• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 8 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

22.10.2022
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Бүгін Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ның ұйымдастыруымен 25 қазан — Республика күніне орай «Қыран елім – Қазақстаным» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Басқосуға Түркістан облыстық этномәдени бірлестіктердің, Түркістан облысы ҚХА жанындағы құрылымдардың жетекшілері мен мүшелері, «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Оқи отырыңыз...

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025
Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

02.07.2025

Келелі жиынды жүргізген Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Бахыт Ахымбетов қатысушыларды Республика күні мерекесімен құттықтап, мызғымас бірлік пен татулықтың арқасында мемлекетіміз өзінің даму жолында зор жетістіктерге жеткенін атап өтті.

– Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған, арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған тарихи күн. Тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағы да осы күннен басталады. Қазақстан қашанда өз егемендігін, дербестігін ел ішіндегі тұрақтылықпен, бейбітшілікпен сақтап келді. Табысты реформалардың мызғымас тұғыры – халқымыздың бірлігі. Ал еліміздің бірегейлігі – әр алуан ұлт пен ұлыстың жарасымды татулығы. Осы ретте, «Береке басы – бірлікте» деген қастерлі қағиданы тірек тұтып, жеткен жетістіктерімізді көздің қарашығындай қорғай білуіміз керек, – деді басқарма басшысының орынбасары.

Дөңгелек үстел отырысында Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің мүшесі Батырхан Сансызбаев, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Тұрсынай Өсерова, Түркістан қалалық өзбек этномәдени бірлестігі жастар қанатының мүшесі Санжар Апсен сөз алып, 13 жылдан соң қайта қауышқан ұлық мерекенің мән-маңызы мен тарихына тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстанның жарқын болашағы үшін бірігіп қызмет етуге шақырды.

Бірлікке үндеген шара «сұрақ-жауап» форматында өрбіп, жиынға қатысушылар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Жиын барысында Б.Ахымбетов өңірдегі қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті қамтамасыз етуде, татулық пен достастықты насихаттауда жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарға Президенттің атынан ҚХА-ның Алғыс хаттары мен медальдарды табыстады.

Бұл ретте, Түркістан облыстық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Сарманбай Сафаров «Бірлік» алтын медалімен, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Жанғали Урунбаев Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, Түркістан облысы ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының жетекшісі Ерсұлтан Әмірбекке, Түркістан облысы ҚХА жанындағы Сауран аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Нышанкүл Жұмановаға, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының бас маманы Тимур Оралбековке Алғыс хат табысталды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

САУРАНДЫҚТАР ТҮРКИЯДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

САУРАНДЫҚТАР ТҮРКИЯДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

07.07.2025
ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

06.07.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

06.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған