• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Сенбі, 25 Наурыз, 2023
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

БҮГІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ АУДАНҒА ІС-САПАРЫМЕН КЕЛДІ

18.08.2022
in Басты ақпарат
БҮГІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ АУДАНҒА ІС-САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Бүгін Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттары Ә.Бектаев және Ә.Құртаев Сайрам ауданында іс-сапарымен болды.
Көлкент ауылдық округіне қарасты Көлкент көлінде өткен іс-сапар барысында жергілікті тұрғындардың жағдайымен және екі өнім өсіретін шаруа қожалығының жұмысымен танысты.
Кездесудің негізгі мақсаты — елді мекен тұрғындарының тыныс-тіршілігі мен туындаған мәселелерімен танысу, шешілу жолдарын қарастыру.
Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Хасанов Бахытбек жүргізіп отырды. Оған аудандық дербес бөлім басшылары, «Amanat Partiyasy Sairam Audany» филиалының Атқарушысы хатшысы Алмас Абдикадиров және тұрғындар қатысты.
Осы мақсатта халықтың игілігі мен мемлекеттің дамуы үшін Қазақстан Республикасында қолданысқа жаңадан енген заңдарға, сонымен қатар талқыланып, қаралып отырған заң жобаларына, қабылданған өзге де өзгерістерге тоқталып өтті.
Жиында бірқатар тұрғындар мен белсенділер тарапынан егінді суғаруға су науаларын салу, белгілі кәсіпкер Х.Сармановқа қатысты қылмыстық іс, азық-түлік және ауыл шаруашылық өнімдері бағаларының негізсіз өсуін тоқтату, ауыз су жүйелерін қаржыландыру, интернет желісін жылдамдату секілді өзекті мәселелердің заң аясында зерделеп, шешімін табуға ықпал етулерін сұранды.
Сенаторлар барлық сұрақтарды заң аясында қарап, бақылауға алынатынын айтып, нақты жауаптарын берді. Алдағы уақытта жазбаша ұсыныс хаттарды жолдау қажеттігін ескертті.
Кездесуде ауыл ақсақалдары ауданға ат басын бұрып келгендері үшін ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Кездесуден кейін халық қалаулылары «Ёшлик» шаруа қожалығында болып, екі өнім өсіретін шаруашылықтың жұмысымен танысты. Шаруа қожалығының басшысы К.Рустемовтің пікірінше, 4 гектар аумағын құрайтын жеріне бірінші айналымында картоп егіліп, гектарына 25-30 тоннаға жуық өнімдерін жинап алған. Екінші айналымында қияр және қырыққабат көкөністерін өсіруде. Қияр өнімінің 2-3 терімі болғанын, ал жақын күндері қырыққабат өнімдері сатылымға шығарылатын болады. Жалпы әр гектарынан 60-80 тонна шамасында өнім алуды көздеп отыр. Өнімділікті арттыру үшін тыңайтқыштар және қажетті дәрумендер берілуде. Шаруа қожалығының басшысы ағын су мәселесі және ауыл шаруашылығына қолдау мақсатында мемлекет тарапынан қаралған көмектерді көрсетуді сұранды.
Өз кезегінде табиғи таза өнімді өндіру және өнімділігін арттыру бағытында ауыл шаруашылығына қолдау көрсетілетіні, субсидиялар негізінен ірі бизнес субъектілеріне және де технологиялық процестерді қолдауға бағытталғаны түсіндірілді.
Аралау соңында шаруа қожалығының мол өнімге қол жеткізіп, бейнетті еңбектің берекелді болуына тілектерін жеткізді.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

24.03.2023
ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

24.03.2023
I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

24.03.2023

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

24.03.2023
ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

24.03.2023
I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

24.03.2023
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

Are you sure want to unlock this post?
Unlock left : 0
Are you sure want to cancel subscription?