• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Жексенбі, 2 Сәуір, 2023
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Денсаулық

БАЛАҢЫЗДЫ ЭЛЕКТРОНДЫ СИГАРЕТТЕН ҚОРҒАҢЫЗ!

16.07.2022
in Денсаулық
БАЛАҢЫЗДЫ ЭЛЕКТРОНДЫ СИГАРЕТТЕН ҚОРҒАҢЫЗ!

Көзі қарақты оқырманның есінде болса, қаңтар айының басында біз газетімізде электронды темекінің зияны туралы мақала жариялағанбыз. Ізденіс үстінде біз қытай елінде шығарылған электронды темекіден Америкада ауру белгілері белгісіз тыныс жолдары дертімен 500 адам ауырып ауруханаға түскенін және бес адамның қайтыс болғанын жазған едік. Сол кезде Америка үкіметі Қазақстанға кытай электронды темекісін пайдаланбау жөнінде шұғыл үндеу тастаған болатын. Біз бұны неге жазып отырмыз? Қазіргі кезде ел іші мен әлеуметтік желіде «тәж вирусы» індеті жалған екен деген сөз желдей есуде. «Қазақстан дәуірі» газеті бұндай қауіпті қауесетке елді сенбеуге үндейді. Осы мақаланы қайта оқып шығуды ұсынамыз. Үйден шықпаймыз! Біз біргеміз!

Оқи отырыңыз...

В ТУРКЕСТАНЕ БОЛЕЕ 2000 ЧЕЛОВЕК ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ В МАРАФОНЕ ПО БЕГУ

В ТУРКЕСТАНЕ БОЛЕЕ 2000 ЧЕЛОВЕК ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ В МАРАФОНЕ ПО БЕГУ

30.10.2022
ТҮРКІСТАНДА 2 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҮГІРУДЕН МАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАНДА 2 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҮГІРУДЕН МАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ

30.10.2022
Денсаулық және ұзақ өмір сүрудің ережелері

Денсаулық және ұзақ өмір сүрудің ережелері

29.10.2022

Электронды сигареттердің адам денсаулығына зияндылығын зерттеу бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Дөңгелек үстелде» мамандар тыныс жолымен ауыратын 17 науқасқа талдау жүргізгенін айтқан. Дәрігерлер зерттеуді 2019 жылы жүргізген. Сол кезде, өкпе дертімен ауырған 17 науқастың, құрамында 71 пайыз марихуана және каннабис майы араласқан вейпинг темекі тартқанын анықтаған. Осылардың ішінде, екі пациенттен басқасының өкпесі екі жағынан қарайып кеткені белгілі болған екен. Электронды сигареттерде адам организміне өте зиянды токсиндер қоспасы мен канцорегендер, улы заттар бар. Буланып қызған кезде, майдан, не құралдың өзінен бөлініп шығатын металл элементтері байқалған. Оның үстіне, девайстар жарылып, тұтынушының денсаулығына кауіп болуы мүмкін дейді, мамандар. Ал, темекі мен ішімдікке әуес, нашқорларды отыз жылдан астам уақыт емдеп келе жатқан тәжірибелі нарколог-дәрігер, Тоқтар Қойшыбеков, елімізде электронды сигареттері жарылып кетіп, уланып қалған оқиғалар кездесіп жатқанын айтып, қынжылысын жасырмады.

Электронды темекі шығарушылар жарнаманы жүйелі, әрі сауатты жүргізетіні сондай, соңғы жылдары әлемді шарлап, дүрліктіріп, қазақстанға да келіп жетті. Адам организміне никотин жеткізетін анашаның бір түрі болғандықтан, қазақ жастары бұны ата-аналарынан тығып шегіп келген. Біз білмегенмен, әсіресе, оқушылар арасында бұны қолданушылар көп екен. Балалар электронды сигаретті қайдан табады десеңізші? Әрине, интернет арқылы! Өз тауарларын үнемі өткізіп отыру үшін, қазіргі кезде, есірткі, анаша таратушылар ата-анасынан жырақта жүрген оқушылар мен жастарды нысанаға алып отыр. Сондықтан, сатушылар тауар сатуды түрлі амал-тәсілдермен жүзеге асырады. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының мамандары жүргізген зерттеуде, оқушылар электронды темекіні olx.kz сайтындағы интернет дүкеннен 2-3 мың теңгеге сатып алатындарын айтқан. Ал, нарықтағы өз бағасы өте қымбат тұратын көрінеді. Сонда, оқушылардың сатып алып жүргені жасанды жолмен жасалған қауіпті зат болғаны ма? Әлде, осылай үйірсектетіп, электорнды темекіге тәуелді етіп алған соң, бағасын аспандатып жібере ме? Электронды темекіні тек хош иістендірілген аэрозоль десек, қателесеміз. Оның ішіне есірткі де салады дейді, нарколог-дәрігерлер. Оның дәлелі, америкада осы электронды темекіге уланып бес адам қайтыс болса, осы құралды қолдану белгісі бар, жұмбақ аурумен 500 адам ауруханаға түскен. Америка елі бұны эпидемялық ахуал деп дабыл қағып, халқының денсаулығын қорғау мақсатында, елге электронды темекі кіргізуге тыйым салатын заң шығарған.  Және, электронды темекіден бас тартуға қазақстандықтарды үндеп отыр.

Ал енді бұны жасап шығарушылар бұл құрал темекіге тәуелді адамдарды тәуелділіктен арылуына көмектеседі дейді – міс, беттері бүлк етпей. Бірақ, бұл сөздің шындыққа жанаспайтынына куә болып отырмыз. Жаны ашығансыған жарнама астарында тек ақша жасау мен адам организмі арқылы іске асатын биологиялық соғыстың үлкен саясаты жүріп жатқанын байқаймыз.

Этикалық, не эстетикалық тәрбие-тағылымы жоқ бұл затты кім, қайда ойлап тапқан?  Жалпы, электронды темекі қайдан шыққан? Қарап отырсақ, 2000 жылы электронды темекі болған екен. Ал, бірақ, әлемде кең тарап жатқан қазіргі версиясын 2003 жылы қытай фармацевті Хон Лик жасап шығарған екен. 2007 жылы патенттеп алғаннан кейін әлемдік саудаға шығара бастаған. Қазіргі кезде  электронды темекінің 466 түрін әлемге саудалауда. (Электронная система доставки никотина (ЭСДН).  Бұл құралдың ішіне хош иістендірілген сұйық пропиленгликоль мен глицерин майы мен никотині бар аэрозоль құйылады. Никотинсіз ЭТ (электронды темекі) де бар. Бірақ, көптеген зерттеулер темекіге құмарлардың никотині бар темекіні көп тартатынын анықтаған екен. Нарколог-дәрігер Тоқтар Қойшыбеков, пропиленгликоль мен глицерин майы қызып тыныс алу жолдарынан өтіп, өкпеге жетпей тұрып қалады. Сөйтіп, адамның тыныс алу жолдарын бұғаттап тастайды да, адам өкпесіне таза ауа жеткізуді тежейді. Және, соңында өкпе дертіне шалдықтырады дейді. Осыған қарамай, әлемде электронды темекі тартушылар саны артып келеді екен. Еуроодаққа мүше 27 елде 2012-14 жылдары 7,2 ден 11,6 пайызга электронды темекі тартушылар саны көбейген екен. Жасы он сегізден асқандар арасында 3,7 пайыздан 4,9 пайызға дейін адамдар электронды темекі тартады екен. Ағылшын елінде 4 пайызы, Канада халқының 8,5 пайызы осы темекіні қолданады екен. Зерттеулерге қарасақ америкадығы жоғары мектеп студенттері мен оқушылар арасында айналдырған үш жыл ішінде, 2011-14 жылдар арасында 800 пайызға артып кеткен. Сұрау жүргізгенде америкалықтардың 95% электронды темекінің денсаулыққа зиянын айтқан. Ал электорнды темекі қолданғандардың көпшілігі бұл құралды темекі тартудан арылу үшін қолдандық деген.

Осыдан екі-үш жыл бұрын, желім затты аузына салып бара жататын тұрпайылау көріністі ауладан, көшеден көру жиілей бастаған еді. Және, оны қазақ балаларының емес, славян тектес ұл-қыздардың қолынан жиі көруші едік. Жаман әдет тез жұғады ғой, кейінгі кезде қазақ жігіттері мен оқушы ұлдардың қолынан осы затты ара-тұра көріп қалатын болдық. Өте өкінішті, әрине!

Дегенмен, әлем ғалымдары мен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы вейптердің адам денсаулығына зиянын жіті зерттеуді қолға алған. Ал Қазақстанның қоғам денсаулығын сақтау Ұлттық орталығы электронды темекіден бас тартып және балалардың денсаулығын қауіптен қорғау керектігін ескертуде.

 

Зүбайра Әкімова

Мақала «Ауырмаңыз!» газетінен алынды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

600-ГЕ ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ СУБСИДИЯСЫН АЛҒАН

600-ГЕ ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ СУБСИДИЯСЫН АЛҒАН

31.03.2023
ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

31.03.2023
ШАРУАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ

ШАРУАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ

31.03.2023
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

Are you sure want to unlock this post?
Unlock left : 0
Are you sure want to cancel subscription?