• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 12 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА КІРПІШ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

27.07.2022
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА КІРПІШ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласына кезекті жұмыс сапарында жаңадан іске қосылған кірпіш зауытының жұмысымен танысты. Өндіріс ошағы қаладағы арнайы экономикалық аймағында бой көтерген. Маңызды жобаны «Almaty NS Group» ЖШС жүзеге асырып отыр.
Зауыт айына 3 млн. дана керамикалық кірпіш шығарады. Кәсіпорынды салып, қажетті қондырғылармен қамтуға 1 млрд. 720 млн. теңге инвестиция құйылған. Жоба жүзеге асырылғаннан кейін жылына 45 млн. дана кірпіш шығару көзделіп отыр. Кәсіпорынның құрылысы 2021 жылы басталған. Бүгінде құрылысқа қажет материалдармен қамтылып, өндіріске керек пеш пен қондырғылары орнатылған. Қазір кірпіштің алғашқы легі шығарыла бастады. Жалпы зауыттың жылдық қуаттылығы – 45 миллион дана. Мамандардың айтуынша, алдағы бірнеше жылда кірпіш өндірісі жылына 4-5 пайызға өспек. Зауытта 50 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланған.
Одан кейін өңір басшысы С.Қожанов атындағы саябақта Кентау тұрғындарымен кездесіп, сұрақтары мен өтініштерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Биыл сәуір айындағы кездесуде көтерілген мәселелердің басым бөлігі шешімін тапқанын мәлімдеді.
– Биыл сәуір айында Кентауға келіп, тұрғындарды толғандырып жүрген әлеуметтік және басқа да өзекті мәселелерді талқылаған болатынбыз. Міне, бүгін сіздермен қайта жүздесіп, көтерілген мәселелердің шешімін баяндаймын. Жалпы халықпен кездесу мен жеке қабылдау барысында 26 мәселе көтерілді. Оның 15-і өз шешімін тапты, қалған 11-і шешілу үстінде. Әрбір өтініш заң шеңберінде қаралып, тиісті шешімдер қабылданып жатыр, – деген Өмірзақ Шөкеев сол кездесуден кейін қолға алынған бірнеше маңызды бастамаға тоқталды.
Қазіргі таңда Кентау қаласы табиғи газбен қамтылып, қала аумағында тұтынушы санын көбейту жұмыстары жүргізілуде, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на 1981 тұтынушы техникалық шарт алу үшін өтініш берген. Облыстық маңызы бар КХ-56 «Жамбыл облысы шекарасы — Құмкент — Шолаққорған- Ащысай — Р — 31» автомобиль жолының 76-91 шақырымына (Ащысай ауылы мен Ойық ауылының аралығы (15 шқ) орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстары тамыз айында толық аяқталып, нысан қазан айында пайдалануға беріледі. Сонымен бірге тұрғындар өтінініші бойынша Кентау қаласы бойынша мүгедектігі бар бар азаматтар 50 қоларбамен қамтылды. 1 топтағы мүгедектігі бар ересектерге арналған көпфункционалды әмбебап кресло арбаны өтініш беруші әлеуметтік қызметтер порталынан таңдап алған.
– Кентау – өңіріміздегі жалғыз моноқала. Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тұрақты. Негізгі салаларда өсім бар. Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасады. Жалпы Кентау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету 3 кезеңнен тұрады. Қала бойынша газға қосылатын 18 000 абонент бар. Оның ішінде: 1 кезеңмен – 11300, 2 кезеңмен – 3500, 3 кезеңмен – 3200 абонент қамтылмақ, – деді облыс әкімі.
Бүгінгі таңда газдандырудың І-кезең бойынша жұмыстар толық аяқталды. Табиғи газбен қамтудың ІІ және ІІІ кезеңдері нысанында қысыммен тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ол тамыз айының соңында аяқталады деп жоспарланған.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Әрбір өтініштің заң аясында шешілетінін айтқан Өмірзақ Шөкеев кездесуден кейін бірнеше тұрғынды жеке қабылдады.

Оқи отырыңыз...

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

12.05.2025
Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

12.05.2025
Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған