• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 8 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

17.09.2022
in Басты ақпарат
«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

«Тәрбиелі, білімді, алғыр әрі дені сау ұрпақ – еліміздің ең қымбат байлығы. Жастардың оқуымен қатар, спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің басты міндеті.

Оқи отырыңыз...

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025
Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

02.07.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне аса назар аударды.

Осы орайда, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің бастамысымен, жалпы орта білім беру мекемелері арасында «Шымкент жастар лигасы» басталған болатын.

Биыл үшінші рет өткізіліп отырған шарада 6 мыңға жуық спортшы, яғни 138 мектептен 514 команда қатысып, футбол, баскетбол, волейбол, шахматтан бақ сынамақ.

ІІІ маусымның ашылу рәсіміне қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан, қалалық мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, жүлде демеушісі “Энергоорталық-3” АҚ бизнес-серіктесі Ш. Нуртаева мен корпорация менеджері Ш.Нысамбекова, сондай-ақ қоғам белсенділері, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Рәсімді салтанатты түрде ашқан қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан
-Шымкент жастар лигасы — республика бойынша үздік жоба атанып, кең қолдауға ие болды.  Бұл жоба жастарды патриот, отансүйгіш, елжанды етіп тәрбиелеуге септігін тигізеді. Спорт денсаулықтың ғана кепілі емес, ол адамды табандылық пен күрескерлікке баули отырып, ерік-жігерін шыңдай түседі.
Құрметті жастар!
Бүгінде мемлекет Сіздердің сапалы білім,  саналы тәрбие әрі бәсекеге қабілетті азамат болып өсулеріңізге қолайлы жағдай жасап отыр.
Тек спортта ғана емес, ғылымда, өнерде және өзге салаларда жүзден жүйрік атанып, еліміздің абыройын асқақтата берулеріңізге тілектеспін! Бүкіл еліміз сіздерден зор үміт күтуде,-дей келе жастарды білім алумен қатар салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Бүгін ІІІ маусымның салтанатты ашылуында ІІ маусымның жүлдегер мектептері марапатталды. Жеңімпаз 4 командаға су жаңа автокөліктің кілттері табысталды.

Айтып өтейік, былтырғы додада Шахмат бойынша 4 ауданнан 130 команда, 520 оқушы қатысып, Өмірбек Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейі;

Баскедболдан 122 команда, жалпы 1464 оқушы бақ сынасып, М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп – гимназиясы;

Ал волейболдан 129 команда арасында Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беретін мектебі;

Футболдан 133 құрама команда ішінде
Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы І-орындарды иеленген болатын.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Бейбіт күннің батырлары

Бейбіт күннің батырлары

08.07.2025
САУРАНДЫҚТАР ТҮРКИЯДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

САУРАНДЫҚТАР ТҮРКИЯДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

07.07.2025
ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

06.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған