«Отырар аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша үміткерлерді жұмысқа қабылдау мақсатында 2021 жылдың 21 маусымынан бастап «Jumys SmartNation» порталы енгізілді. Бұл электронды жүйесінің басты мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған болса, үміткерлердің құқықтарын тең дәрежеде сақтау алдыңғы орынға қойылған.
Облысымыздағы денсаулық сақтау саласы бойынша орнатылған бұл жүйе үміткерлер үшін тиімді әрі қолжетімді.
Аталған бағдарламада бос жұмыс орындары бойынша портал статистикасы көрсетілген. Ол жерде қабылданған өтініштер мен порталды пайдаланушылар тізімі, жалданған кандидаттар мен бос жұмыс орындары жарияланады. Сонымен құжаттар қабылдаудың басталуы мен аяқталу күні көрсетіледі.
Жұмысқа қабылданушы ең алдымен порталға тіркеліп, өзінің құпия сөзі арқылы қажетті құжаттар мен түйіндемесін жүктейді. Жарияланған бос жұмыс орнының аяқталған күні құжаттарын дұрыс енгізген талапкерлерге тест өтетін орны мен уақыты хабарлама арқылы жіберіледі. Тест тапсыратын күн белгіленгеннен кейін орталық емханада мамандар арнайы емтихан тапсыруға арналған кабинетті жабдықтап, дайындайды.
Өтініш тастағаннан кейін жұмысқа қабылданушының телефонына смс коды мен хабарлама жіберіледі. Тест белгіленген күні үміткердің өзі порталға кіріп, тест тапсырады. Тестте 50 сұрақ болады, тапсыру уақыты 1 сағат. «Jumys SmartNation» жүйесі тесттен өткен үміткердің хаттамасы мен жинаған балын автоматты түрде порталдан шығарады. Емтиханда үміткер кем дегенде 60 пайыз жинауы керек. Осының барлығынан өткен соң видео арқылы комиссия мүшелерімен ортақ сұхбаттасу өтеді. Комиссия мүшелерінің оң шешімін алған үміткер жеңімпаз деп танылып, тұрақты жұмысқа орналасады.
Ауданымызда портал іске қосылған күннен бастап, жалпы 97 орта буынды үміткерден өтініш келіп түсіп, тестке жіберілген. Тестті ойдағыдай тапсырған 31 үміткер ортақ сұхбаттасуға қатысты. Нәтижесінде 11 үміткер жұмысқа қабылданып, бүгінгі таңда өз мамандықтарына сәйкес қызметтер атқаруда.
Ал, техникалық қызметкерлер бойынша 27 үміткер порталға салынып, оның ішінде 8 үміткер комиссияның қортындысы бойынша жұмысқа қабылданды.
Жалпы, аудандық орталық ауруханасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жүйелер мен бағдарламалар тұрақты жүргізіліп келеді. Соның бір дәлелі осы «Jumys SmartNation» жүйесі.