Облыс бойынша қалалар мен аудандарда және ауылдық жерлерде ЭКГ-ны диагностикалауды қашықтықтан енгізуге арналған жүйе қолға алынуда. Бұл жүйе аудан орталығына шалғай жатқан ауыл тұрғындары үшін де қолайлы болмақ.
Науқас жүрегі ауырып ЭКГ аппаратына түсу қажет болса, аудан орталығына немесе қалаға барып кезек күтіп уақыт жоғалтудың керегі жоқ. Бұрын ауыл халқы ЭКГ қызметін тек қалаларда немесе орталық аудандық ауруханада алуға мәжбүр болатын. Енді тұрғылықты жерінде тұрып-ақ ЭКГ аппаратының нәтижесін біле алады. Ол үшін ең алдымен науқас ЭКГ кабинетіне бара жатқанда, бағыт медбикеде көрсетіледі. Медбике электродтарды қояды, науқасты журнал тізімінен таңдайды және сандық сигналды жазады. Жазылған сигнал функционалды диагностика дәрігерінің интерфейсіне түседі. Дәрігер ыңғайлы интерфейстер мен алдын-ала есептеулер арқылы қорытынды жасайды. Науқасқа диагноз қойып, дәрі-дәрмек тағайындап, емделу үшін жолдама бере алады .
Smart-ЭКГ жобасының мәртебесі
-ЭКГ нәтижелерін сандық сақтау. Динамикада ЭКГ-ның барлық алдыңғы нәтижелерімен салыстыру мүмкіндігі артты
-Жасанды интеллект алгоритмдерін қолдану
-Жаңа ЭКГ аппараттарын сатып алуға қаржылық шығындар талап етілмейді
-Жергілікті жабдықты (серверлерді) орнату және оларға қызмет көрсету талап етілмейді
-шығын материалдарына үнемдеу (ЭКГ таспа)-бір пациентке шамамен 50 тг арзан, кардио анализаторларын пайдалану мүмкіндігі (баспа элементі жоқ) кардиографтар-медициналық жабдықтарды 800 мың-1,5 млн теңгеден 100-150 мың теңгеге дейін арзандату
Smart ECG жүйесі электрокардиограммаларды қашықтан шифрын шешуге, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыруға және медициналық мекемелердің шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Медициналық және консультациялық қызметтерді қашықтықтан ұсыну үшін заманауи технологиялар мен телекоммуникация құралдарын пайдаланудың артуына байланысты жобаның таралу әлеуеті жоғары.
Бұл жоба Ұлттық жобалық кеңсе жобаларының тізіліміне енгенін және «қашықтықтан медициналық қызметтерді енгізу» шарасы аясында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жетекшілік ететінін атап өткен жөн.
Smart-ЭКГ функционалдық диагностика дәрігерлерінің жетіспеушілігін болдырмайды. Көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттырады, сонымен қатар қағаз бастылықтан құтқарады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға арналған жоба халық үшін де дәрігер үшін де тиімді болмақ. Бұл функционалдық диагностика МӘМС пакетінің қызметіне кіреді. «KazDevelopment Company» ЖШС өндірген аппарат.