• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 5 мая, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«AMANAT» фракциясы келесі сайлауда 7 жылдық президенттік мерзімді енгізу туралы бастаманы қолдады

14.09.2022
in Басты ақпарат
«AMANAT» фракциясы келесі сайлауда 7 жылдық президенттік мерзімді енгізу туралы бастаманы қолдады

Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов фракция жиынын өткізді. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттары да шақырылды.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ САЯБАҚ ЖАҢАРТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ САЯБАҚ ЖАҢАРТЫЛДЫ

03.05.2026
«БІРЛІК ДАСТАРХАНЫ»: ШЫМКЕНТТЕ БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫ НАСИХАТТАҒАН ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

«БІРЛІК ДАСТАРХАНЫ»: ШЫМКЕНТТЕ БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫ НАСИХАТТАҒАН ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

01.05.2026
Жастарға жаңа мүмкіндік: бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Жастарға жаңа мүмкіндік: бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

30.04.2026

⁉️Жиынға қатысушылар алдағы сайлауда қайта сайлау құқығынсыз жеті жылдық президенттік мерзімді енгізу және елордаға Астана атауын қайтару туралы бастаманы қолдады. Депутаттар осы реформалардың прогрессивті екенін және олардың әділетті Қазақстан құру бағытына толық сәйкес келетінін атап өтті.

▶️Отырысты ашқан Е.Қошанов Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің қарауына ұсынған 7 жылдық мерзімді енгізу және елорданың атын өзгерту жөніндегі мәселелер Мәжілістегі барлық фракция депутаттарының ұсынысы екеніне назар аударды.

«Президент мандатын 7 жылдық бір мерзіммен шектеу – прогрессивті әрі қажетті норма. Бұл биліктің бір қолға шоғырлануына тосқауыл болып, суперпрезиденттік басқару жүйесінен түбегейлі арылуға жол ашады. Аталған мәселе ел арасында жан-жақты талқылануда. Біз осы сайлау жүйесін биылдан бастап енгізуді қолдаймыз», – деді фракция жетекшісі.

Сондай-ақ Е.Қошанов елорданың атауын өзгерту туралы ұсыныс Тұңғыш Президенттің қазіргі Қазақстанның құрылуы жолындағы еңбегін жоққа шығармайтынын айтып, қоғамның да пікірі ескерілгеніне мән берді.

▶️Мәжілістегі Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының жетекшісі Сауытбек Абдрахманов жаңа нормалардың уақытылы енгізіліп жатқанына назар аударып, Мәжіліс бұл мәселеде өзінің тарихи жауапкершілігін сезініп отырғанын атап өтті.

▶️Ал депутат Елнұр Бейсенбаев Президенттің мандатын қайта сайлану құқығынсыз 7 жылдық бір мерзіммен шектеу енгізудің маңыздылығын айтты.

▶️Депутат Юрий Жулин президенттіктің бір мерзімі туралы норма Қазақстанда саясаткерлердің жаңа буыны пайда болуына ықпал ететінін және тұрғындардың елорданың атын өзгертуден үлкен үміт күтетінін айтты.

▶️Өз кезегінде, депутат Вера Ким Қазақстан 7 жылдық президенттік мерзімді енгізетін әлемдегі жалғыз ел емес екеніне назар аударды.

📍Фракция отырысын қорытындылаған Ерлан Қошанов депутаттарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді. Реформалардың мәні мен маңызын барлық қазақстандыққа жеткізу қажет екенін атап өтті. Ол үшін әлеуметтік желілердің, БАҚ-тың мүмкіндіктерін барынша пайдалану және халықпен белсене кездесу керектігіне назар аударды.

https://t.me/AMANATPartiyasy

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы: «Цифрлық теңгені кеңінен қолдану шын мәнінде «ойын ережесін» өзгертеді

Мемлекет басшысы: «Цифрлық теңгені кеңінен қолдану шын мәнінде «ойын ережесін» өзгертеді

04.05.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы цифрландыру тиімділігін арттыру үшін өлшемді көрсеткіштер қажет екенін еске салды

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы цифрландыру тиімділігін арттыру үшін өлшемді көрсеткіштер қажет екенін еске салды

04.05.2026
АЛМАТЫДА ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ЕКІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АЛМАТЫДА ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ЕКІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

04.05.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған