• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 16 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

КЕЛЕШЕГІМІЗ КЕЛІСТІ БОЛСЫН ДЕСЕК САЙЛАУҒА ҚАТЫСАЙЫҚ

22.10.2022
in Басты ақпарат
КЕЛЕШЕГІМІЗ КЕЛІСТІ БОЛСЫН ДЕСЕК САЙЛАУҒА ҚАТЫСАЙЫҚ

Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада өтеді. Осы елдің, өңіріміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосу ниетімен және зор сеніммен алдағы өтетін президент сайлауына ерекше көңіл бөлемін. Әрқайсымыз өз таңдауымызды жасауымыз керек.

Оқи отырыңыз...

Көлік-логистика саласын цифрландыру бойынша ведомствоаралық жобалық топ құрылды

15.05.2025
Жабдықтар шығындарын өтеу: кәсіпорындар жаңа ынталандыру шарасының артықшылығын пайдаланады

Жабдықтар шығындарын өтеу: кәсіпорындар жаңа ынталандыру шарасының артықшылығын пайдаланады

15.05.2025
ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025

Сайлауға қатысу арқылы президентті ғана таңдап қоймаймыз, бұл біздің келісті келешегімізге жасаған нақты қадамымыз болып есептеледі. Сондықтан саяси маңызы зор шараға қатысып, лайықты таңдау жасау әрбір азаматымыздың құқығы әрі парызы.
Қазіргі қоғам белсенді. Халық елде болып жатқан процестерге қызығушылық танытады. Ақпарат саласында қызмет етіп жүрген соң соңғы уақытта ел ішінде осындай бетбұрысты байқаймыз. Көпшіліктің мемлекетіміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты сауалдары мол. Сондықтан алдағы сайлауға барша азаматтар белсене қатысып, өз таңдауын жасайды деп сеніммен айта аламын.

Иә, сайлауға қатысудың маңыздылығын қоғамға арнап айтып жатырмыз. Бұл насихат әрбір отбасында талқылануы тиіс. Себебі, бір жанұяны шағын мемлекет дейтін болсақ, ол мемлекеттің тағдыры осындай саяси таңдауларға тікелей байланысты. Бұл ретте кеңесіп пішкен тонның келте болмайтыны сияқты, елдің болашағы үшін жасалатын таңдау әрбір отбасыларда талқыланып, бір шешім негізінде іске асатын болса, онда халқымыз биліктің шынайы бастауына айналғанын білдіреді.

Сайлаудың ерекшелігі жөнінде де айтпай кетуге болмас. Енді мемлекетіміздің президенті 7 жылға бір рет қана сайланады. Қазіргі таңда орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенті сайлауына қатысатын 6 үміткерді мақұлдады. Үгіт-насихат жұмыстары 21 қазан күні сағат 18:00-ден басталып, 18 қараша күні сағат 24:00-ге дейін жалғасады. 19 қараша тыныштық күні, 20 қараша сайлау өтеді.

Бұдан бөлек, былтыр мемлекет басшысының бастамасымен ауыл әкімдерінің сайлауы өткен еді. Оған дейін ауыл әкімдерін аудан әкімі тағайындап келген. Сонымен бірге, алдағы бірер жылда тұрғындар өз ауданы мен облысының әкімін сайлайды. Демек бұл ретте қарапайым халықтың билікке араласуы күшейеді. Сондықтан әрбіріміз өз тағдырымыз үшін саяси науқанға қатысып, дауыс беруіміз қажет.

Осындай сын сағатта жерлестерімді үлкен жауапкершілік жүгін бірге көтеріп, Тәуелсіздігіміздің тұғырын одан әрі нығайта түсуге шақырамын. Біздің даусымыз еліміздің болашағы үшін маңызды.

Елдің болашағы бізді көп толғандырып қалмастан нақты қадамдар мен харекеттер жасауға ынталандырады. Қалай болмасын елдік намыс пен мүдде басты назарда болуы тиіс. Содан да сайлаудың алдында қайтадан өз мәртебесіне ие болып уығын шаншып, шаңырағын көтеріп жатқан Қазақстан Республикасы күні көп сыр аңғартқандай. Анықтап айтқанда еліміздің әрбір азаматына отаншылдықты, ынтымақты, ұйымшылдықты, өр рухты сезіндіріп-ақ тұр. Осы бір шалқар шабытпен ел мен жерге деген шынайы жанашырлықты терең сезіне алсақ құба-құп болмақ. Бір шаңырақ астында ұйысып, бірліктің бірегей үлгісін көрсетер сын сағатқа біртабан жақындап бара жатқандаймыз. «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес мінезден» — дейтін алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханның ой-толғауы бүгінге бағдаршам болып тұрғандай. Кезекте осы жолды, осы сүрлеуді терең түсінбек ләзім. Сөз соңында барша жұртымызды Қазақстан Республикасы күнімен құттықтай отырып, жаңа бағыттың жаңа кезеңіне бірлікте қадам басу маңызды дегім келеді.

Мәлік ДӘУЛЕТОВ,
«Түркістан Медиа» ЖШС директоры

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Көлік-логистика саласын цифрландыру бойынша ведомствоаралық жобалық топ құрылды

15.05.2025
Жабдықтар шығындарын өтеу: кәсіпорындар жаңа ынталандыру шарасының артықшылығын пайдаланады

Жабдықтар шығындарын өтеу: кәсіпорындар жаңа ынталандыру шарасының артықшылығын пайдаланады

15.05.2025
ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған