• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 16 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДА ТҰРҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ САНЫ АЗАЙҒАН

23.09.2022
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТТЕ ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДА ТҰРҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ САНЫ АЗАЙҒАН

Шымкентте биылғы жылғы 6 айдың мәліметі бойынша пробациялық бақылауда 1360 адам есепке алынған. Шымкент қаласы прокуратурасының мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бақылауда жүргендер саны 215 адамға азайған. Алайда, қайталама қылмыстар саны 2 есеге өсіп отыр.

Оқи отырыңыз...

Шымкенттегі ХҚКО-ларда жаңа туған нәрестеге шетелдік төлқұжатты қалай рәсімдеуге болады?

Шымкенттегі ХҚКО-ларда жаңа туған нәрестеге шетелдік төлқұжатты қалай рәсімдеуге болады?

14.07.2025

Отырардағы жиын: Арыс пен Отырар кәсіпкерлерінің сабыры сарқылды

11.07.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

11.07.2025

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтың төрағалығымен өткен консультациялық-кеңес мәжілісінде мәлім болды. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, 36 қайта жасалған қылмыстың 28-ін жұмыссыз және тұрақты жұмыс орны жоқ адамдар жасаған. Жиында атап көрсетілгеніндей, түзету мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту және қоғамға бейімдеу тұрғысында әлеуметтік қолдау өзекті мәселе болып қалуда. Өйткені жұмыс берушілер тарапынан сенімсіздік басым дейді сала мамандары. Өз кезегінде, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындамау Халықты жұмыспен қамту туралы Заңнаманы бұзу болып табылады.

Қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков консультациялық-кеңес мәжілісіне қатысқан барлық басқармалар мен құзырлы мекеме басшыларына жазасын өтегендер мен есепте тұрған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеп, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау көрсетуде жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды.

— Өмірде шалыс қадам басты екен деп бұл азаматтарды мүлдем қоғамнан аластатуға болмайды. Керісінше демеу көрсетіп, мемлекетіміз үшін сақтап қалуымыз қажет. Жұмысқа орналастыруда оларды шапқылата бермей, жинайтын құжат санын да азайтыңыздар. Қалыпты өмірге оралуда қиындық тудырып жатқан мәселелерін бірлесе шешейік.Түптеп келгенде консультативтік-кеңестің негізгі мақсаты да осы,-деді қала әкімінің орынбасары Ерғали Дәулетбекұлы.

Шымкент қаласы жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, биыл пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы бойынша 10-нан аса мекемеге *106 жұмыс орны* бекітілген. Қазіргі таңда *58 азамат* жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» шеңберінде, бүгінгі күнге, квотадан бөлек, *33 адам тұрақты және уақытша жұмыс* орындарымен қамтылды. Жұмыссыз және арнаулы орта немесе жоғары білімі жоқ азаматтардың кәсіптік білім меңгеру мен біліктілігін арттыру мақсатында қысқа мерзімді оқуға жолдау ұсынылуда.

Бостандыққа шыққан азаматтар сондай-ақ, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығын» паналай алады. Жыл басынан бері орталыққа Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша Қылмыстық –атқару жүйесі департаментіне қарасты түүзеу мекемелерінен босап шыққан және есепте тұрған 50-ге жуық азаматқа қызмет көрсетілген. Орталық мамандары оның ішінде 13 адамды туған туыстарымен табыстырған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Инвестиции и внешняя торговля поддерживают экономический рост Казахстана

Инвестиции и внешняя торговля поддерживают экономический рост Казахстана

15.07.2025
Инвестициялар мен сыртқы сауда Қазақстанның экономикалық өсуін қолдайды

Инвестициялар мен сыртқы сауда Қазақстанның экономикалық өсуін қолдайды

15.07.2025
Мемлекет басшысы:

Глава государства:

14.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған