• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 11 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТТІКТЕР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЙЛАУДЫ БАСТАП КЕТТІ

22.10.2022
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТТІКТЕР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЙЛАУДЫ БАСТАП КЕТТІ

Бүгін Шымкенттегі “Көрме” орталығында Ұлттық мерекеге арналған салтанатты шара өтті. Оған шаһар басшысы М. Әйтенов, қалалық мәслихат депутаттары, құқық қорғау орган басшылары мен қызметкерлері, сот, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ қатысты.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

11.07.2025
Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025

Бұл жолғы ісшара бұрынғысынан өзгерек. Алаштың айбынын асқақтатып, мерейін үстем ететін арнайы бейнероликтен басталды. “Егемен елдің” өткені мен келешегі сараланып, Ұлы дала халқының дархандығы мен дара көңілі көрсетілді. “Сазген сазы” фолькорлық-этнографиялық ансамблі “Бақтыбайдың күйімен” қазақтың сыры мен сазын әуелетіп жеткізді. Бұдан соң қала әкімі сөз алып, барша жұртты тарихи датамен құттықтады.

Республика күні — туған еліміздің егемендігі  бастау алған күн. 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы кеңесі мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылдады. Дәл осы күні Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды.

Аттай 13 жылдан соң, дәл биыл Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі  қайтарылып, бостандық пен еркіндіктің бастауы болған айтулы датаны барша халық қуана тойлауда.

Сын сағаттарда сүрінбей, еңсесін тік ұстай білген еліміздің жеңісті сәттерінен сөз саптаған шаһар басшысы Ұлттық мереке – Республика күніне Шымкент қаласының да зор жетістіктермен жеткенін қысқа-нұсқа баяндап берді.

— Қаланың республикалық мәртебеге ие болуы инвестициялық белсенділіктің артуына септігін тигізді. Үшінші мегаполиске соңғы 5 жылда 1,8 триллион теңге, ал биылғы жылдың 9 айында 327,9 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 20%-ға жоғары. Жыл соңына дейін инвестиция көлемін 530 миллиардқа жеткізуді жоспарлаудамыз, ол үшін нақты қадамдар жасалған-деді М.Әйтенов.М. Дүйсенбекұлының айтуынша, қала экономикасы қарқынды дамып жатқан соң, соңғы 3-4 жылда инфрақұрылым мәселесі де шешімін тауып келеді.
Ауыз сумен қамтуда 32 нысан, электрмен қамтуда 28 нысан, газбен қамтуда 21 нысан құрылысы жүргізілді. Нәтижесінде, ауыз сумен қамту 93%-дан 98%-ға, электрмен қамту 91%-дан 97%-ға, тұрғындарға табиғи газ жеткізу 92%-дан 93%-ға өсті.
Инженерлік инфрақұрылым мәселесінің бір бөлігі 2023 жылы, ал 2025 жылы барлығы толық шешіледі.

“Осы және бұдан басқа да айтуға тұрарлық жетістіктеріміз бар. Бірақ бізге мұнымен тоқмейілсуге болмайды”-деген қала басшысы Шым шаһардың дамуы мен өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп, тер төккен азаматтардың бірпарасын сахна төрінде марапаттап, құттықтады.

Соңы Ж.Жексен, Б.Исаев сынды елге танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ — ШЫМКЕНТ: ОТ УМНОГО ГОРОДА К ПЕРЕДОВЫМ ТЕХНОЛОГИЯМ БУДУЩЕГО

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ — ШЫМКЕНТ: ОТ УМНОГО ГОРОДА К ПЕРЕДОВЫМ ТЕХНОЛОГИЯМ БУДУЩЕГО

11.07.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

11.07.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

10.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған