• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Жексенбі, 26 Наурыз, 2023
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Аймақ

Ауруханалардың жұмысы жаңа деңгейге көтеріледі

25.07.2022
in Аймақ, Денсаулық
Ауруханалардың жұмысы жаңа деңгейге көтеріледі

Денсаулық сақтау минис-трі Ажар Ғиният Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары аясында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевпен кездесті. Министр өз жұмысының басым бағыттары туралы хабардар ете отырып, жаңа медициналық бекеттер мен дәрігерлік амбулаториялар салуды, ФАП-тарды кеңейтуді көздейтін ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ауқымды жоба жайлы айтып берді. Бұл, әсіресе, шалғай елді мекендерді дамытуға бағытталмақ.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТ:  ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ 800-ГЕ ЖУЫҚ САРБАЗ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАЙДЫ

ОКОЛО 800 СОЛДАТ СДЕЛАЮТ СВОЙ ВЫБОР

19.03.2023
ШЫМКЕНТ:  ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ 800-ГЕ ЖУЫҚ САРБАЗ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАЙДЫ

ШЫМКЕНТ: ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ 800-ГЕ ЖУЫҚ САРБАЗ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАЙДЫ

19.03.2023
ТҮРКІСТАН: «Baqyla” еріктілері сайлаудың әділ өтуін қадағалайды

ТҮРКІСТАН: «Baqyla” еріктілері сайлаудың әділ өтуін қадағалайды

17.03.2023

Жоба аясында аудандық және ауданаралық ауруханалардың мәртебесі артып, олардың базасында инсульт орталықтары, шағын инвазивті хирургия бөлімшелері ашылады. Сондай-ақ, бұл жоба ауыл тұрғындары үшін кәсіби тексерулерді кеңейтуді, медицина кадрларын даярлауды көздейді. Ауыл тұрғындары үшін мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында аудандық және ауданаралық ауруханалардың мәртебесі көтерілетін болады.

Аудандық ауруханалар базасында инсульт орталықтары, шағын инвазивті хирургия, травматология, медициналық оңалту бөлімшелері ашылады.

Министр дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі заң жобасына да тоқталып өтті. Қазір ол құжат Парламентте қаралуда.

«Аталған заң жобасы адам денсаулығына келтірілген зиянды өтеу тетігі арқылы емделушінің мүддесін қорғауға бағытталған, сондай-ақ бұл нормалар халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал етеді, дәрігерлердің мәртебесін арттыруға мүмкіндік береді» деді А.Ғиният.

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев аталған бастамалар бойынша қолдау білдіріп, жаңа денсаулық сақтау нысандарының құрылысын іске асыру, медициналық ұйымдардың кадрлық қамтамасыз етілуін қолдау, пайдалануға берілетін нысандарды заманауи жабдықтармен жарақтандыру жоспарларын атап өтті.

Түркістан облысына сапары барысында министр жаңадан бой көтерген жедел медициналық жәрдем стансасының жұмысымен танысып, «Қамқорлық» балаларды оңалту орталығында болды. Түркістан қалалық емханасының үздік тәжірибелер орталығының жұмысын көріп, өңірдің медицина қызметкерлерімен кездесті. Түркістандықтармен есеп беру кездесуін өткізді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

24.03.2023
ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

24.03.2023
I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

24.03.2023
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

Are you sure want to unlock this post?
Unlock left : 0
Are you sure want to cancel subscription?