• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 16 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ 6 ЕМХАНА, 1 ПЕРЗЕНТХАНА САЛЫНБАҚ

29.09.2022
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТТЕ 6 ЕМХАНА, 1 ПЕРЗЕНТХАНА САЛЫНБАҚ

«Абай ауданына қарасты 34 елді мекеннің 33-і сапалы ауызсумен қамтылған. Ал, электр жарығы 31 елді мекенде толық жүргізілген. Жыл соңына дейін Абай ауданына қарасты елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен және электр жарығымен қамту көзделіп отыр». Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезекті жиырма бірінші сессиясында Абай ауданының әкімі Б.Парманов мәлімдеді.
Сессияда Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары күн тәртібіндегі 22 мәселені қарап, тиісті шешімдерді қабылдады. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов қатысқан жиынға Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Б.Нарымбетов төрағалық етті.
Сессия барысында «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне бірқатар өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, қалаға қарасты Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау ауданы әкімдерінің есебі тыңдалды. Ал, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Асылбеков саланы дамыту жоспарымен таныстырды.
— Шымкент қаласы бойынша 13 мемлекеттік емхана 600 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетсе, 31 жекеменшік емханада 507 мың тіркелген. Алайда, 2025 жылға дейін қалаға 6 емхана керек деп қарастырылып отыр. Бұл емханалардың құрылысына инвестиция тарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, республикалық бюджет есебінен 2025 жылға дейін 200 төсек-орынды перзентхана салу мәселесі де қаралып жатыр, — деп атап өтті қаланың бас дәрігері.
Сессияда, сондай-ақ, «Шымкент қаласы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы», «Шымкент қаласында жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың қағидаларын бекіту туралы», «Шымкент қаласының аумағында жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы» шешімдерге өзгерістер енгізілді.
Айта кетейік, бұл жолы сессияға қатысқан 29 депутаттың 3-уі онлайн қатысу мүмкіндігіне ие болды. Алдағы сессияларда 5 депутатқа дейін қашықтан қатысуға рұқсат берілмек.
«Шымкент келбеті»
Суреттерді түсірген Серік ҚОСАЕВ

Оқи отырыңыз...

Предприниматели Шымкента совместно с сенатором обсудили вопросы в сфере образования

Предприниматели Шымкента совместно с сенатором обсудили вопросы в сфере образования

16.07.2025
Сенатор және Шымкенттің кәсіпкерлері білім саласындағы мәселелерді талқылады

Сенатор және Шымкенттің кәсіпкерлері білім саласындағы мәселелерді талқылады

16.07.2025
Шымкенттегі ХҚКО-ларда жаңа туған нәрестеге шетелдік төлқұжатты қалай рәсімдеуге болады?

Шымкенттегі ХҚКО-ларда жаңа туған нәрестеге шетелдік төлқұжатты қалай рәсімдеуге болады?

14.07.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Шымкента совместно с сенатором обсудили вопросы в сфере образования

Предприниматели Шымкента совместно с сенатором обсудили вопросы в сфере образования

16.07.2025
Сенатор және Шымкенттің кәсіпкерлері білім саласындағы мәселелерді талқылады

Сенатор және Шымкенттің кәсіпкерлері білім саласындағы мәселелерді талқылады

16.07.2025
Инвестиции и внешняя торговля поддерживают экономический рост Казахстана

Инвестиции и внешняя торговля поддерживают экономический рост Казахстана

15.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған