• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Сәрсенбі, 22 Наурыз, 2023
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Денсаулық

ЛАВР ЖАПЫРАҒЫНЫҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ПАЙДАСЫ

04.08.2022
in Денсаулық
ЛАВР ЖАПЫРАҒЫНЫҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ПАЙДАСЫ

Лавр жапырағы бәріміздің де ас үйімізде бар. Оны көбіне қуырылған және бұқтырылған ет, сорпа секілді тағамдарға қосамыз. Алайда бұл жапырақтың халық медицинасында көп қолданатынын біріміз білсек, енді біріміз білмеуіміз мүмкін. Оның құрамындағы эфир майы, органикалық қышқылдар қабынуға қарсы әсер етеді. Лавр жапырағы субтропикалық климатта күн сәулесінен энергия алып өседі. Сол себепті оның адам ағзасына пайдасы көп. Енді біз көптеген дәрі-дәрмектің орнын қарапайым жапырақтың баса алатынын білеміз. Лавр жапырағы төмендегідей аурулардың алдын алуға көмектеседі.
Диабет кезінде.
Лавр жапырағының көмегімен қаныңыздағы қант мөлшерін төмендете аласыз. Ол үшін термосқа 10 жапырақ салып, 3 стақан қайнаған су құйыңыз. Тұнба 3 сағаттан кейін дайын болады. Бұл емдік сусынды күніне 3 рет тамақ жерден жарты сағат бұрын ішіңіз. Емделу курсы — 2 апта.
Арықтағыңыз келсе.
5-6 жапырақты ұсақтап турап, 1 стақан салқын су құйып, бір түнге қалдырыңыз. Таңертең лавр суын 15 минуттай қайнатып, қақпақтың астында тағы 30 минут сақтаңыз. Қайнатпаны күніне 3 рет ішіңіз. Емделу курсы — бір жеті. Одан кейін міндетті түрде 2 аптадай үзіліс жасауыңыз керек. Сусын дәмді болу үшін бал, жаңғақ, даршын, жанжабіл, кардамон қосып ішуіңізге болады.
Ауыз қуысы ауруларына қарсы.
Егер аузыңыздан жағымсыз иістер шықса, сіздің қызыл иегіңіз ісінсе, қанжел, стоматит, гингивит секілді ауруларға ұшыраған болуыңыз мүмкін. Олардың алдын алу үшін тамақ арасындағы үзілісте лавр жапырағын шайнаңыз. Нәтижесіне көзіңізді жеткізесіз.
Ұйқысыздыққа ұшырасаңыз.
Лавр жапырағының иісі дәрілік шүйгіншөптен кем тыныштандырмайды. Жастығыңыздың астына бірнеше лавр жапырағын салып жатсаңыз, жаңа туған нәрестедей ұйықтайсыз. Бұл әдіс балаларға да пайдалы. Мұндай хош иістен бала керемет қалың ұйқыға кетіп, түн ұйқысын мүлдем бөлмейді.
Ара шаққан кезде.
Ара шағып алған кездегі сезім бәріңізге де таныс шығар. Егер сондай жағдайға тап болсаңыз, лавр жапырағын ара шаққан жерге қойып, байлап тастаңыз. Қабыну тез арада кетеді.
Үйіңіздегі ауаны хош иістендіреді.
Лавр жапырағының құрамында эфир майы болғандықтан үйіңізді залалсыздандыратын қасиетке ие. 10-15 жапырақты алып, қайнатып, бөлмелеріңізге қойыңыз. Бірнеше минуттан кейін керемет хош иіс шығатын болады.

Оқи отырыңыз...

В ТУРКЕСТАНЕ БОЛЕЕ 2000 ЧЕЛОВЕК ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ В МАРАФОНЕ ПО БЕГУ

В ТУРКЕСТАНЕ БОЛЕЕ 2000 ЧЕЛОВЕК ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ В МАРАФОНЕ ПО БЕГУ

30.10.2022
ТҮРКІСТАНДА 2 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҮГІРУДЕН МАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАНДА 2 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҮГІРУДЕН МАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ

30.10.2022
Денсаулық және ұзақ өмір сүрудің ережелері

Денсаулық және ұзақ өмір сүрудің ережелері

29.10.2022

Мақала «Ауырмаңыз!» газетінен алынды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРОФОРУМДА 257 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРОФОРУМДА 257 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

20.03.2023
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУ КҮНІ 86 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУ КҮНІ 86 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

19.03.2023
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС

19.03.2023
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

Are you sure want to unlock this post?
Unlock left : 0
Are you sure want to cancel subscription?