• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Сенбі, 25 Наурыз, 2023
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ – ТАРИХИ ТАЛАП

15.08.2022
in Қоғам, Руханият
ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ – ТАРИХИ ТАЛАП

Дәстүрлі емес конфессияларды жабу керек, құрту керек дейтін сәуегөйлер мен дақпырт жасаушылар құқықтық-демократиялық негіздерді мойындаған әлемдік үрдіс-зайырлы мемлекеттік ұстаным шеңберінде көп конфессионалды жағдайдағы елдерде діни төзімділік пен тағаттылық таныта бейбіт қатар өмір сүруді үйрену керек-ақ. Бұл әрине көп ерік-жігер мен түсіндіруді қажет ететін ыждағаттылықты талап ететін байыпты-күрделі кешенді жұмыс. Иә, ел арасында жерімізде бұрын-соңды болмаған  діни ұйымдар жайлы әңгіме бола қалса, «атойлап, аттандап» шыға келетін кетеу пайым немесе солай болып көріну арқылы біреулермен жеке есебін айырғысы келетін «пасықтар» аз емес. Мұндайға Абай хаким: «Көпте ақыл жоқ, ебін тапта жөнге сал»,-деген ғой. Әлемдік геосаяси ықпалдастықтар аясы кеңіп, қоғамда түрлі қарым-қатынастардың күрделенген тұсында жаңа заманның талап-үрдістерін ескеруіміз қажет екенін естен әсте шығара алмаймыз. Сондықтан да мемлекеттің ішкі-сыртқы саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани-діни құрылымдарының жұмыс атқару стилі мен бағдарлық жоба-нұсқаулары ұлт-мемлекет тұтастығына нұқсан келтіретін жат мүдденің ортада орын алмауы үшін халықаралық келісім фактілеріне, конвенцияларына жіті мән беріп, халық, ел, мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын атқарады. Оның негізгі бір бас тетік-құралы зайырлылық болып тұр.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: «Baqyla” еріктілері сайлаудың әділ өтуін қадағалайды

ТҮРКІСТАН: «Baqyla” еріктілері сайлаудың әділ өтуін қадағалайды

17.03.2023
ТАНЫМЫ ТЕРЕҢ ЖАН

ТАНЫМЫ ТЕРЕҢ ЖАН

14.01.2023
ЗЕЛЕНЫЙ ЧЕЛЛЕНДЖ ПРОДОЛЖИЛСЯ В ТУРКЕСТАНЕ

ЗЕЛЕНЫЙ ЧЕЛЛЕНДЖ ПРОДОЛЖИЛСЯ В ТУРКЕСТАНЕ

27.10.2022

     Еліміздің Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» деп бекітілген және бұл мемлекетпен оның түрлі наным-сенім, әдет-ғұрып, діни ұстанымдағы азаматтарының құрған қоғамдық ұйымдарының арақатынасын реттеу жолы. Алайда, зайырлы мемлекеттің классикалық үлгісі дегенде бір көзбен өлшеп-пішу талабы жоқ. Әр мемлекет өз азаматтарының тарихи-мәдени ортадағы қастерлі құндылықтарының тарихи мәні мен ел, ұлт тұтастығының негізі саналатын қазықтан адастырмайтын жол іздейді. Ғасырлар бойғы жинақталған орасан зор тәжірибелер мен қоғам дамуы талаптары тудырып отырған басты өлшем-қасиетті Құранда дәріптелген әділдік, адамгершілік, азаттық, теңдік, заңдылық аясында ғана әрекет етіп, өмір сүру!  Құқықтық мемлекеттің негізгі прициптері азаматтардың дініне, тіліне, нәсіліне, үлкен-кішісіне, тіпті азаматтығы бар-жоғына қарамай-ақ оның өміріне қауіп төндіретін қызмет атқару, демалу, білім алу, танысу мүмкіндіктеріне қайшы келетін жат пиғылдарға тыйым салынуы қажет. Зайырлылық кездейсоқ пайда бола қойған жоқ. Ол адам баласына Алланың берген азаттығын, қалау еркіндігін Алланың әділ жолын іздеу барысындағы талпынысының нәтижесіндегі жеткен жетістігі. Зайырлылықтың түрлі үлгісі бар. Бұрынғы ұстаным-үлгілерде дінге, тыйым салып, құдайсыз қоғам құру мақсатындағы мысалдар оның көне, жабайы түрлерінің бірі болса, бүгінгі үлгі адамзат қоғамын түрлі текетірестер мен қырғи қабақ соғыстардан сақтай алатын жол. Мұны біздің алдымыздағы ұрпақтар да білген.

 

Қазақ қоғамында да өзге әлем діндарлары арасындағы сияқты діни зерде ақыл-ой, сенім, ғибадат, тәрбиелік мәні зор асыл мұра саналып, оған ұлттың зиялы қауымы жанашырлық сипатта ғана емес одан әсте биік әрекетшіл парасат деңгейінде қарай алғанына тарих куә.

Бүгінгі этносаяси ықпалдастықтар аясында оның бір жарығы осы зайырлылық принципіне сүйенген ұлыстар мен ұлттар, барша азаматтарды надандық, қараңғы қасам жолдан құтқару әрекеті болып отыр. Оның бүгінгі алғашқы көрінісі мен қадамдарына мына төмендегілерді де жатқызуға болады. Еліміз Егемендік алуымен ислам қайта өрлеу кезеңінен өтті. Оған елімізде мешіттер мен діни оқу орындары көптеп ашылуы дәлел бола алады. Сонымен қатар, мемлекет басқа діндер мен конфессиялардың да бейбіт қатар өмір сүруіне мүмкіндік жасады. Бұған еліміздегі сенім бостандығына байланысты қабылданған либералды заңды айта аламыз. Дәстүрлі емес діни ағымдар, оның ішінде ислам атын жамылған теріс ойлы діни-саяси топтардың мұсылмандар арасына сыналып енуін алғашқы кезең мұрсат беріп қойды. Олардың діни топтар ретінде көптеп таралуына себеп болды. Исламның дамуына радикалды және экстремистік топтардың жат идеяларды уағыздауы кесірін тигізді. Осы жағдайларға байланысты елімізде дәстүрлі ханафи бағытындағы исламның дамуына үлкен орын берілуіге көңіл бөлінуде. Және солай болуы да керек.

Қазақстан Республикасының жас мемлекет ретіндегі қалыптасу кезеңін барынша тиімді зерттеп, өздерінің арамза пиғылдарын  жүзеге асырғысы келетін шетелдік жат, жау күштер алғашқы жылдардағы тәжірибеміздің аздығын пайдаланып, діни ахуал мен сезімге, көңіл – күйге барынша әсер етуге талпынып, түрлі жолдарды пайдаланды.

Елімізге тәуелсіздіктің 30 жылында жымысқы мақсаттарын бүркемелеп, арамза пиғылмен енген діни ұйымдар мен ағымдар үшін осы өтпелі кезеңде қадағалаудан тыс қалған әлеуметтік топ үгіт-насихат жүргізетін негізгі обьектіге айналып, талай адамдарымыз алдау мен арбауға түсіп үлгерді.

Мұнымен біз күресті дер кезінде бастап, жүргізіп отырмыз. Н.Назарбаев айтқандай: «Діни экстремизммен күрес, дінмен күреске айналып кетпеуі тиіс». Бұл-зайырлы мемлекеттің тұғырлы идеясы және тарихи дәуір талабы болып табылады.

 

 

Шымкент қаласы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Асыл мұра» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

24.03.2023
ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

24.03.2023
I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

24.03.2023
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

Are you sure want to unlock this post?
Unlock left : 0
Are you sure want to cancel subscription?