.

✔️«AnDa Company» ЖШС басшысы Дмитрий Таранов биофармацевтикалық зауыттың жобасын ұсынды. Жылына 500 000 мың доза вакцина шығаратын қуатты өндіріс ошағын «Тассай» индустриалды аймағынан салуды жоспарлауда. Жобаның құны 1 800 млн теңге болмақ. Нысан құрылысы 2023-2024 жылдары салынып, сәтті жүзеге асса 35 азамат жұмыспен қамтылатын болады. Инвестор бұл үшін электр жарығымен, газбен, ауыз су, ағынды су, телефониямен қамтуды сұрады.

Штаб отырысында бұдан басқа аяқ киім, картон қораптарын шығаратын, денсаулық саласына қажетті препараттарды өндіретін, тұрғын үй және коттедж салатын, тағы да басқа ірі 10-нан астам жобалар қаралды.

Мұрат Дүйсенбекұлы әрбірімен жеке танысып, мемлекеттік қолдау түрлері мен қаланың жоғары мүмкіндіктерін айтып, барлығын зерделеу үшін жетекші сала басшыларына тапсырма берді.

Айтып өтейік, жыл соңына дейін дәрілік заттар мен гигиеналық өнімдерді өндіретін өзбекстандық «Dentafill» және шұлық өндірісін дамытатын түркиялық «Ekol Ihracat» зауыттарының лентасы қиылатын болады.

Сонымен қатар басқосу барысында 35 елден 310 компанияны көшіру мәселелері де қаралды. Қазіргі таңда АҚШ-тың медициналық жабдық өндіретін «GE Healthcare» компаниясымен, тұрмыстық-техникалық жабьдықтар өндірісінің көшбасшысы «Haier» компаниясымен, италияндық «Maire Tecnimont», жапондық «RP Canon Medical Systems» сынды 8 алып компанияларды Шымкентке тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда PEFA жүйесі бойынша бюджет ашықтығын бағалау аяқталды

21.05.2025
ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы құс етін экспорттауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар жөніндегі Хаттамаға қол қойды

ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы құс етін экспорттауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар жөніндегі Хаттамаға қол қойды

21.05.2025
«Жайлы мектеп» жобасы — орта білім деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама

«Жайлы мектеп» жобасы — орта білім деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама

21.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған