• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 15 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

МАҚСАТ – ХАЛЫҚҚА САПАЛЫ ДА ҚОЛЖЕТІМДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

19.07.2022
in Басты ақпарат
МАҚСАТ – ХАЛЫҚҚА САПАЛЫ ДА ҚОЛЖЕТІМДІ  МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «халықтың алыс болашақта емес бүгінгі күні бақытты өмір сүруін қалаймын» дегені әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерге ғана емес, денсаулық сақтау саласына да қатысты. Мемлекет тарапынан халық денсаулығын нығайтуды жақсарту бағытында мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар қабылданып,  жүзеге асырылуда. Соған орай біз Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Орынбасарұлы ПАШИМОВПЕН  елімізде қабылданған «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасын жүзеге асыру және аймақтағы денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде сұхбаттасқан едік.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025
Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

14.05.2025
Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

14.05.2025

– Марат Орынбасарұлы, Үкіметтің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы қабылданды. Ұлттық жобаның мақсаты туралы тарата айтып берсеңіз.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды. Бұл ретте Президент тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы бекітіліп, жүзеге асырылуда.

Халыққа сапалы қызмет көрсету көбінесе біліктілікке және қажетті мамандардың болуына байланысты. Сондықтан ұлттық жобаның бірінші бағыты аясында аса тапшы мамандықтар бойынша резидентуралық білім беру гранттарының санын арттыру, сондай-ақ әлемнің жетекші орталықтарында қарқынды терапияның халықаралық стандарттары бойынша оқытылған дәрігерлер санын көбейту көзделген.

Ұлттық жобаның екінші бағытында биоқауіпсіздік және сәйкестікті бағалау саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін санитарлық-эпидемиологиялық сараптама зертханаларының үлесін үштен бірге дейін арттыру жоспарланған. Сонымен қатар Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілген «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заң қабылданады.

Ұлттық жобаның үшінші бағытында Мемлекет басшысының өткен жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында айтылған тапсырмалар ескерілген. Қолданыстағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ішінде отандық өндірістің үлесін 50 пайызға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу арқылы медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмектің 50 пайызын отандық өндірістен қамту көзделген. Халықаралық стандарттарға сәйкес аккредиттелген зертханалар мен орталықтардың үлесі 100 пайызға жеткізіледі. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығару бойынша кемінде отыз жаңа өндірісті іске қосу жоспарланған.

Ал ұлттық жобаның төртінші бағытын іске асыру арқылы темекі шегу көрсеткіші 19 пайызға төмендейді, сондай-ақ азаматтардың 45 пайызы салауатты өмір салтын ұстанып, 50 пайызы денешынықтырумен және спортпен шұғылданады деген үміт бар. Бұл үшін халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етуді мың адамға шаққанда 53 пайызға дейін арттыру көзделген. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға да жағдай жасалады.

– Ұлттық жобаны жүзеге асыру бағытында облысымызда қандай жұмыстар атқарылуда?

– Ұлттық жобаның бірінші мақсаты – қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсету. Бұрын ауыр науқас түсетін болса, Шымкентке болмаса басқа қалаға тасымалдайтынбыз. Енді орталық ашатын болсақ, ол өз деңгейінде көмек көрсетеді. Одан кейін оны орталыққа апарудың қажеті болмайды. Операция да сонда жасалады. Компьютерлік томограф бар, МРТ қойылады. Құрал-жабдықтардың бәрі ауданда болады. Олар халыққа қызмет көрсетеді. Мамандарды қазір оқытып жатырмыз. Келесі жылға бәрі дайын болады. Түркістан қаласының медицина саласында да үлкен өзгерістер болады. Биыл жыл соңына қарай көп салалы медициналық орталық пайдалануға беріледі. 8 қабатты заманауи ғимарат бір мезетте 570 науқасты қабылдай алады. Мұнда 2 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.

– Марат Орынбасарұлы, халыққа қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсету үшін аудандарда денсаулық сақтау саласын дамыту керектігі белгілі. Бұл бағытта не істеліп жатыр? 

– Түркістан облысында ауыл медицинасын дамытуға күш салып жатыр. Тұрғындар енді операция жасату үшін қалаға бармайды. Себебі жергілікті ауруханалар заманауи құралдармен жабдықталып, білікті дәрігерлер жұмысқа тартылмақ. Келесі жылдан бастап бір-біріне іргелес орналасқан бірнеше ауданның ауруханалары бірігеді. Жанболат Ділдәбеков Түркістан облысының бас трансплантологы. Хирург адам ағзасын ауыстырудан бөлек асқазан, ішек, өт жолы сияқты басқа да күрделі операция жасайды. Білікті дәрігер осыған кейін Түркістан орталық ауруханасын бірнеше жыл басқарды. Жақында Сайрам аудандық орталық ауруханаға ауысты. Енді ол ауылдық жерде де күрделі операцияларды жасай беретін болады. Сайрам аудандық орталық ауруханасы Түлкібас, Төле би аудандарының ауданаралық ауруханасы болып жоспарланып отыр. Күрделі операциялар жасалады. Мысалы, бауыр, асқазан, ішек жолдарына жасалады. Лапароскопиялық операциялардың барлық түрі жасалады. Зат алмасудағы операциялар, семіздік, қант диабеті, барлық операция түрі ендірілді. Сөйтіп, бұрын облыс орталығында ғана іске асырылатын күрделі операциялар аудандық ауруханаларда жасалады. Бұл әсіресе ауыл тұрғындары үшін тиімді болмақ. Тәжірибелі хирургті ауданға ауыстыру үлкен жобаның басы ғана. Айта кетейік, медицина қызметкерлері күніне орай Жанболатқа президенттің «Халық алғысы» медалі табыс етілді.

– Қуанарлық жағдайлар жасалынып жатыр екен. Мемлекет басшысы адал да сапалы еңбекті бағалау, адам еңбегін құрметтеу туралы айтты. Облыста медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен еселі еңбегі қалай бағалануда?

– Медицина қызметкерлері күніне орай өткен Түркістанда салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Арман Сабитов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ақ желеңді абзал жандарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Түркістан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Біз де Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының атынан медицина саласын жақсарту мақсатында еңбек етіп жүрген денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтап, дәрігерлерді ҚР Президентінің «Халық алғысы» медалімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапаттадық.

Облыс бойынша үздік медицина қызметкерлері атанған конкурс жеңімпаздарына да құрмет көрсетілді. Оның ішінде «Үздік ауылдық дәрігері», «Үздік хирург дәрігері», «Үздік терапевт дәрігері», «Үздік эпидемиолог дәрігері», «Үздік фтизиатр дәрігері», «Үздік инфекционист дәрігері», «Үздік педиатр/неонатолог дәрігері», «Үздік гинеколог дәрігері», «Үздік медициналық ұйым» номинациялары бойынша үздіктер марапатталды.

– Марат Орынбасарұлы, дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бағытында қандай жұмыстар жасалуда?

– Облыста 5506 дәрігер және 19101 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді.  Солардың ішінде 3 мыңға жуық медицина қызметкері шетелдің үздік клиникаларында оқып, біліктілігін арттырды, оның ішінде 101 қызметкер АҚШ, Түркия, Ресей елдерінде білімін жетілдірді. Биылдың өзінде мамандардың жоғары кәсіби деңгейлерінің арқасында Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында 6112 және облыстық балалар ауруханасында 5000 ота жасалған.

Мәселен, Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында денсаулығына қауіп төнген науқасқа құрсақ қолқасының аневризмасын эндопротездеуі отасы сәтті жасалды. Облыстық клиникалық ауруханасында озық ангиографиялық кешеннің пайда болуымен дәрігерлер командасы құрылып, МӘМС жүйесінде жоғары технологиялық медициналық көмектің осы түрі енгізілген болатын.

Шұғыл көрсеткіші бар патологиясымен түскен науқасқа барлық ықтимал қауіптер ескеріле отырып, құрсақ аортасының аневризмасын эндопротездеу туралы шешім қабылданды. Жеке стент-графт таңдалды.

Тамыр хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі А.Рыжковтың, рентгенэндоваскулярлық бөлімшенің меңгерушісі С.Гүлметовтың, тамыр хирургиясы бөлімшесінің дәрігері Ж.Тәңірбергеновтің және екі хирургия бригадасының қатысуымен аортаның құрсақ бөлімінің күрделі аневризмасын эндопротездеу, стент-графт орнату операциясы сәтті жүргізілді.

Бірнеше күннен кейін науқас хирургтың амбулаториялық бақылауына шығарылды. Мамандардың білімі мен медициналық мекеменің заманауи жабдықтарының, қан тамырлары хирургиясы бөлімшесің біліктілігінің арқасында осындай ауыр дерттерді емдеуге мүмкіндік туып отыр.

Емдеу мекемелерінің медициналық құрал-жабдықтары да үздіксіз толықтырылуда. Жуырда Түркістанда «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Соңғы үлгідегі жаңа технологиямен жабдықталған балалар оңалту орталығы жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар науқас балаларды қабылдауда. Шалғай жатқан елді мекендерді 11 медициналық пункттермен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

– «Қамқорлық» оңалту орталығының ашылғанын ақпараттар легінен көрдік. Осы мекеме туралы таратып айтсаңыз…

– Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты «Қамқорлық» балалар оңалту орталығы заманауи үлгіде жасақталған. Оңалту орталығының төсек орын саны 50 күндізгі және 10 тәуліктік болып жабдықталған. Жаңа технологиямен жабдықталған «Қамқорлық» балалар оңалту орталығы жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар науқас балаларды қабылдап, ем-дом көрсетеді. Орталықта тұз шахтасы, шунгит бөлмесі, эрготерапия, сенсорлық бөлме, механотерапия, бальнеотерпаия, интерактивті бөлме, емдік дене шынықтыру, ойын бөлмелері бар. Қазіргі таңда мұнда 1-14 жас аралығындағы жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар науқас балаларға көмек көрсетіліп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған байланысты Түркістан облысы әкімдігінің кешенді жоспары бекітілген. Оның 3-бөлімінде балалардың және мүмкіндіктері шектеулі балалардың денсаулығын нығайту мен қорғау шараларын іске асыру жоспарланған.

Балалардың денсаулығын жақсарту, мақсатында Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы балаларға арналған оңалту төсек орындарын көбейтуде. Қазіргі таңда 613 оңалту төсек-орны бар, соның ішінде  балаларға арналған үш оңалту орталығы, бір шипажай мен екі «Қамқорлық» орталығы қызмет атқарып жатыр.

– Халыққа ауру түрлері мен оларға жасалатын ем-дом жолы түсіндіріліп, кәсіби кеңес беру қалай ұйымдастырылған?

– Бүгінде аурулардың түрі көбейгені белгілі. Сол сияқты әлеуметтік желілер арқылы адамдар өз бетінше ем-дом жасау туралы жиі жариялап жатады. Оларды жасаймыз деп кейбіреулер ауруына ауру жамап жатады. Сондықтан біз науқас адамдардың заманауи медициналық қызметтерді пайдаланып, медицина саласының білікті мамандарынан кеңес алуына ерекше мән береміз. Емханалар мен учаскелік дәрігерлер өздерінде тіркелген науқастарды жіті бақылауында ұстап, дұрыс ем алуын, ауруынан айығып кетуін қатты қадағалайды. Оған қоса түрлі әс-шаралар, ашық есік күндерін өткізу арқылы да халықтың денсаулығын тексеріп, тиісті кеңестерді беріп, сапалы ем алуына бағыт сілтеп отырамыз. Мәселен, Облыстық балалар ауруханасында консультативті-диагностикалық емханасында Ашық есік күні өткізілді. Бұл іс-шараға Түркістан облысының штаттан тыс 17 бас мамандары (педиатр, онколог, кардиохирург, кардиолог, сурдолог, хирург, уролог, нейрохирург, травматолог — ортопед, ЛОР дәрігері, эндокринолог, нефролог, невролог, сурдолог, офтальмолог, гастроэнтеролог, аллерголог психолог және логопед) қабылдау жүргізіп, мамандандырылған сапалы кеңес берді.

Жалпы қабылдаған балалар саны – 209, оның ішінде жедел түрде жатқызылған саны – 4, Емдеу жатқызу портал арқылы ота жасауға – 9 науқасқа жолдама берілді және Республикалық жоғары мамандандырылған медициналық көмекке (IV деңгейге) – 2 бала жіберілді. Функционалдық зерттеуден: жүрек ультра дыбыстық зерттеу – 6, нейросонография (ми ультра дыбыстық зерттеу) – 25, ЭФГДС – 2.

Сонымен қатар, балаларға естен кетпес көңіл-күй сыйлау мақсатында мекемеге арнайы декорация құрылып, аниматорлар шақырылып, сыйлықтар үлестіріліп, балаларға медициналық тексеру, ата-анасына кеңес беру шарасы мерекелік сипатта өткізілді. Жалпы халықтың денсаулығын тексеруге, науқастарға кеңес беруге байланысты Ашық есік күндері жыл бойы жүргізіліп отырады. Өйткені, ақ халатты абзал жандардың басты мұраты – халықтың денсаулығын сақтау, сапалы медициналық қызмет көрсету болып табылады.

– Әңгімеңізге рахмет. Жұмыстарыңызға жеміс тілейміз.

«NEWQAZAQ.KZ» ақпараттық порталы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025
Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

14.05.2025
Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

14.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған