• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Жексенбі, 26 Наурыз, 2023
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДА АНА МЕН БАЛА ОРТАЛЫҒЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

03.08.2022
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАНДА АНА МЕН БАЛА ОРТАЛЫҒЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Еліміздегі әрбір бесінші азамат дүниеге келетін, яғни туу көрсеткішінің деңгейі жоғары Түркістан облысында ана мен баланың денсаулығын қорғау маңызды мәселе. Осыған орай, облыс орталығында бой көтеріп жатқан 120 орынға лайықталған Ана мен бала орталығы келесі жылдың соңында пайдалануға берілмек. Бұл туралы өңірге жасаған сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

24.03.2023
ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

24.03.2023
I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

24.03.2023

Министрдің  айтуынша, Түркістан облысында 65 мыңға жуық  бала дүниеге келген. Көрсеткіш жыл өткен сайын өсіп келеді.  Ортылық іске қосылғаннан кейін ауыл тұрғындарының медициналық қызметке қол жетімділігі одан әрі артып, ана мен бала денсаулығына ерекше көңіл бөлінеді.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі осы жылдың тамыз айынан бастап, шалғайдағы ауыл, аудан тұрғындары толық профилактикалық тексеруден өтеді. Ол үшін әрбір ауылға арнайы жылжымалы медициналық көлік жөнелтіледі. Бұдан бөлек еліміздің бас дәрігері халық саны 500-ден асатын барлық елді мекендерге фельдшерлік-акушерлік пункттер салынатынын жеткізді.

Марат Пашимов, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

— Сарыағаш және Ордабасы ауданында екі үлкен перинаталды орталық салынады. Қосымша Арыс қаласында жаңа емхана салынатын болады. Осы қыркүйек айында аталған нысандардың  құрылысы басталады. Жаңа денсаулық сақтау министрі айтқандай, Түркістан қаласында Ана мен бала орталығы салынады. Келесі жылдың соңында пайдалануға беріледі. Ана мен бала денсаулығын жақсар­ту бас­ты назарда болуы қажет. Бұл бағытта мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалар іске қосылып, жан-жақты қолдау шаралары жүргізілуде. Аталған орталық өңір­де­гі аяғы ауыр әйелдер мен кішкен­тай бүл­дір­­шіндері бар отбасы­лар­дың денсаулығын, әл-ауқатын  жақсарту­ға оң септігін тигізеді. Басқарма басшысының айтуынша, ана мен бала өлімі көрсеткіші өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда төмендеген. Өлім-жітімнің алдын алу мақсатында үздіксіз сараптамалар жүргізіліп, жүктілік пен босанудың қауіпсіз технологиялары жетілдірілуде.

Майра Асанова, Түркістан қаласының тұрғыны:

— Бүгінде балаларымыздың ауруына байланысты жылына бір рет Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына жолдамамен барып, ем алады. Жолдың ұзақтығы мен қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты көптеген науқас балаларымыз үлкен қалаларға барып келе алмайды. Сондықтан облыс орталығынан балалар орталығы ашылса нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Тұрғындардың денсаулығы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарып жатқан билікке алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

24.03.2023
ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

24.03.2023
I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

24.03.2023
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

Are you sure want to unlock this post?
Unlock left : 0
Are you sure want to cancel subscription?