• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 16 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Түркістанда отандық үздік өндірушілер анықталды

05.08.2022
in Басты ақпарат
Түркістанда отандық үздік өндірушілер анықталды

Түркістан облысында «Қазақстанның үздік тауары»  көрме-байқауының өңірлік жеңімпаздары анықталды. Байқауға 80-ге жуық  компания өтінім беріп, үздіктері республикалық сынға жолдама алды.

Оқи отырыңыз...

Көлік-логистика саласын цифрландыру бойынша ведомствоаралық жобалық топ құрылды

15.05.2025
Жабдықтар шығындарын өтеу: кәсіпорындар жаңа ынталандыру шарасының артықшылығын пайдаланады

Жабдықтар шығындарын өтеу: кәсіпорындар жаңа ынталандыру шарасының артықшылығын пайдаланады

15.05.2025
ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025

Ауқымды шараға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов қатысты.

Өңірдің 77 өндірушісі қатысқан көрмеде отандық өндіріс тауарларының үздік үлгілері: тамақ және жеңіл өнеркәсіп, қайта өңдеу және құрылыс өнімдері, өнеркәсіп жабдықтар ұсынылды. Олардың көбі бұл байқауға бірнеше рет қатысып, Сапа менеджментінің жоғары стандарттарына ие болды. Арнайы байқау комиссиясы «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтады.

«Бүгін өз өтінімдерін ұсынған компаниялар арасында біздің тұрақты қатысушыларымыз да, жаңадан келгендер де — жеңіл, тамақ өнеркәсібінің, қызмет көрсету саласының лайықты өкілдері бар екені қуантады. Өңірлік кезеңнің лауреаттары біздің облысты республикалық көрме-байқауда көрсететін болады. Өңірлік деңгейдегі жеңіс оған қатысушыларға өнімдері туралы бүкіл Қазақстанға мәлімдеуге мүмкіндік береді. Бұл жоғары нарықтық бәсекелестік жағдайында өте маңызды», — деп атап өтті облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Еске салайық, байқауды ұйымдастыру 2015 жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жергілікті жерлерде — өңірлік палаталарға жүктелген. Байқауға қатысудың басты өлшемшарттары – өндірілетін өнімнің, орындалатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің сапасы саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізу, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін пайдалану, халықаралық стандарттарды енгізу, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Көрменің қонақтары мен қатысушылары түркістандық өндірушілердің өнімімен танысып қана қоймай, оны сатып алды. Түрлі өнімдер — ет, сүт, нан және кондитерлік тағамдар, халық тұтынатын тауарлар, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары және басқалар төмендетілген бағамен ұсынылды.

«Өңірлік көрме-байқау – біздің өндірушілер үшін өз әлеуеті мен мүмкіндіктерін көрсетуге жақсы мүмкіндік. Байқауға қатысуға бастапқыда 100-ден астам бизнес субъектісі өтінім берген, жарысқа 80-ге жуығы қатысады. Мәреге арнайы байқау комиссиясы таңдайтын ең мықты және лайықтылар келеді», – деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нахипбеков.

Сондай-ақ, көрме қонақтарының арасында лотерея ойнатылып, бағалы сыйлықтар ұсынылды. Шараға демеушілер: Rixos Turkіstan қонақүйі, «Арай Deluxe» шипажайы, Silk Way қонақүйі, Hampton by Hilton Turkistan қонақүйі, «Керуен Сарай» туристік кешенінің сыйлық сертификаттары табысталды.

Байқау комиссиясының құрамына бизнес және уәкілетті органдардың өкілдері кіреді. Олар өнімдерді саралап, тоғыз лауреатты анықтады. Жеңімпаздарды облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, Өңірлік кеңес төрағасы Қайнар Абасов, сондай-ақ ӨКП директоры Тимур Нақыпбеков марапаттады.

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясында:

  1. «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ
  2. «Хабибулла-Ата» ЖК
  3. «ART Boilers» ЖШС жеңіске жетті .

 «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясында:

  1. «SEM BRAND» ЖК
  1. «Арай» ӨК
  2. «Арыс Минералды Су» ЖШС

  «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында:

  1. «БӨРТЕ МИЛКА» ЖШС
  2. ТОО Aykan
  3. «Көрік» ЖШС жеңіп алды.

«Карантинге байланысты екі жыл үзілістен кейін отандық кәсіпкерлердің нақты әлеуетін көруге мүмкіндік беретін көрмеге жиналып отырмыз. Ешқандай кедергіге қарамастан, сіздердің байқауға деген қызығушылығыңыз әлі де жоғары екеніне қуаныштымыз. Демек, «Қазақстанның үздік тауары» отандық тауардың сапасын тану саласында беделді байқау екенін көрсетіп отыр. Өндіріс дамып, сапа жақсаруда, бәсекелестік артып, облыстың экономикасы дамып жатыр. Байқауға қатысқан әр өндіруші компания жеңімпаз болуға лайық», – деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов.

Ел аумағында өнеркәсіп, азық-түлік тауарлары мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді өндіруді жүзеге асыратын және өнім сапасының тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз ету және оны жүйелі жақсарту бойынша байқауды ұйымдастырушы растаған оң нәтижесі бар жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар байқауға қатыса алатынын атап өтейік.

Байқау дипломанттары «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының эмблемасымен және дипломдарымен марапатталды. Байқау дипломанттары байқау эмблемасын жарнамалық мақсатта төрт жыл бойы пайдалану құқығына ие болады.

Өңірлік іріктеу жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін республикалық байқауға қатысады. «Қазақстанның Үздік Тауары» республикалық байқауы осы жылдың күзінде өтеді деп күтілуде.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Көлік-логистика саласын цифрландыру бойынша ведомствоаралық жобалық топ құрылды

15.05.2025
Жабдықтар шығындарын өтеу: кәсіпорындар жаңа ынталандыру шарасының артықшылығын пайдаланады

Жабдықтар шығындарын өтеу: кәсіпорындар жаңа ынталандыру шарасының артықшылығын пайдаланады

15.05.2025
ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған