• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 15 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ ПІКІР АЛМАСТЫ

29.09.2022
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ ПІКІР АЛМАСТЫ

Абай ауданының жастары Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауындағы бастамалар туралы ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.
Алдымен Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов Президенттің жастарға қолайлы орта қалыптастыру үшін барлық жағдай қарастырғанын айтып, жас буынды патриот болуға шақырды.
–Білім іздеп, тұлғалық даму жолына түскен жастарды бүгіннің патриоты деп айтар едім. Қазір жастардың сапалы білім алуына, жұмыспен қамтылып, кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасау үшін көптеген мемлекеттік бағдарламар жүзеге асып жатыр. Мәселен, «Жастар практикасы» бағдарламасын алып қарасақ, енді оқу орнын тәмамдаған жас түлек тәжірибе жинау үшін алғашқы жұмыс орнына жолданады. Өз кәсібіңізді ашып, ерекше жобаларды жүзеге асыруды көздесеңіз, мемлекеттік гранттың мүмкіндігін пайдаланыңыз. Жұмыс істейтін жастарды да пәтермен қамту жолға қойылып отыр. Жуырда Мемлекет басшысы өз Жолдауында 100 мың жасты жұмыспен қамту, кәсіпкерлігін дамытқысы келген жастар үшін 2,5 пайыздық несие берілетінін айтты. Ел Президенті жастар үшін барынша күш салып жатыр. Сондықтан сіздерден даму жолына түсіп, елдің өркендеп, гүлденуіне үлес қосуға шақырамын, — деді М.Исахов.
Шымкент жастарының ұсынысы әрдайым әкімдіктен қолдау тауып келеді. Өткен жылы қаланың бір топ белсенді жастары қала әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесуінде әр ауданнан орталық ашу ұсынысын жеткізген болатын. Көп ұзамай шаһар басшысының тапсырмасына сәйкес, қаладағы төрт ауданда Жастар ресурстық орталығының филиалдары өз жұмысын бастады. Бүгінде аудандық орталықтарда жастарға мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндіктері түсіндіріліп, бос уақытты тиімді пайдалануға бағыт беріп отыр.
–Жастардың белсенділігі тек волонтер болуымен шектелмеу керек. Елімізді дамытуға, қаламызды көркейтуге, өз замандастарыңыздың патриоттық сезімін нығайтуға бағытталған жобаларыңыз болса ортаға салыңыздар. Біз үшін сіздердің ұсыныстарыңыз әрқашан маңызды, — деді орталық басшысы.
Жиынға қатысушы жастар спорт үйірмелерін көбейтуді, ұлттық дәстүрімізді дәріптеуге арналған спорттық ойындарды ұйымдастыруды ұсынды. Орталық басшысы осы ұсыныстарды алдағы күндері бірлесе пысықтап, жүзеге асыратынын жеткізді.
«Шымкент келбеті»
Фото:Серік Қосаев

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025
Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

14.05.2025
Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

14.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025
Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

14.05.2025
Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

14.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған