• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 22 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ЖОЛДАУДЫҢ ӘР БАҒЫТЫНА ҮН ҚОСТЫ

04.10.2022
in Басты ақпарат
ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ЖОЛДАУДЫҢ ӘР БАҒЫТЫНА ҮН ҚОСТЫ

Шымкент қаласының Әл-Фараби кітапханасында зиялы қауым өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын сөз етті. Жиынға қатысушылар өз ойымен бөлісіп, Жолдауда айтылған әр бағытты кеңінен тарқатты.

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда PEFA жүйесі бойынша бюджет ашықтығын бағалау аяқталды

21.05.2025
ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы құс етін экспорттауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар жөніндегі Хаттамаға қол қойды

ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы құс етін экспорттауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар жөніндегі Хаттамаға қол қойды

21.05.2025
«Жайлы мектеп» жобасы — орта білім деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама

«Жайлы мектеп» жобасы — орта білім деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама

21.05.2025

«Аманат» партиясының Қаратау ауданы филиалының атқарушы хатшысы Әбдез Рахманұлының айтуынша, бұл жолғы Жолдауда халықтың әлеуметтік мәселесі мен балалардың болашағын инвестициялаудың тың әдістері ұсынылды. Сонымен бірге алдағы кезектен тыс сайлаудың маңыздылығына тоқталды.

– Маусым айында жалпыхалықтық референдумда заңға өзгеріс енгізу үшін дауыс бердік. Көп ұзамай ең алғашқы өзгеріс Президент Жолдауында көрініс тапты. Мемлекет басшысы жер мен оның қойнауындағы байлық халыққа тиесілі екенін атап өтті. 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың инвестициялық түсімінің 50 пайызы балалардың жеке шотына аударылып отыратын болды. Болашақта осы қаржыны 18-ге толған әрбір жас сапалы білім мен баспана алуға жұмсайды. Бұл өркениетке бет алған ел үшін өте дұрыс шешім. Әлемдік тәжірибеде 5 жыл жұмыс істеген компанияға ел сеніммен қарайды екен. Ал, мемлекеттік басқаруда Ұлттық деңгейдегі жобаларды жүзеге асыруға 7 жыл қажет екенін сарапшылар айтуда. Елімізде Президент тек 1 рет 7 жылға сайлануы да халықтың әл-ауқатын көтеріп, экономиканы дамытуға жеткілікті деп ойлаймын, — деді Ә.Рахманұлы.

Ал, Әл-Фараби атындағы кітапхананың директоры Анар Жаппарқұлова дамудың әр саласын бүге-шегесіне дейін қамтыған салмақты Жолдау болғанын жеткізді.
– Әділетті мемлекет дегенде тек құжат жүзінде орындалатын істер болатын. Қазір күннен-күнге орын алып жатқан өзгерістер мен жағымды жаңалықтардың куәсі болғаннан кейін шын мәнінде жаңа мемлекет қалыптасып жатқанына өте қуаныштымыз, — деді ол.
«Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газетерінің бас редакторы Бақтияр Тайжан биылдың өзінде көптеген игі істер іске асырылып, халыққа қолайлы орта қалыптасқанын айтты.

–Әлемде жер көлемі жағына 9 орында тұрған елімізде мал шаруашылығы ақсап тұрғаны жасырын емес. Етті Бразилиядан импорттаудың өзі осыған дәлел. Биыл Президенттің тапсырмасына сәйкес игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекет иелігіне қайтарылды. Осы жылдың соңына дейін 5 млн. жерді қайтару жоспарланып отыр. Келесі жылдың соңына дейін Мемлекет басшысы тағы 10 млн. гектар игерілмей немесе заңсыз берілген жерді мемлекетке қайтаруды тапсырды. Осы қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері мал өсіріп отырған шаруаларға берілсе, біздің елде ет пен сүт өнімдерінің импорты тоқтар еді, — дейді Б.Тайжан.
Ал, журналист Зәуре Оралбаева айтуынша, әділетті қоғам құру үшін еңбек адамының істері еленуі керек.
– Президент Қ.Тоқаев әр сөзінде әділетті қоғамда еңбек адамы бірінші кезекте екенін айтады. Әрбір сала нағыз білікті мамандардың арқасында дамиды. Олай болса әділетті мемлекетті құруда бірінші кезекте еңбек адамы бағалануы керек. Әр адам өзінің жұмысына аса жауапкершілікпен қараса кез келген сала жүйеленеді, дамиды. Сондықтан елдің дамуы бір ғана мемлекетке емес, әрбір азаматқа, яғни еңбек адамына байланысты, — дейді З.Оралбаева.
Айта кетейік, Шымкентте зиялы қауым өкілдерінің бас қосуымен түрлі саладағы тақырыптар қамтылып, іс-шараларға арқау болуда. Бұл жолы қаланың зиялы қауымы Президенттің Жолдауындағы іске асуы тиіс бағыттарды саралады.

Б.НҰРЖАНҚЫЗЫ

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда PEFA жүйесі бойынша бюджет ашықтығын бағалау аяқталды

21.05.2025
ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы құс етін экспорттауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар жөніндегі Хаттамаға қол қойды

ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы құс етін экспорттауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар жөніндегі Хаттамаға қол қойды

21.05.2025
«Жайлы мектеп» жобасы — орта білім деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама

«Жайлы мектеп» жобасы — орта білім деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама

21.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған