«Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына сәйкес Отырар аудандық орталық ауруханасында науқастардың денсаулығын бақылау және қадағалау мақсатында «SOS» медициналық жүйесі іске қосылды.
Бұл жүйе бойынша қабылдау бөлімінің қызметкері триаж жүйесі бойынша қызыл аймаққа шұғыл және қарқынды медициналық көмекті қажет ететін науқастар түскен кезде «SOS» қызыл нүктені басып, қажетті мамандарды шақыра алады. Қажетті мамандардың ұялы телефонына сол мезетте хабар түсіп, шақыртылған дәрігер қабылдау бөліміне түседі.
«SOS» медициналық жүйесін қолданғалы, емделушілердің қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, уақытты тиімді пайдалану арқылы жедел медициналық көмек көрсету сапасы жоғарылады.
Аталған жүйе аурухананың бөлімшелерінде жұмыс жасайды. «SOS» батырмасы бар құрылғы ем қабылдап жатқан әр науқастың қолына дәрігерді шақырту батырмасы бар білезіктер тағылады. Бұл білезіктерді дер кезінде қолдана отырып, көптеген науқастарға жедел көмек көрсетіледі. Егер науқастың жағдайы қиындап немесе көмекке зәру болса батырманы басу жеткілікті. Батырманы басқан соң қоңырау тікелей кезекші дәрігерге түседі. Инциденттерді анықтау және бақылау бойынша жауапты мамандар тартылады. Бірінші онлайн-режимді бағдарламалық жүйеге түсіп сақталады, құрылғы компанияның Нұр-Сұлтан қаласындағы серверінде сақталып, қажет жағдайда ақпарат аурухана басшылығына жіберіліп отырады.
Емделушілердің қауіпсіздігі ауызша немесе телефондық ақпараттың стандартталған процесі арқылы күшейтіледі. Сонымен қатар қауіпсіздік шарасы Төтенше жағдайлармен байланыса отырып өзара сақталады. «Шұғыл шақыру» батырмасына антитеррор батырмасы орнатылады. Егерде ауруханада келеңсіз жәйттер орын алған жағдайда «антитеррор» батырмасын қабылдау бөлімінің кіші немесе орта қызметкері басу арқылы ІІБ-нің кезекші қызметкерін көмекке шақыра алады.
Батырма аудандық орталық ауруханасына одан кейін емханаға орнатылып, жұмыс жасауда.