• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Жексенбі, 2 Сәуір, 2023
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

АУДАНДА «АЛТЫН АДАМ» ТІГІН ФАБРИКАСЫ БІРЫҢҒАЙ МЕКТЕП ФОРМАСЫН ТІГІП ШЫҒАРУДА

18.08.2022
in Басты ақпарат
АУДАНДА «АЛТЫН АДАМ» ТІГІН ФАБРИКАСЫ БІРЫҢҒАЙ МЕКТЕП ФОРМАСЫН ТІГІП ШЫҒАРУДА

Жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалды. Тамыз айында ата-аналар балаларын мектепке дайындап, оларға ең қажетті мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алады. Осы орайда, көптеген ата-ана мектеп формасын сапалы және қолжетімді бағада сатып алғысы келеді.
Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап аудан орталығында орналасқан «Алтын адам» тігін фабрикасы мектеп балалары үшін мектеп формасы тігіп шығаруда. «Golden Nomad» пен «Алтын адам» киім бренді Қазақстанның өзге өңірлерінде жақсы танылған.
Ауданда 2013 жылдан бастап тігін фабрика іске қосылған. Бастапқыда классикалық үлгідегі ерлер киімі тігіліп, тікелей тапсырыстар алынып, өнімдері Шымкент қаласындағы және өзге өңірлердегі дүкендерге сатылымға шығарылған. Кейінгі жылдары осы өнімге тапсырыс азайған соң, мектеп формасын тігуге көшкен. 8 жылдан бері бірыңғай мектеп формасына тұрақты тапсырыс берілуде. Жыл сайын 30 мың дана балалардың мектеп киімінен құралған бір жинақ дайындалады. Бұдан бөлек, темір жол, қорғаныс істері қызметкерлері үшін арнайы жұмыс киімдерін дайындауға тапсырыс алынып, қазіргі таңда тігу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, аса жұқпалы коронавирус аурулары кезінде 30 мың данадан артық бетперде тігіліп шығарылған.
Дайын өнімдері Республика аумағында, оның ішінде Астана қаласындағы екі дүкенге және жыл сайын өтетін жәрмеңкелерге қатысып, сатылымға шығарылып отырады. Өнімдерінің сапасы, киюге ыңғайлылығы, мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау мәселелері ойластырылған.
Аталған фабрика елімізде теңдесі жоқ, қажетті заманауи үлгідегі Түркия, Жапония және Қытай елінен автоматтандырылған құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Фабрика басшысы Халмұратова Балжан Оразәліқызының берген мәліметінше, биыл Алматы облысына қарасты 4 мектеппен келісімшарт түзіліп, 10 мың дана мектеп формасын дайындап шығаруға тапсырыс алынған.
Мектеп формасының ұл және қыз балалар үшін бір жинағы 14500 теңге құрап тұр.  Оның ішінде жейде 3000, костюм 5500, шалбар 4500, жилет 3500, белдемше 3000 теңге көлеміндегі бағада сатылуда.
Дайын тауар өнімдерін шығару үшін жалпы 3 ай мерзім көлемінде уақыт алады. Тапсырыс берушілерлермен келіссөздер жасалған соң, қажетті маталарды таңдап, сатып алуға 2 ай, сонан соң киімдерді пішіп, тігу үшін                  1 ай уақыт жұмсалатыны ескертіледі.  Маталар Түркия, Қытай елдерінен және Алматы қаласынан келісімшартпен сатып алынады. Яғни, шетелдің шикізатынан мата мен жібі қолданылады.
Фабрикада қалған дайын өнімдер де тұрғындардың сұранысына сәйкес, ұсынылып отырады.  Фабрика 1 ауысымда, таңертең 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейінгі уақыт аралығында жұмыс істейді. Серіктестікке 70-80 жұмысшы қамтылған. Алдағы уақытта тапсырыс көбеюіне қарай 200-ге жуық адам жұмысқа тартылуы мүмкін.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз...

600-ГЕ ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ СУБСИДИЯСЫН АЛҒАН

600-ГЕ ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ СУБСИДИЯСЫН АЛҒАН

31.03.2023
ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

31.03.2023
ШАРУАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ

ШАРУАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ

31.03.2023
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

600-ГЕ ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ СУБСИДИЯСЫН АЛҒАН

600-ГЕ ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ СУБСИДИЯСЫН АЛҒАН

31.03.2023
ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

31.03.2023
ШАРУАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ

ШАРУАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ

31.03.2023
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

Are you sure want to unlock this post?
Unlock left : 0
Are you sure want to cancel subscription?