• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 22 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: ЭПИДАХУАЛ АЙЫРЫҚША НАЗАРДА

04.08.2022
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: ЭПИДАХУАЛ АЙЫРЫҚША НАЗАРДА

Соңғы уақытта коронавирус инфекциясының қайта өршуі көпшілікті алаңдатып отыр. Осыған орай, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында облыс аумағындағы коронавирус инфекциясын алдын алу мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға маңыз берілді.

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда PEFA жүйесі бойынша бюджет ашықтығын бағалау аяқталды

21.05.2025
ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы құс етін экспорттауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар жөніндегі Хаттамаға қол қойды

ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы құс етін экспорттауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар жөніндегі Хаттамаға қол қойды

21.05.2025
«Жайлы мектеп» жобасы — орта білім деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама

«Жайлы мектеп» жобасы — орта білім деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама

21.05.2025

Жиында  облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін айтты. Соңғы он күнде коронавирус дертімен 181 адам тіркелген. Өткен тәулікте 11 тұрғын сырқаттанды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ. Облыс бойынша қажетті инфекциялық төсек-орын ұйымдастырылған. Емделушілер арасында жағдайы ауыр ешкім жоқ.

Басқарма басшысы М. Пашимовтың мәлімдеуінше, коронавирустық инфекцияның әр түрлі сценариіне байланысты инфекциялық төсек-орын санын 3 мыңға ұлғайтуға мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта Түркістан облысы КВИ аурушаңдығының көрсеткіші бойынша ҚР бойынша «жасыл» аймақта орналасқан.

Өңірде ревакцинация жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңға 765 мыңға жуық (84,4%) адам егілді. Мамыр айынан бастап қайта ревакцинациядан 30 мыңға жуық адам өтті. Қазіргі кезде елімізде вакциналау әрі ревакциналау үшін екпенің үш түрі бар. Яғни QazVac, Sinopharm, Pfizer вакциналары ұсынылып отыр. Адам ең алдымен 2 дозамен толық вакцинацициядан өтуі керек. Содан кейін 6 айдан кейін иммунитет төмендей бастайды. Оны зерттеулер көрсетіп отыр. Сондықтан мамандар 6 айдан соң 3-дозаны, тағы 6 айдан соң 4-дозаны алуды ұсынады. Оның адам ағзасына кері әсері жоқ. Қайта коронавирус инфекциясына қарсы ұжымдық иммунитетті сақтап тұрады. Жаңа штамдардың шығуына тосқауыл болады.

Түркістан облысының медициналық ұйымдарында коронавирустық инфекцияны емдеу және диагностикалауға арналған клиникалық хаттамасына сәйкес, дәрілік заттар тапшылығын жою мақсатында дәрі-дәрмектің екі айлық резервтік қоры қалыптастырылған. Дәрігерлердің де дайындық шаралары пысықталған. Атқарылып жатқан жұмыстар тұрақты бақылауда.

Бүкіл әлемдегі сияқты, омикрон ВА.5 штамынан болған COVID-19-дың кезекті толқыны биылғы шілдеде елімізде жүргізілген генетикалық зерттеу нәтижелері бойынша зерттелген үлгілердің 70 пайызында анықталған. Коронавирустың қазіргі штамы (Омикрон ВА.5) жоғары жұқпалығымен сипатталады және дельта нұсқасымен салыстырғанда әлдеқайда ауру жеңіл өтеді. Бұл өз кезегінде науқастардың көпшілігінің амбулаториялық жағдайда емделетіндігімен де расталып отыр.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда PEFA жүйесі бойынша бюджет ашықтығын бағалау аяқталды

21.05.2025
ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы құс етін экспорттауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар жөніндегі Хаттамаға қол қойды

ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы құс етін экспорттауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар жөніндегі Хаттамаға қол қойды

21.05.2025
«Жайлы мектеп» жобасы — орта білім деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама

«Жайлы мектеп» жобасы — орта білім деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама

21.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған