• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 25 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ЕҢБЕК НАРЫҒЫНА КӘСІБИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР ҚАЖЕТ

04.10.2022
in Басты ақпарат
ЕҢБЕК НАРЫҒЫНА КӘСІБИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР ҚАЖЕТ

Қазіргі қоғамда кәсіби және техникалық мамандықтарды еңбек нарығының сұранысына қарай бейімдеу мәселесі жиі қозғалады. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында кеңірек айтылды. Осы тақырып аясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Ел экономикасына кәсіби және техникалық мамандарды даярлаудағы оқу орындарының рөлі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Оқи отырыңыз...

Шымкенттік ХҚКО-ларда құжаттарды жеткізу қызметі енгізілді

Шымкенттік ХҚКО-ларда құжаттарды жеткізу қызметі енгізілді

23.10.2025
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді

21.10.2025
В Акорде состоялась официальная церемония встречи Президента Азербайджана, прибывшего в Казахстан с государственным визитом

В Акорде состоялась официальная церемония встречи Президента Азербайджана, прибывшего в Казахстан с государственным визитом

21.10.2025

Бас қосуға мемлекет және қоғам қайраткері Сатқанбаев Еркін Тұрниязұлы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының кандидаты, саясаттанушы Мәжінбеков Сәкен Аралбайұлы және оқу орнының студенттері мен оқытушылары қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты – «Ел экономикасына кәсіби және техникалық мамандарды даярлаудағы оқу орындарының рөлі» атты түсіндірме жұмысын жүргізіп, пікір алмасу.

— Қазіргі таңда жастарға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар берудің маңыздылығы өте зор. Жоғары немесе орта білім беретін оқу орнын бітірсе, ол жас бір мамандықтың иесі атанады. Бірақ, ол таңдаған мамандық қоғамның сұранасына жауап бере ала ма? Қазір тұрмыстық салада қажетті электрик, сантехник, токарь, автоэлектрик деген мамандықтар тапшы. Бұл мамандықтарды жастар 9-сыныпты бітіргеннен кейін кәсіптік-техникалық колледждерде меңгеріп шығады. Сондықтан осы мәселені кеңінен дамытып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Иә, рас болашақ жастардың қолында. Дегенмен, қазір жастарға барлық мүмкіндік бар. Тек дұрыс бағыт бағдар беру керек,- дейді Еркін Сатқанбаев.

Мемлекет басшысы еліміздегі осы бағытта білім беретін оқу орындарының жаңа экономикалық бағдардың міндеттеріне сай болу қажеттігін баса айтты. Бұл ретте М.Әуезов атындағы ОҚУ дамыған білім беру және зерттеу инфрақұрылымы бар көп профильді жоғары оқу орны. Маман даярлауда материалдық-техникалық базасы мен оқытушылар құрамы жеткілікті. Бүгінде аталған оқу орны еліміздегі үздік ЖОО тізіміне енеді.
— «Ел экономикасына кәсіби және техникалық мамандарды даярлаудағы оқу орындарының рөлі» атты түсіндірме жұмыстарын жүргізу үлкен рөл атқарады. Осы жоба аясында көптеген іс-шаралар іске асып жатыр. Солардың бірі және бастамасы бүгінгі конференция. Кәсіби-техникалық мамандықтар тапшы болғандықтан осы саланы тереңінен оқытып, мықты маман иесі етіп шығару керек. Сонда халыққа да қоғамға да өз үлестері тиеді ,- дейді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының кандидаты, саясаттанушы Сәкен Мәжінбеков.
Конфренция соңында қатысушылар жиын аясында көтерілген мәселелер төңірегінде спикерлерге сұрақтарын қойып, жауап алды.
А.ӘБДІРАХМАН

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінен: «Бұл күнді халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн деуге болады»

Президент: «2019 жылдан бері экономикамыз 16 пайызға өсті»

24.10.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінен: «Бұл күнді халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн деуге болады»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінен: «Бұл күнді халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн деуге болады»

24.10.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне арналған сөзінен: ел дамуының жаңа белесі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне арналған сөзінен: ел дамуының жаңа белесі

24.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған