• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 17 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Аймақ

АУРУХАНАЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ

26.07.2022
in Аймақ, Денсаулық
АУРУХАНАЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары аясында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевпен кездесті. Министр өз жұмысының басым бағыттары туралы хабардар ете отырып, жаңа медициналық бекеттер мен дәрігерлік амбулаториялар салуды, ФАП-тарды кеңейтуді көздейтін ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ауқымды жоба жайлы айтып берді. Бұл, әсіресе, шалғай елді мекендерді дамытуға бағытталмақ.

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы:

Мемлекет басшысы:

14.07.2025
ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

06.07.2025
ҚАЛАМЫЗДА ҚҰТЫРУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ТЕГІН ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ҚАЛАМЫЗДА ҚҰТЫРУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ТЕГІН ЖҮРГІЗІЛЕДІ

02.07.2025

Жоба аясында аудандық және ауданаралық ауруханалардың мәртебесі артып, олардың базасында инсульт орталықтары, шағын инвазивті хирургия бөлімшелері ашылады. Сондай-ақ, бұл жоба ауыл тұрғындары үшін кәсіби тексерулерді кеңейтуді, медицина кадрларын даярлауды көздейді. Ауыл тұрғындары үшін мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында аудандық және ауданаралық ауруханалардың мәртебесі көтерілетін болады.

Аудандық ауруханалар базасында инсульт орталықтары, шағын инвазивті хирургия, травматология, медициналық оңалту бөлімшелері ашылады.

Министр дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі заң жобасына да тоқталып өтті. Қазір ол құжат Парламентте қаралуда.

«Аталған заң жобасы адам денсаулығына келтірілген зиянды өтеу тетігі арқылы емделушінің мүддесін қорғауға бағытталған, сондай-ақ бұл нормалар халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал етеді, дәрігерлердің мәртебесін арттыруға мүмкіндік береді» деді А.Ғиният.

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев аталған бастамалар бойынша қолдау білдіріп, жаңа денсаулық сақтау нысандарының құрылысын іске асыру, медициналық ұйымдардың кадрлық қамтамасыз етілуін қолдау, пайдалануға берілетін нысандарды заманауи жабдықтармен жарақтандыру жоспарларын атап өтті.

Түркістан облысына сапары барысында министр жаңадан бой көтерген жедел медициналық жәрдем стансасының жұмысымен танысып, «Қамқорлық» балаларды оңалту орталығында болды. Түркістан қалалық емханасының үздік тәжірибелер орталығының жұмысын көріп, өңірдің медицина қызметкерлерімен кездесті. Түркістандықтармен есеп беру кездесуін өткізді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

2025 – ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

2025 – ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

16.07.2025
Предприниматели Шымкента совместно с сенатором обсудили вопросы в сфере образования

Предприниматели Шымкента совместно с сенатором обсудили вопросы в сфере образования

16.07.2025
Сенатор және Шымкенттің кәсіпкерлері білім саласындағы мәселелерді талқылады

Сенатор және Шымкенттің кәсіпкерлері білім саласындағы мәселелерді талқылады

16.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған