• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 27 июня, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Денсаулық

ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН ҚАЛАЙ АРЫЛУҒА БОЛАДЫ?

03.08.2022
in Денсаулық
ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН ҚАЛАЙ АРЫЛУҒА БОЛАДЫ?

«Ертеңнен бастап, темекіні тастаймын! Айтқаным айтқан! Ертеңнен бастап, диетаға отырмасам ба?..» Өз-өзімізге осындай уәде беруден жалыққан емеспіз. Ал ертең… Ертең бәрі күндегіше. Ұйықтар алдында ойланып жатып тағы да «Осы ертең болсыншы» дейміз…

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ЗИЯНКЕСТЕР МЕН КЕМІРГІШТЕРГЕ ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОВОДЯТСЯ РАБОТЫ ПО БОРЬБЕ С ВРЕДИТЕЛЯМИ И ГРЫЗУНАМИ

09.06.2026
ШЫМКЕНТТЕ ЗИЯНКЕСТЕР МЕН КЕМІРГІШТЕРГЕ ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ ЗИЯНКЕСТЕР МЕН КЕМІРГІШТЕРГЕ ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

09.06.2026
Шымкентте «Есірткісіз қала» акциясы ұйымдастырылды

В Шымкенте прошла акция «Город без наркотиков»

09.06.2026

Зиянды әдеттер бүкіл бітімімізді сүйкімсіз қылып көрсетіп қана қоймай, денсаулығымызға да белгілі бір дәрежеде кері әсерін тигізіп жатады.

Зиянды әдеттер — біз ойланбастан автоматты түрде істейтін дағдылар. Мысалы, ұстап отырған қаламсабын тарсылдата беру, тырнағын тістей беру, ернін тістелей беру, саусағын сықырлату, интернетке тәуелділік, теледидарға құмарлық, ониомания (шопоголизм), ойынға бағыныштылық т.б. Темекі, ішімдік, анаша атаулысына деген бағыныштылық өте зиянды әдеттердің қатарына жатады.

Бұндай әдеттерден құтылу үшін ең алдымен бұл әдетті қай кезден бастап жұқтырдыңыз? Пайда болуының себебі неде? Осыған бойлағаныңыз жөн… Ешкім де зиянды әдеттермен бірге тумайды, сондықтан олардан арылу әбден мүмкін екенін естен шығармаңыз. Не нәрсенің де тамырына асқынбай тұрып балта шапқан жөн. Зиянды әдетті кішкентай баланың бойынан көрсеңіз, дереу тоқтатуға асығыңыз.

Зиянды әдетіміз бізге әлдене әсер еткенде пайда болады. Мысалы, темекіні күйзеліске түскенде көп тартамыз. Ал шылым шекпейтін екінші бір адам сіз темекі тартып тұрғанда қандай күйде болуы мүмкін?

Бір бала 8 жасында күнге қарай беретін әдет шығарды. Ата-анасы бұған аса мән бермей, «Есі кірген соң, өзі-ақ қойып кетеді» деп немқұрайлық танытты. Өсе келе, баланың оң көзі ақилана бастады. Дәрігерлер бұл кішкене күнінен бастап, оң жағынан аспанға қарай бергеннің кесірі деген қорытындыға келді…

Канадада әлеуметтанушылар зиянды әдеттер төңірегінде зерттеу жүргізді. Нәтижесінде әр адам өзінің зиянды әдетінің қандай екенін және оның зиян екенін жақсы білетіні анықталды. Дегенмен, ешқайсысы одан арылуға бет бұра қоймаса керек.

Зиянды әдеттен арылу үшін себебін біліп алыңыз дедік. Содан кейін осы әдеттен расымен арылғыңыз келе ме? Өзіңізге ерік беріңіз. Расымен арылғыңыз келсе, нақты шешім қабылдап, сол шешіміңізден қандай жағдайда да бас тартпаңыз. Ал егер өз-өзіңізге сенімсіз болсаңыз, өзіңізге сенімді болғанша, зиянды әдеттен арылу шешіміңізді бастамай тұра тұрғаныңыз жөн…

Зиянды әдеттен арылудың бірден-бір тиімді тәсілі мынау: Адамның барынша жағдайын жасап алуы. Яғни, осы жолда кедергі болады-ау деген нәрселерге жоламау.

Зиянды әдетіңіз — тамақты шамадан тыс көп жейсіз. Тез арада тоқтатуыңыз керек. Ол үшін өзіңізге жағдай жасаңыз. Мысалы, кешкісін үйге кірерде, дүкенге соқпай өтіңіз. Одан кейін Массагеткз дәл сіздікіндей зиянды әдеті бар адамдардан алшақ жүруіңізді ұсынады. Ішімдіктен тиылғыңыз келсе, ішімдігі көп ортадан ат басын ала қашқаныңыз жөн.

Және зиянды әдетімнен арылам деген екенсіз, өзіңізді қатал бақылауда ұстаңыз. Мәселен, сөз арасында паразит сөздерді қолданатын әдетіңіз бар делік. Ертең ел алдына шығып, сөз сөйлегелі отырсыз. «Жаңағы», «ім-м-м», «не ғой» деп тұрсаңыз, сөзіңізден әр, жұрттан береке қашады. Дегенмен, саспаңыз. Ерік-жігеріңіз мықты болса, бәрін жеңуге болады.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Инвестиции – основа экономики: в Шымкенте прошел форум по сопровождению инвестиционных проектов

27.06.2026
Инвестиция – экономика негізі: Шымкентте инвест-жобаларды сүйемелдеу форумы өтті

Инвестиция – экономика негізі: Шымкентте инвест-жобаларды сүйемелдеу форумы өтті

27.06.2026
ТҮРКІСТАНДА ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫМЕН САЛЫНҒАН ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК АШЫЛЫП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН АКЦИЯ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫМЕН САЛЫНҒАН ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК АШЫЛЫП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН АКЦИЯ ӨТТІ

27.06.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған