Тілсіз жау, алапат өрт алған аумақтағы Қостанай тұрғындарына күтпеген жерден қасірет әкелді. Жұрт баспаналарынан айырылды, көк орай орманды өрт шалды. Осындай қиын кезде барша қазақстандықтардың қабырғасы қайысып, ежелгі жомарт пейілінен айнымай, қолдағы барын беріп, ыстық ықыластарын білдіруде.
Шымкенттіктер де қайырымдылық көрсетуден шет қалмай, жұдырықтай жұмылды. Тосын оқиға басталғалы Шымкенттің көптеген ұжымдары, кәсіпкерлер, қарапайым тұрғындар барыншы атсалысып, зардап шеккендерге қол ұшын созып жатыр. Солардың бірі Шымкент қаласындағы өзбек этномәдени орталығының Еңбекші аудандық филиалы да бей-жай қалған жоқ. Филиал төрағасы Т.Нишанбаевтың ұйымдастыруымен қостанайлықтарға азық-түлік пен құрылысқа қажетті материалдар тиелген екі көлік жөнелтілді.
Көптің ісі қашанда берекелі болған ғой Қандай қиын жағдайда болсын бірліктің жеңбейтіні жоқ. Алдағы күндері қостанайлықтар бүгінгі күні көрген қиындықтарын ұмытып, ертеңгі күнге деген сенімдерін нығайтары сөзсіз.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы