🇰🇿Бүгін Шымкенттің Іскер арулары Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрында бас қосты. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Аймақтық әйелдер кәсіпкерлігі форумында» шаҺарымыздың Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің жұмысы туралы мағлұмат берілді.
📌Форумда қалалық тұрақты даму, әлеуметтік жауапкершілік пен экономикалық өсу мәселелері кеңінен сөз қозғалды. Екінші деңгейлі банктер мен даму институттарының әйелдер кәсіпкерлігін қолдау шаралары туралы шеберлік сағаттары өтіп, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жолдары қаралды.
✅Бүгінгі таңда үшінші шаһарда қаншама кәсіпкер әйел өз кәсібін ашып, өзін ғана емес, мыңдаған тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау да «AMANAT» партиясының басымдығы болып қала береді.
🖊️Жиналған қауымға «АMANAT» партиясы атынан сөз сөйлеп, Мемлекет Басшысының саясаты, партиямыздың саяси тұғырнамасы жайлы баяндадым.
Қоғамдағы, биліктегі, бизнестегі әйелдер рөліне партиямызда ерекше көңіл бөлініп, оларға қолдау бар екенін мақтанышпен айта аламын. Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 30 мыңға жуық партияластарымыз бар. Оның 19 890 әйелдер болса, кәсіпкерлікпен айналысатындар 1195 құрайды. «АMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы жанында 11 қоғамдық кеңес құрылып, түрлі салалар бойынша жұмыстар атқарылуда. Міне, осы кеңестің барлығында да әйелдердің үлесі, орны ерекше.
#AMANAT